Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


И, Й әріптерінің жазылуы

07 ақпан 2015, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
И, й әріптерінің жазылуы
Сабақтың мақсаты: И, й әріптері бар сөздерді дұрыс жазуға үйрету.
Олардың дауысты немесе дауыссыз екенін ажырата білу. Сауаттылыққа тәрбиелеу.
Түрі: Жаңа сабақ.
Әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, іздену
Көрнекілігі: Интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Амандасу, түгендеу.
ә) Үй тапсырмасын тексеру.
- У дыбысын қай кезде дауысты, қай кезде дауыссыз болатынын, олардың жуан не жіңішке болып айтылуы неге байланысты екенін сұрау. У дыбысы бар сөздерді буынға дұрыс бөлулеріне ерекше көңіл аудару.

II. Жаңа сабақ.
Барлығымыз дәптерді ашамыз бүгінгі күнді жазамыз. Бүгінгі сабақтың тақырыбы: И, й әріптерінің жазылуы.
Көркем жазу.
Ии
Йй
Е Р Е Ж Е:
• И әрпі сөз басында және дауыссыз дыбыстан кейін жазылады: икемді, киік, қиын. Дауысты дыбыстан кейін й әрпі жазылады: үй, айна, қаймақ, оймақ.
• И – дауысты, й – дауыссыз дыбыс.
Оқулықпен жұмыс.
42 - жаттығу.
Суреттерге қараңдар, аттарын жазыңдар

Сәйкестендіру тесті:
1. ти... н т
2. и... о
3. киі... а
4.... йнау к
5. Кіт... п і
6.... лгіш ы
7. ад... м м
8. Ти... н а

Шығармашылық тапсырма.
Өлеңді құрастыр.
Абай атам.
Жатқа айтып беремін,
Абай ата өлеңін.

Сергіту сәті:
• 1, 2, 3
• Ал қанеки ұш,
• 4, 5, 6, 7
• Бұл ауылдың шеті,
• 8, 9, 10
• Ал қанеки қон,
• Асықпа да, саспа,
• 1 - ден қайта баста.

Берілген сөздерден сөйлем құрастырып жаз.
Хат жазды Назым. Бейсен көмктесті апасына. Пісірді тамақ Гүлнұр. Кесте Анар тікті. Сайрады бұлбұл. Қарқылдады қарға.
Көп нүктенің орнына и, й әріптерінің тиістісін қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
Ауыл шетіндегі Тастөбе алыстан көрінеді. Балалар осы жерде әртүрлі о... ындар
ойна... ды. Ақ шағалада... ү... лер алыстан көз тартады. Төбе басынан қызылша т... еген маш... налар анық көрінеді.

Көру диктанты.
Мәншүк апай - батыр қыз!
Ардақтаймыз атын біз.
Ұқсап Мәншүк апайға,
Өсіп келе жатырмыз.
Осы сөздерге сөйлем құрап жаз.
Айна. Тиын. Ине. Биші. Алақай!

Қорытынды, бекіту:
жазылады әрпі й кейін дыбыстан Дауысты. жазылады кейін дыбыстан дауыссыз және басында сөз әрпі И
Дұрысы:
И әрпі сөз басында және дауыссыз дыбыстан кейін жазылады. Дауысты дыбыстан кейін й әрпі жазылады.

Үй тапсырмасы:
4 - жаттығу. 49 бет. И дыбысы жуан естілетін сөздерді бір бөлек, и дыбысы жіңішке естілетін сөздерді бір бөлек жазу. И дыбысының кейде жуан кейін жіңішке естілу себебі.
18 525
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
В в дыбысы мен әрпі
В в дыбысы мен әрпі
Оқушыларды В в дыбысының әріп таңбасымен таныстыру. Жаңа сөздерді үйрету. Сөздерге дыбыстық талдау жасату.
Я әрпінің жазылуы
Я әрпінің жазылуы
Я дыбысы мен әрпін таныту. Я дыбысының жазылу емлесін түсіндіру. Жаттығулар орындату арқылы, сөз ішінен я дыбысын өзге дыбыстардан ажырата білуге үйрету. Я әрпінің жазылу, айтылу ережелерін меңгерту.
И, у, ю, я дыбыстарына арналған тест жұмыстары
И, у, ю, я дыбыстарына арналған тест жұмыстары
И, у, ю, я дыбыстарына арналған тест жұмыстары
Я әрпінің жазылуы
Я әрпінің жазылуы
Астана қаласы, Әлкей Марғұлан атындағы №40 орта мектептің Бастауыш сынып мұғалімі Сулейманова Жанылай Анесовна
И, й, у әріптерінің жазылуы
И, й, у әріптерінің жазылуы
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп - гимназиясының бастауыш класс мұғалімі Матаева Жанар Махамбетиярқызы
У дыбысының дауысты болып айтылуы
У дыбысының дауысты болып айтылуы
Сабақтың мақсаты: У дыбысының қай кезде дауысты болатынын түсіндіру. Білімділігі: У дыбысы бар сөздерді дұрыс тасымалдай білуге үйрету.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×