Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Я әрпінің жазылуы

25 қыркүйек 2018, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сауат ашу
Тақырыбы: Я әрпінің жазылуы
Сабақтың мақсаты: Я дыбысы мен әрпін таныту. Я дыбысының жазылу емлесін түсіндіру. Жаттығулар орындату арқылы, сөз ішінен я дыбысын өзге дыбыстардан ажырата білуге үйрету. Я әрпінің жазылу, айтылу ережелерін меңгерту.
Білімділік: Оқушыларға я әрпінің жазылуы және дыбысталу ерекшелігі туралы түсінік беру. Я дыбысының қосарлы дауысты дыбыс екендігін түсіндіру. Сөз ішінде йа дыбыстары естілгенімен жазуды дұрыс жазу үшін я әрпі жазылатындығын түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушыларды я әріптері бар сөздерді дұрыс жазуға дағдыландыру, сөздік қорларын молайту. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Өз ойларын қорытындылау, сұрақтарға жауап беру, ойлану жүйелілігін арттыру.
Тәрбиелік: Адамгершілік пен әдептілік қасиеттерін және достық пен үлкенді сыйлауға баулу. Көркем, сауатты жазуға тәрбиелеу. Оқушыларды ұйымшылдыққа, бірлікке, татулыққа және ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Ой қозғау, түсіндіру, сұрақ - жауап, сөзжұмбақ, суретпен жұмыс
Көрнекілігі: Оқулық, сөзжұмбақ, суреттер
Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу

Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгелдеу, сабаққа дайындау, оқушы назарын сабаққа аудару, жаңа сабақты хабарлау.

II. Үй тапсырмасын сұрау: Ынтымақтастық атмосфера құру
Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға гүл шашылды.
Біз нәзік қыздармыз,
Біз ержүрек ұлдармыз,
Қайырлы күн достарым!
Өткен сабақты пысықтау үшін, ұяшықтарға сұрақтар жасырылған
1. И, й қандай дыбыс
И - дауысты, й - дауыссыз дыбыс
2. И әрпінен кейін қандай дыбыс естіледі?
И дыбысының алдында ы, і естілгенімен, олар жазылмайды: биыл(быйыл емес), киік(кіиік емес)
3. И әрпінен кейін қандай әріп жазылады?
И әрпі сөз басында және дауыссыз дыбыстан кейін жазылады: икемді, киік, қиын
4. Тиын сөзін буынға бөл, неше буын бар?
Ти - ын, 2 буын
5. Әріп дегеніміз не?
Әріп дегеніміз жазу тілінде белгілейтін шартты белгі, дыбыстың жазбаша таңбалануы
6. Дыбыс дегеніміз не?
Дыбыс дегеніміз тілдің дыбыстау мүшелері арқылы айтылып, құлақпен естілетін үн яғни әріптердің ауызша естілуі
7. Дыбыс нешеге бөлінеді?
Қазақ тілінде дыбыстар дауыс қатысына қарай үлкен 2 топқа бөлінеді: дауысты, дауыссыз
8. Жазбаша тіл дегеніміз не?
Жазбаша тіл - адамдардың хабарды жазып беруі
9. Қазақ тілінде неше әріп бар?
Қазақ тілінде барлығы 42 әріп бар
10. Қазақ тілінде неше дыбыс бар?
Қазақ тілінде 40 дыбыс бар
11. У дыбысы қай кезде дауысты, қай кезде дауыссыз болады?
У дыбысы дауысты дыбыстан кейін айтылса, дауыссыз дыбыс болады.(а - у, та - у)
У дыбысы дауыссыз дыбыстан кейін айтылса, дауысты дыбыс болады.(н - у, т - у)
12. У дыбысының жуан, жіңішке айтылуы
Сөздің жуан, жіңішкелігіне қарай сөз құрамындағы у дыбысы да жуан не жіңішке айтылады.
13. Қазір біздің мектебімізде қандай мереке тойланып жатыр?
«22 - қыркүйек - Қазақстан халықтарының тілдері» күні ретінде аталып келеді
14. Он сегізінші қыркүйек күні қандай мереке тойланды?
Әсем қала «Алматыға 1000 жыл»

III. Жаңа сабақ: Я әрпінің жазылуы
1. Ой қозғау: 1). балалар біздің тұратын баспанамызды қалай атаймыз? (Үй)
2). ал құстардың баспанасын қалай атаймыз? (ұя)
3). ұя деген сөзде неше әріп бар?
4). екінші әріп қалай аталады?
2. Оқулықпен жұмыс: 1) Бүгінгі күн ретін жазу
2) Я әрпінің жазылуы
3. Дәптермен жұмыс: 1 - жаттығу Қарамен жазылған сөздерді көшіріп жазып, я әрпінің астын сыз. Я әрпінің қандай дыбыстардан құралғанын айт.
Шырқалса егер аяулы әні -
Құстың ерте оянғаны.
Жапырақтардың сарғайғаны -
Сары күздің таянғаны.
Аяулы - айаулы, оянғаны - ойанғаны, таянғаны - тайанғаны
Сөзде йа дыбыстары естілгенімен жазуда олардың орнына я әрпі жазылады. (мая, сая, қоян). Я - қосарлы дауысты дыбыс

IV. Сөзжұмбақ шешу
Тауық қияр (тақия)
Арқар пияз (қария )
А) Осы сөздермен екі сөйлем құрастыр
Апам маған тақия тікті. Автобуста қарияға орын бердім
Б) Суреттегі зат атауларына байланысты қандай жұмбақ білесің?
1) Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең жылатады. (пияз)
2) Таң азаннан оянады
Елдің бәрін оятады. (тауық)

V. Ой толғаныс: «Қай сөз дұрыс жазылғанын тап»
Айаз - аяз, қойан - қоян, шайан - шаян, ұйалшақ - ұялшақ, жайау - жаяу, тайаз - таяз
«Сиқырлы таяқша» ойыны
Я дыбысына қатысты сөздер ойлату, сөйлем құрату
Пияз, жаяу, аялдама, ояу, таяу

VI. Қорытынды
1. Дыбыс деген не?
2. Әріп деген не?
3. Дыбыстар нешеге бөлінеді?
4. Я әрпі қандай дыбыс?
VII. Үйге тапсырма: 4 - жаттығу, 31 - бет
VIII. Бағалау
Я әрпінің жазылуы. жүктеу
5 107
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Я әрпінің жазылуы
Я әрпінің жазылуы
Астана қаласы, Әлкей Марғұлан атындағы №40 орта мектептің Бастауыш сынып мұғалімі Сулейманова Жанылай Анесовна
Я әрпінің жазылуы
Я әрпінің жазылуы
Атырау облысы, Атырау қаласы №34 лингвистикалық мектеп - гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Жоламанова Райса Жоламанқызы
Я әрпінің жазылуы
Я әрпінің жазылуы
Атырау қаласы, Жанаталап селосы, Жамбыл орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қадесова Салтанат Әлімжанқызы
Й әрпінің жазылуы
Й әрпінің жазылуы
Ақтөбе қаласындағы №34 орта мектептің мектепалды даярлық тобының мұғалімі Сатыгалиева Акмарал Темирхановна
Я әрпінің жазылуы
Я әрпінің жазылуы
Х. Наубетов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сұлтанғалиева Күнсұлу Сәменқызы
Я әрпінің жазылуы
Я әрпінің жазылуы
Исмаилова Ляззат Нуржанқызы, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы, № 182 мектеп , Бастауыш пән мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×