Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бурыл ат

28 қазан 2012, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ақтөбе облысы,
Алға ауданы, Қарақобда ауылы, Қарақобда орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Малаева Индира Жақсылыққызы

Сабақтың тақырыбы: «Бурыл ат» Бердібек Соқпақбаев
Сабақтың мақсаты: Б.Соқпақбаевтың өмірімен, шығармаларымен таныстыру, «Бурыл ат» әңгімесінің негізгі идеясын ұғындыру, мәтінді талдай отырып, аттың қыр-сырын ұғындыру, ұлттық дүние танымын кеңейту, батылдыққа, қайырымдылыққа, намысшылдыққа тәрбиелеу, шығармашылық қабілетін дамыту.

Сабақтың міндеттері:
1. Білімділік: Жазушы өмірімен, «Бурыл ат» әңгімесімен таныстыру, аттың пайдасын, тұрмысқа қажеттілігін айту арқылы білімдерін кеңейту.
2. Дамытушылық: Мәтін бойынша түрлі тапсырмалар орындату, сурет бойынша сөйлету арқылы сөйлеу тілін, қабылдауын, зейінін дамыту, ұлттық сана - сезімін ояту.
3. Тәрбиелік: пәнге деген қызығушылығын арттыру, қазақи мінез қалыптастыру, еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа, жауапкершілікке, топпен жұмыс жасау барысында ұжымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, топқа бөлу, көрнекілік, топтау, баяндау, талдау - жинақтау, «Бес жолды өлең», ой қозғау.
Көрнекіліктер: Буклет, әңгіме мазмұны бойынша сурет, мақал - мәтелдер жазылған плакат, топтау, «Көкпар» ойыны бойынша сурет, кеспе қағаздар, акварель, бағалау парағы, ат суреті, топтар аты жазылған қағаз, Б.Соқпақбаев портреті, «Менің атым Қожа» киносынан үзінді .
Пәнаралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі, бейнелеу, дене шынықтыру.
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі
- амандасу
- оқу - құралдарын түгендеу, топқа бөлу.
- Балалар мына кеспе қағаздарды бір - бірден аламыз. Кімнен құс суреті шықса сол «Құстар» тобына, кімнен жануар суреті «Жануарлар» тобына барады.
- Сабағымызды бағалап, бақылаушы бір адам сайлаймыз. Түстер бойынша бағалап отырады.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
- Үйге қандай тапсырма берілді?
- Қастек Баянбаев «Атқа міндім» үзінді жаттау, сурет салу.
- Әр топтан сұралады, суреттері тақтаға ілінеді.
ІІІ. Үй жұмысын қорыту.

-«Бес жолды өлең» құрастырамыз.
1.Не?...........................................Ат
2. Қандай?..................................Қара, боз
3. Не істейді?..............................Жүгіреді, пысқырады, шабады.
4. Пайдасы..................................Көлік, тамақ, сусын, серік.
5. Мағыналы сөйлем..................Атам мені атқа мінгізіп үйретті.
ІV. Жаңа сабақ
- Балалар сендердің сүйікті киноларың қандай?
- «Менің атым Қожа»
- Негізгі кейіпкері кім?
- Қожа (кинодан үзінді көрсету)
-Осы шығарманың авторы Б.Соқпақбаев
Б.Соқпақбаев өміріне шолу
Белгілі жазушы Б.Соқпақбаев 1942жылы 13 қазанда Алматы облысы, Нарынқол ауданы (қазіргі Райымбек ауданы) Қостөбе деген ауылда дүниеге келген.
1949 жылы Қазақтың Абай атындағы пединститутын бітіріп, туған ауданында мұғалім болып қызмет етеді.
1952-1970 жылдар аралығында «Жұлдыз», «Балдырған» журналдарында, Қазақстан Жазушылыр одағында түрлі қызметтер атқарды. Жазушы мектеп қабырғасында жүргенде-ақ газет - журналдарда өлең - әңгімелерімен көзге түскен. Тұңғыш кітабы «Он алты жасар чемпион» 1951 жылы шықты.
Б.Соқпақбаев шығармаларын оқып отырып, кейіпкерлерімен бірге өзің де балалық шағыңа саяхат шегесің. Жазушының көзі тірісінде 20-дан астам кітабы жарық көрді.
- Бүгін біз «Бурыл ат» әңгімесімен танысамыз.
Мәтінмен жұмыс.
1. Мәтінді сурет бойынша түсіндіру.

Мәреге І болып жеткен Асқар

Аттардың
шабысы

Көмбедегі аттар
2. Кейіпкерлерін топтау
Кейіпкерлері
Өмірәлі Сүлеймен
Асқар
3. Сөздікпен жұмыс
Қағілез- нәзік, жұқа, тіл алғыш, пысық.
Көмбе- ат жарыстың басталатын жері
Төреші- бәйгені жарысқа қосып, қорытындысын шығарушы
Айналма- бұрылыс
Тұрқы- тұлғасы, пішіні.
Шаша- аттың сирағының төменгі жағындағы бір шоқ қыл.
Мәре- жарыстың аяқталғанын белгілейтін жер.
Құлдилата- төмен.
«Аттың болса да құлағында ойнайды»- еркін меңгерген.
«Қаздитып қағып қойған мық шеге тәрізді» - тік отыру.

- Жылқының пайдасы туралы айту.
- Жадыңа жұпта балақай! (Ат әбзелдерімен таныстыру)

4.
І топ ІІ топ
- оқиды - Сұрақтарға жауап беру
- Асқарға мінездеме 1. Әңгімедегі оқиға қандай ұлттық ойын
негізіне құрылған?
2. Жарыс қалай басталады?
3. Бурыл аттың І боп келетініне кім сенімді.
Бурыл ат сенімнен қалай шықты?

- Сурет бойынша мына мақалдарды сәйкестендір

1-сурет: Ат өнері білінбес,
Бәйгеге түсіп жарыспай.
2-сурет: Атты қамшы айдайды,
Ерді намыс айдайды.
3- сурет: Тұлпар шаба жетіледі,
Сұңқар ұша жетіледі.

Сергіту сәті
Ат жасына қарай былай бөлінеді:
1. Құлын 3. Тай 5. Бесті
2. Жабағы 4. Бие
- Балалар, сонымен қатар ат бейнесі еліміздің Елтаңбасында бейнеленген.Халқымыз тұлпардай жүйрік болсын дегенді білдіреді.
5. Ат туралы білетініміз.

Қамбар ата Төрт түлік
тамақ құлындайды
АТ
Саятшылыққа пайдалы 7қазынаның бірі
қымыз
V.Бекіту
- «Көкпар» ойыны
- Теледидардан «Көкпар» ойынын көріп жүрміз бе?
- Мына 4 ат «Құстар» тобыныкі, ал мына 4 ат «Жануарлар» тобыныкі.Мұғалім төреші. Әр топқа 3сұрақтан беріледі. Қай топ қазандыққа көп сұраққа жауап беріп салса сол топ жеңімпаз болады

Сұрақтар:
І топ
1. Жылқы етінен не жасалады?
2. Ат әбзелдерін ата.
3. Ат жастарына байланысты айтып бер.
ІІ топ
1. Ат пірін не дейді?
2. Оза шыққан 3 атты ата (мәтін бойынша)
3. Қымыз пайдасын айтып бер.
VІ.Қорыту
- Балалар, кімнің әңгімесімен таныстық?
- Қандай әңгімесімен?
- Спорттың қай түрі суреттелген?
- Сонда, балалар ат адамға мінсе - көлік, жесе - тамақ, ішсе - сусын. Атты күтіп, баптай білу керек. Оның еті, сусыны жанға дауа.
VІІ. Бағалау
- Түстер бойынша.

№ Аты - жөні Үй тапсырмасы Өзін-өзі ұстауы Оқуы Жаңа сабаққа қатысымы Мәнерлеп сөйлеуі Өз бетінше меңгере алуы Өз ойын айта алуы Баға
1 Қуанышбай Олжас

Қызыл-5 Көк - 4 Сары - 3
Қою - өте жақсы Ақшыл - жақсы Өте ақшыл - қанағаттанарлық
VІІІ. Үй тапсырмасы
- Рөлге бөліп оқу, ат туралы мақал - мәтелдер жазып келу.
9 387
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бос тау жыныстары
Бос тау жыныстары
Тау жыныстары жайлы түсіндіріп, оның анықтамасын беру. Бос тау жыныстарымен таныстыру. Тау жыныстарының түрлерімен таныстыру. Олардың пайдасын ұғындырып, тани білуге жаттықтыру.
Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым»
Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым»
«Үш бақытым» өлеңімен таныстыру. Оқушыларды Мұқағали Мақатаев өмірімен таныстыру; Оқушыларды туған жерін, елін қорғай білуге баулу. Патриоттық сезімдерін ояту және ой белсенділігін арттыру.
Бала Мәншүк
Бала Мәншүк
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жетібай ауылы, «№3 орта мектеп» бастауыш сынып мұғалімі Қазиева Гүлмира
Тәкаппар. Ш. Смаханұлы
Тәкаппар. Ш. Смаханұлы
Ойыл ауданы, Жақсыбайкөл негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Исеғали Жайдар Серікқызы
Жалаң және жайылма сөйлемдер
Жалаң және жайылма сөйлемдер
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Қарақобда ауылы, Қарақобда орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Раимкулова Анаргүл Есенқызы
Тәуелсіздіктің ақ жолы
Тәуелсіздіктің ақ жолы
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Қарақобда орта мектебі информатика пәні мұғалімі Малаева Индира Жақсылыққызы Тәуелсіздік күніне арналған слайд "Тәуелсіздіктің ақ жолы" 1,2
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×