Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тәкаппар. Ш. Смаханұлы

10 сәуір 2014, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың мақсаты:
1) Өлеңді оқу, мазмұнын түсіндіру, сөздікке, сөз тізбектеріне, сөйлем оралымдарына назар аудару, мысалды бөлімдер бойынша әңгімелету, көркем шығармаларды оқуға қызығушылығын ояту.
2) Баланың ой - өрістерін дамыта отырып, балаларды мейірімді, адал болуға, адамгершілікке тәрбиелеу
3) Арам пиғылдан, іштарлықтан бойларын алыс ұстауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, ДЖИКСО (ұжымдық оқыту әдісі), ой - қозғау, ой толғаныс әдісі.
Сабақтың түрі: Жаңа материалдарды игеру сабағы
Сабақтың көрнекілігі: Венн диаграммасы сабағы

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралдарын дайындатып, назарларын сабаққа аудару.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау.
А) Бердібек Соқпақбаевтың «Бұрыл ат» әңгімесін мәнерлеп оқып, мазмұнын айту.
ә) Сынау жүйесі арқылы білімдерін тексеру.
1) Әңгімедегі оқиға қандай ұлттық ойынның желісіне құрылған?
2. Сынампаз қариялар жарысқа қатысатын бурыл ат туралы не айтты?
3. Бурыл аттың бәйгеден бірінші келетініне кім сенімді енді

ІІІ Жаңа сабақ
- Бүгінгі сабақта Шона Смаханұлының «Тәкаппар» (мысалымен) танысамыз. Ой қозғау әдісі. Қызығушылықты ояту.
1) Мысалдың мазмұнын айтып шығу.
2) Бұл өлеңде кейіпкері не?
3) Осы өлең не туралы?
1 Мағынаны тану
Оқулықпен жұмыс
1. Мұғалімнің оқуы
2. Мұғалімнің түсіндірмесі
3. Мәтінмен жұмыс
А) Тізбектей оқу
Ә) Рөлге бөліп оқу

ІҮ Сергіту сәті: «Балық аулау ойыны»
Джиксо әдісі
Оқушыларды үш топқа бөлу
Оқушылар өлеңді оқып, бөліктерге бөліп жоспар құрады.
1. Тәкаппар балық
2. Балықтың қиналуы
3. Балық өз қателігін түсінуі
Тіркес нұсқа
- Енді балалар бәріміз тірек нұсқаға қарайық.
- Мұнда «Тәкаппар» сөзінің мағынасын ашу.
Тәкаппар

Өзімшіл, өзін биікке ұстау, паң, мақтаншақ

Сөздік жұмыс:
Даттапты - сыртынан сөз айту, жамандау
Ой толғаныс әдісі:
Оқушылар Венн диаграммасын толтырады.
- Балалар, «тәкаппар» сөзі қандай қасиетке жатады?
- Жағымсыз
- Олай болса. Жағымды және жағымсыз Венн диаграммасын тапсырайық
Венн диаграммасы бойынша жағымды және жағымсыз қасиеттерді салыстыру.
Ой түйіндеу:
Мысалдағы автордың қортынды ойы айтылған жолдарды тауып, соған сәйкес мақал - мәтел тауып айту
Ү. Үй тапсырмасы: Тәкаппар
ҮІ. Бағалау
9 265
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі
Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі
Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, «Ж. Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Махымова Гульжаухар Бейсембаевна
Сүт қалай ұйықтайды?
Сүт қалай ұйықтайды?
Ойыл ауданы, Жақсыбайкөл негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ажмухамбетова Тамара Иксановна
Бидай мен қаңбақ
Бидай мен қаңбақ
Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы Приозерный негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шамилова Сарагүл Ибрайвна
Мақта қыз бен мысық (ертегі)
Мақта қыз бен мысық (ертегі)
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы, Б. Аманшин атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Махамбетова Сандуғаш Сағынғалиқызы
Ыбырай Алтынсарин «Баланың айласы»
Ыбырай Алтынсарин «Баланың айласы»
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі Курмалова Асель Агисовна
Бурыл ат
Бурыл ат
Б.Соқпақбаевтың өмірімен, шығармаларымен таныстыру, «Бурыл ат» әңгімесінің негізгі идеясын ұғындыру, мәтінді талдай отырып, аттың қыр-сырын ұғындыру, ұлттық дүние танымын кеңейту, батылдыққа, қайырымдылыққа, намысшылдыққа тәрбиелеу, шығармашылық
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×