Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сан есім

17 наурыз 2015, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы. Сан есім, 533 - 537жаттығулар.
Сабақтың мақсаты.
Білімділігі. Сан есім туралы алған білімі мен білігін оқушылардың есіне толық қалыптастыру, және оны күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. Жан жақты білім беру, және сан есімді өз бетінше жұмыс жасау арқылы меңгерту, білімдерін толықтыру.
Тиімді әдіс тәсілдерді пайдалана отырып сөздік қорларын, сана сезімін, ой - өрістерін, дамыту, сонымен қоса қазақ тілінде сауатты сөйлеуге, және шығармашылық қабілетін жақсартуға дамыту.
Бір бірімен ойласып жұмыс жасауға, сауаттылыққа, ұқыптылыққа, ақыл ой әрекеті, ұжымдық ойлау, бір бірімен достық қарым қатынастыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі.
Ереже, үлестірмелі карточкалар, суреттер, жұмбақтар, мақал мәтелдер, алма ағашы суреті т. б.
Әдісі. Сұрақ жауап, түсіндіру, іздендіру, ой қорыту, ой қозғау тапсырмалары.
Пәнаралық байланыс. Ана тілі, математика.

Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық дайындық.
Шырылдады қоңырау,
Біз сабақты бастаймыз.
Орнымызға отырып
Өзара көз тастаймыз.
Жаңа білім алуға
Алға қадам бастаймыз.
Өтілген сабақтармен жұмыс.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Сөз таптарының анықтамасын қайталап шығу.

ІІІ. Жаңа сабақ
Сан есімнің ережесін сұрау.
533 жаттығу. Мақалдарды оқу, сан есімді табу.
Ер бір рет өледі,
Қорқақ мың рет өледі.
Қырық кісі бір жақ,
Қыңыр кісі бір жақ.

ІҮ. Жаңа сабақты меңгерту
534 жаттығу. Жұмбақты оқып жатқа жазу.
Бір ағашта он екі ұя,
Әр ұяда отыз жұмыртқа.
535 жаттығу. Ребусты шешу және сол сөзге сөйлем құрау.
Шешуі, бесеу. Олар бесеу болып циркке барды.

Сергіту сәті.
Оң қолымда бес саусақ.
Сол қолымда бес саусақ.
Қосып едім екеуін,
Болып шықты он саусақ.
536 жаттығу.
Дұрыс жазылғаны, сегізінші. Сегіз (неше
Ойын. «Кім тапқыр»
7санын топтастыру.

Ү. Қорыту.
Сұрақ жауап, іздендіру.
7 шелпек, 7 қазына, 7ата, 7 қарақшы, 7ші мектеп, 7 киелі сан, 7 жұт, 7 құт.
Мақал мәтелдің түсіп қалған санды орнына тауып қою керек.
..... атасын білмеген жетесіз.
..... ауыз сөздің тобықтай түйіні бар.
...... ала болса ауыздағы кетеді.
...... түгел болса төбедегі келеді.

ҮІ. Үйге тапсырма 537 жаттығу.
ҮІІ. Бағалау.
4 837
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім
Оқушылардың білім - білік дағдыларын қалыптастыра отырып, дара және күрделі сын есім туралы мәліметтер беру.
Сан есім. Дара және күрделі сан есім
Сан есім. Дара және күрделі сан есім
Дара сан есім бір сөзден жасалады: бес, алты, бір, үш. Күрделі сан есім екі не одан да көп сөзден жасалады: он тоғыз, екі жүз алпыс төрт, он екінші, қырық бес, бесінші.
Негізгі және туынды сын есім
Негізгі және туынды сын есім
Оқушылардың ой өрісін, танымдық қабілетін, сөздік қорларын дамыту, негізгі және туынды сын есімдерді анықтай түсуге жаттығулар орындау.
Зат есім. Түзете – дамыта оқыту
Зат есім. Түзете – дамыта оқыту
Сауатты жазуға төселдіру, көркем жазуға тәрбиелеу. Ұжымдық жұмысқа үлес қосу үстінде өз бетінше ойлау, іздену әрекетіне баулу.
Сан есім
Сан есім
Ойыл ауданы, Жақсыбайкөл негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ажмухамбетова Тамара Иксановна
Сөз таптары
Сөз таптары
Алимжанова Баян Қартабайқызы Қарағанды облыстық мамандандырылған дарында балаларға арналған музыка мектеп - интернаты
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×