Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сан есім

01 наурыз 2014, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың мақсаты: 1. Сан есімді граматикалық тұрғыдан сөз табы екенін таныту. Олардың зат есіммен байланысын, мәтіннен сан есімді таба білуге үйрету.
2. Байланыстырып сөйлеу дағдысын, ойлау қабілетін дамыту.
3. Адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: тренинг сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру.
Пәнаралық байланыс: математика, орыс тілі.
Көрнекіліктер: сюжетті сурет, үлестірмелі қағаздар.
Сабақтың барысы:

І. Алғашқы ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Өткен сабақты бекіту.
ІІІ. Жаңа сабақ.
- Тренинг сабағының негізгі мақсаты сендерді ұйымшылдыққа, топтасып жұмыс істеуге баулып, ойларыңды бөлісіп, ашық айтуға дағдыландыру.
Оқушыларды 2 топқа бөлу.
1 топ 2 топ
- Мынау не?
- Алма.
- Қай сөз табы?
- Зат есім.
- Алма қандай?
- Алма қызыл. (сын есім).
- Неше алма.
- Бір алма. (сан есім)
ІV. Сан есімнің ережесін еске түсіру.
V. Плакаттармен жұмыс.
Сан есім
- сұрақтары
- құрамы
- мағынасы
Берілген сөйлемді оқып, сан есімді табу. (жеті - реттік)
(екінші - есептік)
VІ оқулықпен жұмыс. 67 - жаттығу. (ауызша)
І бөлім. «Ойлан тап»
Екі топқа жұмбақ жасыру. Орыс тіліне аудару.
1. Екі таяқ,
төрт сылдырмақ,
бір сыпыртқы.
сиыр - корова.
2. Бір үйге көзсіз боп басыңды сұғасың,
Бұл үйден көреген боп шығасың
Мектеп - школа

ІІ бөлім.
Халық айтса, қалт айтпайды.
Мақалдарды мағынасын ашу, сөз таптарын табу. (Зат есім, етістік).
1 топ. Киіміңе мақтанба,
Біліміңе мақтан. (етістікті табу).
2 топ. Ердің атын еңбек шығарады. (зат есім).
VІІ. Оқулықпен жұмыс. 68 - жаттығу
2 топпен 4 оқушы тақтаға жазады.

ІІІ бөлім.
Кім көп біледі?
1. Сан есімдері бар мақал айту.
2. Сан есімдері бар жұмбақ айту.
Өз бетімен жұмыс.
Оқушыларға деңгейлеп тапсырма беріледі. Берілген тапсырмадан сан есімді табу.
VІІІ. Сабақты бекіту.
ІХ. Үйге тапсырма:
Х. Бағалау
5 192
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Негізгі және туынды сыны есім
Негізгі және туынды сыны есім
Кіріктірілген сабақ барысында оқушылардың сын есім, оның негізгі және туынды сын есім болатыны туралы түсініктерін қалыптастыру, мәтіннен сын есімді табуға және оның ағылшын, орыс тілінде аудармаларын білуге дағдыландыру.
Сан есім Факультативтік сабақ жоспары
Сан есім Факультативтік сабақ жоспары
Сан есім туралы білімдерін тереңдету, сан есімнің мағыналық түріне қарай неше топқа бөлінетінін таныстыру. Оқушылар сан есім және сан есімнің түрлерін, есептік сан есімді реттік сан есімге айналдыруды біледі.
Сан есімді қайталау
Сан есімді қайталау
Сан есімнің грамматикалық тұрғыдан сөз табы екенін ұғындыру. Олардың сөйлемдегі сөздерге қатысы мен байланысын анықтай білуге үйрету. Сұрақтар қою арқылы сөйлем ішіндегі сан есімдерді тез таба білуге, ажырата білуге дағдыландыру
Сан есімді бекіту
Сан есімді бекіту
№16 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Аубакирова А. М.
Сан есім
Сан есім
Сапарова Қаламқас Қадірқызы Бастауыш сынып мұғалімі
Негізгі және туынды сын есім
Негізгі және туынды сын есім
Қарағанды қаласы 3 мектеп-гимназиясы бастауыш сынып мұғалімі Исина Сара Қартабайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×