Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Абай Құнанбаев «Сабырсыз, арсыз, еріншек»

21 наурыз 2015, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев «Сабырсыз, арсыз, еріншек»
Сабақтың мақсаты: Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармашылығымен таныстыра отырып, өлеңнің негізгі идеясын ашуға үйрету; адам бойындағы жағымсыз қасиеттерден бойын аулақ ұстауға баулу; көркем мәтінмен жұмыс істей алу дағдысын жетілдіру, түйгендері туралы ой қорытындысын айтқызып жаттықтыру.
Сабақтың әдіс - тәсілі: Сұрақ - жауап, талдау, іздену, қорытындылау
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Оқу нәтижесі: Абайдың шығармашылығы туралы мәлімет алады, өлеңнің мазмұнын меңгереді. Өз ойын еркін айта алады. тіл байлығы дамиды.
Ресурстар: Оқулық, мәтін, суреттер, интерактивті тақта, үлестірме карточкалар
Сыныпты ұйымдастыру: Сәлемдесу, бір - біріне тілек айтқызу арқылы жылы көңіл - күй туғызу
Психологиялық ахуал туғызу.
Сыныптағы жағымды ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыру. Оқушылар бір - бірімен қол ұстасып, тілек айтады. Көңіл - күйлері көтеріледі, жақсы қарым - қатынас қалыптасады. сабаққа қызыға қатысады.

Үй жұмысын тексеру.
1. Мұқтардың атасы қандай адам болған?
2. Мұқтар туралы деректер тыңдау.
Мәтінді әңгімелету.
Сұрақтарға жауап алу.
Үй тапсырмасын пысықтау.
Мұқтардың атасы Абайдың қара сөздерін үйрету себебі неде?
«Ой шақыру»стратегиясы Ойланып жауап берулерін қадағалау
Мақсат қою кезеңі.
«... Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой,
Бес асыл іс - көнсеңіз»
- Тақтадағы үзінді Абайдың қай өлеңінен алынған?
- Бұл өлеңді кім жатқа біледі?
- Абайдың тағы қандай шығармалары бар?
- Абай ата туралы не білеміз?
Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау
«Ой ашу»стратегиясы
Алдын - ала берілген тапсырма бойынша Абайдың өмірбаянын айтқызу Үзіндінің қай өлеңнен алынғанын ойланады.

Сұрақтарға жауап алу.
Биыл Абай атамыздың 170 жылдық мерейтойын тойлайтынымызды айтады.
Абай Құнанбаев - қазақ халқының ұлы ақыны, асыл сөздің зергері. азан шақырып қойған аты - Ибраһим. Әжесі Зере сүйкімді де сүйікті немересін Абай деп еркелеткен. Осыдан кейін Ибраһим атанып кеткен.

Жаңа сабақ: Слайд №1 Операциялық - орындаушылық кезең.
Абай Құнанбаев

Кесте құруларын қадағалау Оқушылардың өздері тауып келген деректерді топ ішінде ортаға салып, сол бойынша кесте құру
Слайд №2
Абай туралы қосымша мәлімет: Өлеңдерінен басқа 3 поэмасы, 45 қарасөзі бар. Абайдың алғашқы өлеңдерін Көкбай Жаңатаевтың атымен жариялаған. Алматыда Абай ескерткіші, Абай көшесі, Абай атындағы университет, Іле Алатауы жоталарында Абай шыңы деп аталатын жерлер бар. Абайдың анасының аты – Ұлжан, әжесінің аты – Зере. Абай кішкентайынан әжесі Зеренің айтқан қызықты ертегілерін тыңдап өседі.
Қызығушылығын ояту Қосымша мәлімет алады.
Слайд №3 «Абай - дана ойшыл»1. 37 - қарасөзінен: «Жаман дос көлеңке, басыңнан күн шалса, қашып құтыла алмайсың, басыңды бұлт шалса, іздеп таба алмайсың»
2. 7 - қарасөзінен: «Жас бала туғанда екі түрлі мінезбен туады: Біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады, біреуі - білсем екен демеклік»
3. 38 - қарасөзінен: «Адам баласын қор қылатын өш нәрсе бар. Ол надандық, екінші – еріншектік, өшінші - залымдық»
Надандық – ғылым - білімнің жоқтығы
Залымдық – адам баласының дұшпаны
Еріншектік – хайуандық
Үлестірме карточкалар тарату Қара сөздерді оқып мағынасын ашу
Слайд№4 «Абай - лирик ақын» Табиғат мезгілдері, оқу білім туралы өлеңдерін жатқа айтқызу Өлеңдерді жатқа айтқызу Оқушылардың алдын - ала берілген тапсырмалары бойынша жауаптарын тыңдау
Слайд №5 «Абай - сазгер» «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем Қаламқас», «Желсіз түнде жарық ай»т. б Таныстыру
Оқулықпен жұмыс. Өлеңнің мазмұнымен таныстыру. Мағынаны тану. Сұрақтар арқылы мәтінді талдау Өлеңді дауыстатып оқыту
Слайд №6. Сергіту сәті. «Желсіз түнде жарық ай»әнін тыңдату Абайдың әнін тыңдату Ән тыңдайды.
Дәптермен жұмыс. Слайд№8
2 - тапсырма

Адамның мінез - құлықтары

Жағымды Жағымсыз

Екі өлеңді «Сабырсыз, арсыз, еріншек» және «Ғылым таппай мақтанба»өлеңдерін салыстыра отырып, өлеңдегі сөздерді пайдала - нып, мына кестені толыр

Түсінгендерін тексеру: рефлексиялық бағалау кезеңі. Оқушыларға тексеру сұрақтарын қою. Оқушылар түсініктерін айтады.
Қорыту. Ұлағатты сөздер:
А. Байтұрсынов: «Абайдан асқан бұрын соңды заманда қазақ баласында біз білетін ақын жоқ. Абайды қазақ баласы тегіс танып, тегіс білуі керек.»
Н. Ә. Назарбаев: «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс»

Оқушылардың пікірін тыңдау
Бекіту «Мен бүгінгі сабақтан не үйрендім?» «нені білмей қалдым?»
Оқушылардың пікірін айтқызу
Үйге тапсырма
Мәнерлеп оқу
Адам бойындағы жағымды қасиеттер туралы әңгіме жазу Тапсырманы деңгейлеріне қарап беру
Бағалау
3 507
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Абай: «Сабырсыз, арсыз, еріншек»
Абай: «Сабырсыз, арсыз, еріншек»
Ұлы ақын А. Құнанбаевтың шығармашылығымен таныстыра отырып, өлеңнің негізгі идеясын ашуға үйрету. Адам бойындағы жағымсыз қасиеттерден бойын аулақ ұстауға баулу.
Сабырсыз, арсыз, еріншек. Абай Құнанбаев
Сабырсыз, арсыз, еріншек. Абай Құнанбаев
Ұлы ақын А. Құнанбаевтың шығармашылығымен таныстыра отырып, өлеңнің негізгі идеясын ашуға үйрету. Адам бойындағы жағымсыз қасиеттерден бойын аулақ ұстауға баулу
Сабырсыз, арсыз, еріншек
Сабырсыз, арсыз, еріншек
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, №15 Сүлеймен Карабалин атындағы жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жолдыбаева Құндыз Батырқызы
Сабырсыз, арсыз, еріншек. Абай Құнанбаев
Сабырсыз, арсыз, еріншек. Абай Құнанбаев
Атырау қаласы, Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жанғазиева Аққайша Сағадиқызы
"Сабырсыз, арсыз, еріншек" Абай Құнанбаев
"Сабырсыз, арсыз, еріншек" Абай Құнанбаев
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Сұттіқұдық ауылы, № 52 Б. Аралбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Мүспенова Күлшара
Абай Құнанбаев «Сабырсыз, арсыз, еріншек»
Абай Құнанбаев «Сабырсыз, арсыз, еріншек»
Мақсаты: 1. Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармашылығымен таныстыра отырып, өлеңнің негізгі идеясына ашуға үйрету.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×