Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мәтін

07 қараша 2012, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Мәтін.
Сабақтың мақсаты:
1. Мәтіннің бөліктері туралы түсінік беру.
Дұрыс құрылмаған мәтінді қайта құру арқылы ондағы сөйлемдердің байланысын көрсету. Мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтау.
2. Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту.
3. Ұйымшылдыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ертегі сабақ
Принциптері: біртұтастық, жүйелілік, ғылымилық.
Әдістері: түсіндіру, көрнекілік, талдау, жинақтау, ой қозғау, мағынасын ашу, ойын
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, сюжетті суреттер, үлестірме қағаздар, «балықтар» шаблондары.

Сабақтың барысы:
І. Бағдарлау – мотивациялық кезең
а) сәлемдесу
ә) Оқушы қызығушылығын ояту.
«Түлкі мен қасқыр» ертегісінің көрінісінің үзіндісі.

Мұғалім: - Балалар, бүгін біздің сабаққа ертегілер елінен қонақтар келіп қалыпты.
Түлкі; - Балалар, бүгін біз сіздерге қонаққа келдік. Ертегіні өз ретімен орналастырып, бізге балық жинауға көмектесіңдер! Әр дұрыс жауапқа бір балық. Кім көбірек балық жинайды, соған сыйлығымыз бар!

Мұғалім: - Бүгінгі сабақта берілген тапсырмаларды орындау арқылы, Түлкі мен Қасқырға балық жинауға көмектесейік. Бүгінгі сабақ балықтар санына байланысты бағаланады.
1 - тапсырма:
Майда бар,
Сайда жоқ. (М әрпі)
№6 - 9 - слайд. Көркем жазу минуты. Мм

2 - тапсырма:
Көру диктанты.
(Ертегіге байланысты сөздер)
Мәтін, түлкі, суат, ауыл, балық, байғұс, құйрық, ойық, қасқыр.
(Слайд арқылы өзін тексеру, бағалау)

ІІ. Операциялық – орындаушылық кезең
Естеріңде болсын!
Мәтіннің құрамындағы сөйлемдердің өз орны болады.
Бір - бірімен байланысты сөйлемдер ғана мәтінді құрайды.
Оқулықпен жұмыс. 59 - бет.
159 - жаттығу жазбаша орындалады. Өлең не туралы екені сұралып, ат қойылады.
- Орындықты қалай жасады?
- Ол үшін не керек?
- Өлеңге ат қой?
Бұл сұрақтар арқылы сабақтың тәрбиелік мәні де ашылады.
160 - жаттығуда орны ауыстырылып берілген сөйлемдерден мәтін құрап жаздыру іске асырылады. Мәтіндегі сөйлемдерді орын - орнына қою. Жаттығуды орындатпас үшін, дұрыс құрылмаған аққала макеті көрсетіледі.
- Аққаладан не байқадыңдар?
- Оның бөліктері дұрыс орналасқан ба?
- Кәне, кім дұрыстап береді?

160 - жаттығудағы сөйлемдерді де аққаланы орналастырғандай дұрыс орнын тауып қояйық. (Интерактивтік тақтада орындалады.)

Тексеру.
Мынау - менің бөлмем. Оның терезелері үлкен. Оң жақта менің төсегім тұр. Сол жақта үстел, орындықтар қойылған. Бөлменің ауасы таза.

Сергіту сәті.
«Ұлпа қарды ұстап ал»
№21 слайд. Кесте «Мәтіннің құрылысы».
Басы, негізгі бөлімі, соңы.
Ұжымдық жұмыс.
“Қасқыр мен түлкі” ертегісі бойынша суреттерді ретімен орналастыру.
Тапсырмалар:
1 - топ. Мәтін деген не?
2 - топ. Сөйлемдегі сөздердің байланысын қалай табады?
3 - топ. Сөйлем деген не?
4 - топ. Сөйлемнің түрлерін ата?
“Түлкі мен қасқыр” ертегісінің бөліктерін анықтау.
Балық аулап келе жатқан шалдың балығын жегісі келген бір түлкі “өлген” болып өтірік жата қалады. (Басы)

Шал көре сала кемпіріме жаға болатын болды ғой деп, шанаға салып алады. Түлкі тіріліп алып балықтарды лақтыра береді. Шана босаған соң өзі түсіп қалады. (негізгі бөлімі)
- Сонша балықты қайдан алдың? – деп қасқыр сұрайды.
- Ауылдың шетіндегі суаттағы ойыққа құйрығыңды батырып отырсаң, көп балық аулайсың” – деп алдайды.
Сөйтіп қасқыр оған сеніп, адамдардан таяқ жеп, құйрығынан айырылып қалған екен. (соңы)

3 - кезең. Рефлексиялық – бағалау кезең.
№26 слайд. Бекіту сұрақтары:
- Мәтіннің бөліктерін ата?
- Мәтіндегі сөйлемдер қалай орналасады?
- Бүгінгі сабаққа қандай қонақтар келді?
- Олар не мақсатпен келді?
- Ертегі немен аяқталды?
- Түлкі мен Қасқырға қыста қорек табу қиын болғандықтан, балық жинауға көмектескен балаларға рақмет айтамыз!
Ұпай саны бойынша бағалау.
10 балық – “5”
9 - 7 балық – “4”
6 - 4 балық – “3”
№28 слайд. Түлкі: - Сау болыңдар, достар! Жақсылықтарыңды ұмытпаспыз.
Қасқыр: - Балалар, рақмет сіздерге! Әрқашан сабақтарыңды жақсы оқыңдар!
Сабақты аяқтау.
13 023
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мәтін
Мәтін
Оқушыларға мәтін туралы түсінік беру. Дұрыс құрылмаған мәтінді қайта құру арқылы сөйлемдердің байланысын көрсету. Мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтау.
Бақылау жұмыстары 2 – сынып
Бақылау жұмыстары 2 – сынып
Есепті шығар. Түлкі мен қасқыр балық аулауға барды. Түлкі 7 балық аулады, ал қасқыр 3 балық аулады. Түлкі мен қасқыр екеуі қанша балық аулады?
Мәтін
Мәтін
Сабақтың тақырыбы: Мәтін
Мәтін туралы берілген ұғымды кеңейту
Мәтін туралы берілген ұғымды кеңейту
Бастауыш сынып мұғалімі: Күлән Керешова
Мәтін
Мәтін
Атырау облысы, Томарлы селосы, Қ. Смағұлов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Құбашева Нағила Ғинаятқызы
Білімді бекіту
Білімді бекіту
Ертегі кейіпкерлері, ойындар арқылы ой өрістерін кеңейтіп, ойлау, есте сақтау, ауызша есептеу қабілеттерін дамыту, математика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×