Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мәтін

10 маусым 2018, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Мәтін
Мақсаты: Оқушыларға мәтін туралы түсінік беру. Дұрыс құрылмаған мәтінді қайта құру арқылы сөйлемдердің байланысын көрсету. Мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтау.
- Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, тірек сөздерді пайдаланып мәтін
құрастыруға, мазмұнына байланысты ат қоя білуге, байланыстырып сөйлеуге
дағдыландыру.
- Сауатты, көркем жазуға баулу. Өз бетінше ізденуге, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Әдісі: түсіндіру, талдау, жинақтау, ой қозғау.
Көрнекілігі: сөзжұмбақ, кесте, ойын, тірек сөздер.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру
Үй тапсырмасын тексеру.
187 - жаттығу.
Құраған сөйлемдерін оқыту.
- Қоян, ою, ұя т. б. сөздерде неше дыбыс, неше әріп бар?
- Дыбыс дегеніміз не?
- Әріп дегеніміз не?
- Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Жуан дауысты дыбыстарды ата.
- Жіңішке дауысты дыбыстарды ата.
- Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Үнді дауыссыз дыбыстарды ата.
- Ұяң дауыссыз дыбыстарды ата.
- Қатаң дауыссыз дыбыстарды ата.

Сөзжұмбақ шешу.
1. Мұртын сипап күн бойы, 2. Қызыл бұжыр айдары бар,
Бетін сусыз жуады. Қоқиланған айбары бар.
Тысырды аңдып күн бойы, Ауық - ауық азан салып,
Тышқанды көп қуады. (мысық) Өңеш керген айқайы бар. (әтеш)

3. Үш тілі тақылдап,
Жаңылмайтын ақылды - ақ. (сағат)
4. Тоққа тисе мұрты ұзын, 5. Кір киімді қалайды,
Табанымен жазық. Өзі кірді жалайды.
Киімдердің қыртысын, Суға түссе шомылып,
Береді тез жазып. (үтік) Дақты жояр талайғы. (сабын)

- Ерекше жолдан қандай сөз шықты?
- Олай болса бүгінгі біздің жаңа сабағымыздың тақырыбы «Мәтін» екен.
- Олай болса дәптерімізді ашайық, бүгінгі күнді, сабақтың тақырыбын жазайық.
Оқулығымызды ашайық.
190 - жаттығу.
І бағандағы сөйлемдерді оқыту.
- Сөйлемдер кім, не туралы?
- Ара, оқушы, апа туралы.
- ІІ бағандағы сөйлемдерді оқыту.
- Бұл сөйлемдер не туралы?
- Ара туралы.
- Енді осы екінші бағандағы сөйлемдердің орнын ауыстырып оқып көрейік.
Мысалы: «Балды омартаға жинайды. Ол гүл шырынымен қоректенеді», - деп, сөйлемнің орындарын ауыстыратын болсақ, әңгіменің не туралы айтылып тұрғанын білеміз бе?
- Жоқ. Әңгіменің не туралы екендігі белгісіз.
Ендеше, екінші бағандағы сөйлемдер бір - бірімен өзара байланыста құрылған. Мұндағы сөйлемдердің барлығы бір ғана ара туралы. Олардың орындарын ауыстыруға болмайды. Мұндай өзара байланысты сөйлемдердің тобын мәтін деп атаймыз. Мәтіннің тақырыбы болады. Осы мәтінге қандай ат қоюға болады?
- Ара.
Ереже қорыту.
Мәтін мағына жағынан өзара байланысты екі немесе одан да көп сөйлемнен құралады. Мәтінге ат қоюға болады.
- Мына суреттен нені байқадыңдар?

Бастауыш сынып мұғалімі: Машкеева Ш.

Мәтін. жүктеу
7 748
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дауысты, дауыссыз дыбыстармен танысайық
Дауысты, дауыссыз дыбыстармен танысайық
Балаларға дауысты және дауыссыз дыбыстардың айтылу ерекшелігі туралы түсінік беру. Жаттығулар орындату арқылы дауысты дыбыс туралы білімдерін жетілдіру.
2 сынып оқушыларына қазақ тілі пәні бойынша білімін анықтауға арналған тест жұмысы
2 сынып оқушыларына қазақ тілі пәні бойынша білімін анықтауға арналған тест жұмысы
2 сынып оқушыларына қазақ тілі пәні бойынша білімін анықтауға арналған тест жұмысы
Ашық және қысаң дауыстылар
Ашық және қысаң дауыстылар
Жақтың кең ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды ашық дауыстылар дейміз. Олар: а, ә, о, ө, е, э. Жақтың тар ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды қысаң дауыстылар дейміз. Олар: ы, і, и, у, ү, ұ.
Дауыссыз дыбыстардың түрлері
Дауыссыз дыбыстардың түрлері
ШҚО, Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы, М. Ломоносов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Заденова Меруерт Жумаханқызы
Дауыссыз дыбыстардың түрлері
Дауыссыз дыбыстардың түрлері
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Тасшағыл ауылы, Т.Амандосов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нургул Жалгасова Кулмановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×