Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ халқының ұлттық киім үлгілері

24 қазан 2015, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ақтөбе қаласы, № 39 қазақ орта мектебінде
Бастауыш сынып мұғалімі Аспантаева Лида Батырбековна

Сабақ тақырыбы: Қазақ халқының ұлттық киім үлгілері
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Конус пішінін жасау тәсілін меңгерту; ұлттық киімдерді конус пішінді үлгілер арқылы құрастыру тәсілін меңгерту;
Дамытушылық: Оқушылардың ұлттық киім жайлы түсінігін кеңейту және киім үлгісін жасауға қызығушылықтарын арттыру, шығармашылықпен жұмыс жасау қабілеттерін арттыру;
Тәрбиелілік: Оқушыларды ұлттық киім үлгісін жасауда ұқыптылыққа, эстетикалық танымдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі және қажетті материалдар: қағаз, мата, желім, қылқалам, қарындаш, қайшы, жіп, циркуль, слайд, интерактивті тақта.
Енбек нысаны: ұлттық киім үлгілері, нұсқау карта, түрлі түсті қағаз, мата, таспа, желім, қайшы

Сабақ барысы: I. Психологиялық тренинг

II. Ереже құру

III. Сабаққа қажетті кіріспе видеофильм
Көрген видеофильмдеріне байланысты сұрақтар:
- Не байқадыңдар?
- Не көрдік?
- Қандай ұлттық киімдерді көрдік?
- Қазір көшеде ұлттық киім киген адамдарды көресіңдер ме?
- Қандай уақыттарда киген?

Қауіпсіздік ережесі
1. Қайшыны біреуге ұсынған кезде, оның ұшын өзіңе қаратып ұста.
2. Қайшыны ашық қалдырма.
3. Қағазды ұстап тұрған саусағыңды қиятын сызыққа жақын ұстама.

Әже бейнесін жасау ретін түсіндіру

Қорытынды сұрақтар мен тапсырмалар:
 Қазақтың ұлттық киімдерінің түрлерін айт.
 Олар қалай аталады?
 Ұлттық мерекелік киімдердің күнделікті киетін киімдерден ерекшелігі қандай?
 Ұлттық киімдерді қалай безендіреді?

Тест тапсырмасы
1. Композиция дегеніміз не?
А) заттың жанынан қарағандағы сұлбасы
Ә) дайын бұйымды бейнелеп салу
Б) түрі, түсі әртүрлі безендіру элементтерін, бөліктерін бір - бірімен сәйкес үйлестіріп, орналастыру
2. Панно дегеніміз не?
А) Бұл қандай да бір мекеменің, үйдің қабырғасын безендіретін сурет
Ә) Шеңбер жасауға арналған құрал
Б) Зергерлік бұйым салатын қобдиша
3. Пішін деген не?
А) Жүннен жасалған бұйым
Ә) Бір заттың басқа материалдан жасалған шағын үлгісі
Б) Көркемделген бедел
4. Фольга дегеніміз не?
А) Алюминий мен қорғасын металдарының қоспасынан дайындалған материал
Ә) Қапталып дайындалған бұйым
Б) Түрлі әшекейлер
5. Кесте дегеніміз не?
А) Бірінші қағаздан жасалған бұйым
Ә) Қазақ халқының қолөнерінің бір түрі
Б) Тігіс түрлері

Бағалау
Қорытынды: Біз нені үйрендік?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 714
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бұйымды ұлттық өрнектермен өңдеу
Бұйымды ұлттық өрнектермен өңдеу
Бұйымды ұлттық өрнектермен өңдеу техникасы мен технологиясынан алғашқы мағлұматтарын беру, ою - өрнектің құдіретін, әрі оюдың мағынасын аша отырып, біз кестемен кестелеудің техникасын меңгеру.
Ұлттық киімдер
Ұлттық киімдер
Ізденімпаздыққа, шығармашылық қабілетін дамытып сабаққа қызығушылығын және ойлау қабілетін арттыру. Үнемділікке, ұқыптылыққа, талғампаздыққа, халықтың ұлттық киімдерін қастерлей білуге тәрбиелеу.
Киізден аяқ киім жасау технологиясы
Киізден аяқ киім жасау технологиясы
Киізден жасалған бұйымдарды көрсету арқылы оқушылардың қолөнерге деген қызығушылығын арттыру. Оқушылардың жүрегіне жол тауып, олардың бойында еліне, жеріне, ұлттық өнерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сәукеле тігу
Сәукеле тігу
Ұлттық бас киімдер жайлы мағлұмат беру және сәукеле тігу тәсілін меңгерту. Оқушыларды салт - дәстүрді және ұлттық ерекшеліктерді сақтауға баулу Оқушылардың эстетикалық талғамы мен қию, өлшеу, әшекейлі заттармен жұмыс істеу әдістерін үйренуге ықпал
Өзбек халқының ұлттық киім үлгілері
Өзбек халқының ұлттық киім үлгілері
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №26 мектеп - гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Шахманова Самал Зиядақызы
Ұлттық қуыршақтар дайындау технологиясы
Ұлттық қуыршақтар дайындау технологиясы
№244 Ы.Жақаев атындағы мектебінің технология пәнінің мұғалімі А.Көбегенова Оқушысы С.Нұржігітова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×