Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өзбек халқының ұлттық киім үлгілері

16 наурыз 2013, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Өзбек халқының ұлттық киім үлгілері.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға өзбек халқы, өзбек халқының ұлттық киім үлгілері туралы түсінік беру, жұмыстың орындалу тәсілін үйрету.
2. Оқушылардың өнерге деген құштарлығын, шығармашылық қабілеттерін, көркемдік шеберлігін дамыту. Сабақта қауіпсіздік техникасы мен тазалық гигиеналық талаптарын орындату.
3. Оқушыларды ұқыптылыққа, үнемділікке, талғампаздыққа, іскерлікке, өзге ұлтты сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Жарыс сабағы.
Топпен жұмыс.
Сабақтың әдіс - тәсілі: топпен жұмыс, көрнекілік, практикалық, ойын.
Сабақ көрнекілігі: Қайшы, клей, сызғыш, қалам, түрлі түсті қағаздар,
Интерактивті тақта, электронды оқулық, бейнетаспа, қима әріптер, қағаздан жасалған қуыршақтар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) психологиялық ахуал.
Қане, қатар - қатар түзеліп,
Оқушыға лайық.
Қолымызды жіберіп, түп - түзу тұрайық.
Бірінші қатар жай отыр
Екінші қатар сен де отыр.
ә) үй жұмысын тексеру.
ІІ. Қызығушылықты ояту.
1.«Сөз ойла, тез ойла» ойыны.

Әр топтың алдында шашылған әріптерден сөз, сөз тіркесін құрастыру.
І топ: ЗҚАҚАТСАН ҚАЗАҚСТАН
ІІ топ: ПӨКТТҰЛЫ КӨП ҰЛТТЫ
ІІІ топ: МЕМКЕТЛЕ МЕМЛЕКЕТ
- Сөздерден сөйлем құрғызу.
ҚАЗАҚСТАН – КӨП ҰЛТТЫ МЕМЛЕКЕТ. (7 - слайд)
- Сөйлемнің мағынасын ашу. (Оқушылардың ойын тыңдау, жауаптарын толықтыру)

2. «Сәйкестігін тап» ойыны (8 - слайд)
Әр суреттің астында сан тұрады. Оқушылар сол санда тұрған киім қай ұлттың киімі екенін анықтау керек. Мысалы, Украин - 4, т. с. с.)
Қазақ -?
Орыс -?
Украин -?
- Сәйкестіксіз қалған киім қай ұлттың киімі деп ойлайсыңдар?
- Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болмақ?
(Сабақтың мақсатымен таныстыру)

ІІІ. Жаңа сабақ
1. Өзбекстан Республикасы туралы шағын мәлімет беру. (Мұғалімнің сөзі, 14 - 19 - слайдтармен көрсетіледі)
2. Өзбек халқының ұлттық киімі туралы әңгімелеу (20 - 22 - слайдтар)
Ерлер - шапан, жейде, шалбар, белбеу.
Әйелдер – шам матадан тігілген көйлек, шапан киеді.
Бас киім ерлерде – тақия, жүн қалпақ.
Әйелдері – орамал, тақия.

ІV. Оқулықпен жұмыс.
- Мәтінді күбірлеп оқыту.
- Мәтінде не туралы айтылғанын сұрау.
- Қандай өрнектерді пайдаланады екен?
- Бұрыш, миндаль өрнектері нені білдіреді?
V. Сергіту сәті.
Оқушылар бейнетаспаға қарап, өзбек халқының биін қайталап билейді.

VІ. Практикалық кезең.
1. Қауіпсіздік ережесін электронды оқулықтан тыңдау.
2. Әр топқа қуыршақ макетін беріп, өзбек халқының ұлттық киімін жасап, қуыршақтарын киіндіру тапсырылады. Топтағы әр балаға жеке жұмыс беріледі.(26 - 27 - слайдтар)
1 - бала: Қыздың көйлегін жасайды
2 - бала: Қыздың шалбарын жасайды
3 - бала: Қыздың тақиясы мен аяқ киімін жасайды
4 - бала. Ұлдың шапанын жасайды
5 - бала: Ұлдың шалбарын жасайды
6 - бала: Ұлдың тақиясы мен аяқ киімін жасайды

VІІ. Рефлексия
1. Әр топ бір - бірінің жұмысын талдау жасап, баға береді.
3 топтың оқушыларын ұйымдастыра отырып қорытынды жасап бағалаймын. «Өте жақсы», «жарайсыңдар», «жақсы», «бәрекелді».
2.«Венн диаграммасын» құру.
Қазақ халқы достық Өзбек халқы

3. «Достық, еңбек» туралы мақал - мәтелмен сабақты аяқтау.
VІІІ. Үйге тапсырма «Елдер достығы» тақырыбына эссе жазу.
42 129
0
  • 40
2 дауыс


Жаңалықтар
Ұлттық киімдер
Ұлттық киімдер
Ізденімпаздыққа, шығармашылық қабілетін дамытып сабаққа қызығушылығын және ойлау қабілетін арттыру. Үнемділікке, ұқыптылыққа, талғампаздыққа, халықтың ұлттық киімдерін қастерлей білуге тәрбиелеу.
Зат есімді қайталаймыз
Зат есімді қайталаймыз
Зат есім туралы өткен сыныпта алған білімдерін еске түсіру. Жаттығулар орындау барысында зат есімдерді тауып, туынды зат есімге айналдыра білуге үйрету.
Киізден аяқ киім жасау технологиясы
Киізден аяқ киім жасау технологиясы
Киізден жасалған бұйымдарды көрсету арқылы оқушылардың қолөнерге деген қызығушылығын арттыру. Оқушылардың жүрегіне жол тауып, олардың бойында еліне, жеріне, ұлттық өнерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Қазақ халқының ұлттық киім үлгілері
Қазақ халқының ұлттық киім үлгілері
Конус пішінін жасау тәсілін меңгерту; ұлттық киімдерді конус пішінді үлгілер арқылы құрастыру тәсілін меңгерту;
Өзбек музыкасы
Өзбек музыкасы
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы ГКС - 12 орта мектебінің музыка пәнінің мұғалімі Алматова Гауһар Жылқыбайқызы
Қазақтың ұлттық киімдері
Қазақтың ұлттық киімдері
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Аудандық көркемсурет лицейінің мұғалімі Құндақбаева Тамара Төлепбергенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×