Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Желтоқсан тағылымы. Мұхтар Шаханов

07 қараша 2015, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Желтоқсан тағылымы. Мұхтар Шаханов
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: өлеңді мәнерлеп оқу; өлеңдегі ақынның айтайын деген ойын ашатындай, оны Отанымыз тарихының үлкен беттеріне алтын әріппен жазылған көтерілісті оқушы түсінетіндей жағдайға әкелу.
Дамытушылық: ойын, қиялын, тілін дамыту.
Тәрбиелік: отан сүйгіштікке, өз елін, жерін қорғай білуге, қаһармандыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, әңгіме, СТО стратегиялары.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.
Алдымыздан кезіккен
Көп танысты көреміз,
Бәріне де ізетпен
Біздер сәлем береміз.

2. Үй тапсырмасын қорытындылау
Баяндамалар
1. Қайрат Рысқұлбеков
2. Ляззат Асанова
3. Сәбира Мұхаметжанова
4. Ербол Сыпатаев.
Сұрақ:
Тәуелсіздік күні қазақ халқына оңай келді ме?

3. Ой қозғау.
Көгінде күн нұрын төккен.
Жерінде гүл жұпар сепкен.
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем

- Балалар, өлеңде не туралы айтылған?
- Отан туралы.
- Ендеше, балалар мынадай сұрақтарға жауап берейік!
- Сенің Отаның?
- Мемлекеттік тіл?
- Киіз үйдің төбесі?
- ҚР - ның рәміздері?
- Қазақстан Елордасы?
- Тұңғыш президент?
- ҚР - ның ақшасы?
- Біз тұратын облыс?
- ҚР - ның бірінші ғарышкері?
- 16 желтоқсан қандай мереке?

Ендеше балалар, 16 желтоқсан - Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған күн.

Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшілік, келісім және жасампаздықтың 22 жылы
- Ендеше бүгнгі өтетін тақырыбымыз Мұхтар Шахановтың «Желтоқсан тағылымы» атты өлеңі.
4. Мағынаны тану.
а) Мұхтар Шаханов жайлы әңгімелеу, суретін көрсету.
ә) Өлеңді мәнерлеп оқу. Талдау.

1 - топқа: Өлеңді іштей оқу.
Мазмұнын әңгімелеуге дайындалу.

2 - топқа: Мазмұнын түсініп оқу.
Түсініксіз сөздерді теру.

Дәптермен жұмыс
Түсініксіз сөздер.
Империя - ірі мемлекет
Нарық - заттың кесімді бағасы, құны.

Әр топқа мұғалім сұрақтар дайындайды.
Мысалы:
1. Ақын Желтоқсан көтерілісін қалай жырлаған?
2. Желтоқсан көтерілісі туралы не білесің?
3. Өлеңнің соңғы төрт жолы саған қандай ой салды?

5. Ойтолғау.
1 - топ - «Тәуелсіздік Қазақстан» туралы эссе жазу
2 - топ - Өлеңді суретпен бейнелеу

Оқушы: Мен мақтанам қазақ болып келгеніме өмірге,
Ешқашанда өкінбеспін айтып тұрған сөзіме
Елім жерім дінім тілім салт – дәстүрім бәрі бар
Неге маған мақтанбасқа қазақ деген еліме

Оқушы: Ресей емес қытай емес қазақ деген жерім бар
Ата бабам қорғап қалған атамекен жерім бар
Тілім де бар өз жұртымның менікі деп айтатын
Менің елім Қазақстан атанады біліп ал!

- Сонымен балалар бұл өлең қазіргі біздің заманымызға сай айтылған, яғни өзіміздің еліміз, тіліміз, дәстүріміз бар екені, бейбітшілік өмір сүріп жатқанымыз турал ы айтылған.
- Ендеше қазір біз ата - бабамыздан, яғни Абылай хан заманынан бастап Қазақстан өз елін қалай қорғағанын және қазіргі біздің заманымызға дейін, тәуелсізідігімізді қалай алғанымызды сахналық түрде көрсетіп сол заманның атақты адамдарының образына кіріп көрсетейік.

6. Сахналық көрініс
- Сахналық көрініс бес бөлімнен тұрады.

І бөлім «Абылай заманы – батырлар заманы»
ІІ бөлім «Қазақтың алып бәйтеректері»
ІІІ бөлім «Азапты соғыс»
ІҮ бөлім «Желтоқсан желі ызғарлы»
Ү бөлім «Тәуелсіздігім - тірегім»
І бөлім «Абылай заманы – батырлар заманы»
Жоңғар ханы
Қазыбек би
Жоңғар ханы: - Иә қазақ айтарыңды айт та жөніңе кет
Қазыбек би: Біз қазақ мал баққан елміз, ешкімге тиіспей жай жатқан елміз, найзамыздың ұшына үкі таққан елміз. Сен қалмақ та, біз қазақ достасқалы келгенбіз. Достасуға көнбесең шабысқалы келгенбіз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 857
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Өтебай Тұрманжанов «Туған өлкем»
Өтебай Тұрманжанов «Туған өлкем»
Өтебай Тұрманжановтың өлеңін түсініп, мәнерлеп оқу, ұлттық құндылық туралы түсінікті кеңейту.
Ө. Тұрманжановтың «Туған өлке»атты өлеңін оқу
Ө. Тұрманжановтың «Туған өлке»атты өлеңін оқу
Ө. Тұрманжановтың «Туған өлке»атты өлеңін оқу. Шығарманы тыңдауға, мағынасын түсініп, қайта айтып беруге үйрету.
Туған өлкем Ө. Тұрманжанов
Туған өлкем Ө. Тұрманжанов
Ө. Тұрманжановтың «Туған өлкем» өлеңімен танысу. Көгінде күн нұрын төккен, Жерінде гүл жұпар сепкен. Неткен сұлу, неткен көркем! Осы менің туған өлкем!
Тәуелсіздік ел – тірегі!
Тәуелсіздік ел – тірегі!
Балалардың Отаны, Рәміздері, Елбасы, желтоқсан оқиғасы, Тәуелсіздік күні туралы түсініктерін молайту. Мәнерлеп тақпақ айтуға, сахналық көріністерді көрсетулер арқылы еліне, отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Тұманбай Молдағалиев "Он алтыншы желтоқсан"
Тұманбай Молдағалиев "Он алтыншы желтоқсан"
Білер қазақ баласы Сәлем сөздің анасы Алдымыздан кезіккен. Көп ұстазды көреміз. Бәріне де ізетпен, Біздер сәлем береміз.
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер
Біріккен сөз туралы түсінік Біріккен сөздердің жазылу ережесі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×