Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тұманбай Молдағалиев "Он алтыншы желтоқсан"

14 желтоқсан 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырып: Тұманбай Молдағалиев "Он алтыншы желтоқсан"

І. Кіріспе
Ұйымдастыру бөлімі

Білер қазақ баласы
Сәлем сөздің анасы
Алдымыздан кезіккен.
Көп ұстазды көреміз.
Бәріне де ізетпен,
Біздер сәлем береміз.

Үй тапсырмасын тексеру
З. Шүкіров. «Ақша қар» өлеңі - жатқа айтқызу.
(3 - 4 оқушыға айттыру).
— Міне, балалар, осы өлеңде жылдың қай мезгілі бейнеленген?
— Қыс мезгілі.
— Қазір қай мезгіл?
— Қыс мезгілі.
— Осы қыс мезгілінің айларын атайықшы?
— Желтоқсан, қаңтар, ақпан.

Қазір сөзжұмбақ шешеміз.
ТӘУЕЛСІЗДІК
Сұрақтары:
Рәміз. (ту)
Қазақтың ханы. (Тәуке)
Жыл басы. (наурыз)
Киелі сан. (жеті)
Бұрынғы астана. (Алматы)
Ресей халқы. (орыс)
Алып жануар. (піл)
Қасиетті ай. (рамазан)
Мұз айдыны. (медеу)
Жыртқыш құс. (бүркіт)
Қазақстан қаласы (Көктөбе)
- Ерекше жолдан қандай сөз шықты?
- Тәуелсіздік
- Дұрыс айтасыңдар.
- Тәуелсіздік дегенді қалай түсінесіңдер?
- Еркін, бостандық, өз бетінше.
- Қандай мереке келе жатыр?
- 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні.
- Қазақстан тәуелсіздігін қашан алды?
- 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздігін жариялады.
- Онда бүгін біз Тұманбай Молдағалиевтың «Он алтыншы желтоқсан» өлеңін өтеміз.

Тұманбай Молдағалиев өміріне тоқтала кетейік
Кітаппен жұмыс
«Он алтыншы желтоқсан» өлеңін оқып, түсіндіру
Тізбектеп оқу.
Сөздік жұмыс жүргізу
Тәуелсіздік - еркіндік
Ерекше – дара, бөлек
Мәңгілік – өмір бойы, өмірлік
Жадымызда – есімізде

Дәптермен жұмыс
- Кәне, балалар, дәптерімізді ашып бүгінгі күннің жадын жазайық та, 16 желтоқсан қандай мереке екендігі есімізде сақталу үшін жазып алайық.
16 желтоқсанды неге Тәуелсіздік мерекесі деп атағанын білесіздер ме? Өйткені, 1986 жылы 16 - 17 желтоқсан күндері жастар өз пікірлерін жоғарыда басқарып отырған ағаларға білдіру үшін шеруге шыққан. Бейбіт тілекпен шыққан жастарды билікке қарсы шыққан деген сылтаумен аяусыз сабаған, тіпті кейбіреулерін өлтірген. Олардың қолында қару болмаған еді. Бар алып шыққаны «Өз елін өз көсемі басқарсын!» деген тақырыптағы қағазға жазылған сөздер еді. Енді осы «Желтоқсан оқиғасына» тоқталайық.
Бейнебаян «Желтоқсан»
- Желтоқсан оқиғасы кезінде жалған жала жабылып, осы оқиғаның құрбаны болған аға - апаларымыз кімдер еді?
Бүгін біз осылардың ішінде Қайрат Рысқұлбеков өмірінен толық мағлұмат аламыз.

Кітаппен жұмыс
«Есіңе сақта» бөлімін оқыту (2 - 3 оқушыға)
2009 жылы 1 қаңтарында «Желтоқсан оқиғасына» қатысқан 32 адамға, соның ішінде Қайрат Рысқұлбеков пен Ләззат Асановаға «Халық батыры» атағы берілді.
1986 - жылғы Желтоқсан уақиғасының Бас қаһарманы — Қайрат Рысқұлбеков небәрі жиырма екі - ақ жыл ғұмыр кешті. Есіл ер зұлым күштің құрбаны болды. Бірақ, өзі кеткенмен, артында мәңгі өлмес ерлік ісі, азаматтық асқақ даңқы қалды.
Қайрат - Батыр. Оның шындық деп шырылдаған дауысы абақтының тас қабырғасын қақыратып, құлағымызға жыр болып жетті.

Кітаппен жұмыс
«Қайраттың жазу дәптерінен» мәтінін оқу (1 - 2 оқушы)
- Мәтінде қорқақтық туралы не делінген? Сенің пікірің қандай?
- Қайраттың асыл міндет деп отырғаны не деп ойлайсыңдар?
Қайрат Рысқұлбековтың қойын дәптерінен өлеңін оқыту (2 оқушыға)

АНА ТІЛІ
«Мен — қазақпын мың өліп, мың тірілген»,
Құшақ жая таныстым сан тілменен. —
«Жаман үйді қонағы билейді» деп,
Қала жаздап айрылып өз тілімнен.
Өзге тілге еліктеп ел болмайсың,
Қазағымның артық жоқ өз тілінен...

АҚТЫҚ СӨЗ
Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар,
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар,
Алам десең, алыңдар!

Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар.
«Еркек тоқты — құрбандық»,
Атам десең, атыңдар.

- Қазіргі кезде, яғни ел Қайрат сынды батырының өшпес ерлігін ұмытпау үшін, болашаққа ерлігін дәріптеу үшін қолынан келгеннің бәрін жасап жатыр. Қайратқа арнап өз туған жерінде ескерткіш орнатылса, оның қабіріне нағыз батырға сай құлпытас орнатылды. 2009 жылдың 17 желтоқсанында Алматы қаласында Желтоқсан құрбандарына арнап ескерткіш ашылды. Ескерткіштің ашылу салтанатында Мұхтар Шаханов Қайрат Рысқұлбековке арнап арнау өлеңін оқыды.
Мұхтар Шахановтың арнау өлеңін тыңдау.

Қорытындылау.
- Бүгін балалар, қандай өлеңмен таныстық?
- Т. Молдағалиевтың «Он алтыншы желтоқсан» өлеңі
- 16 желтоқсан қандай мереке?
- Тәуелсіздік мерекесі.
- Қазақстан тәуелсіздігін қашан алды?
- 1991 жылы 16 желтоқсанда
- Неге бұл күнді Тәуелсіздік мерекесі деп алынған?
- 1986 жылы осы күні жастар алаңға шыққан Желтоқсан оқиғасы болды.
- Желтоқсан құрбандарын кім атайды?
- Қайрат, Ербол, Ләззат, Сәбира.
- Қайрат Рысқұлбеков туралы не білдік?

Ой толғау
Үйге тапсырма
1. Т. Молдағалиевтың «Он алтыншы желтоқсан» өлеңін жаттау.
2. Қайрат Рысқұлбеков туралы мәлімет жинастыру.
5 906
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Т. Молдағалиев. Он алтыншы желтоқсан. Қайраттың жазу дәптерінен
Т. Молдағалиев. Он алтыншы желтоқсан. Қайраттың жазу дәптерінен
Батырдың биік тұлғасын суреттеу арқылы ұлтын сүйетін, елінің болашағына, өсіп - өркендеуіне өз үлесін қосатын табанды азамат тәрбиелеу.
Т. Молдағалиев «Он алтыншы желтоқсан». «Қайраттың жазу дәптерінен»
Т. Молдағалиев «Он алтыншы желтоқсан». «Қайраттың жазу дәптерінен»
Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру, Қазақстан тәуелсіздігі жолында мерт болған қайсар рухты қазақ жастары туралы мағлұмат беру, оқушылардың білімдерін тереңдету, жаңа білім мазмұнын меңгерту.
Т. Молдағалиев «Он алтыншы желтоқсан» «Қайраттың жазу дәптерінен»
Т. Молдағалиев «Он алтыншы желтоқсан» «Қайраттың жазу дәптерінен»
Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру, Қазақстан тәуелсіздігі жолында мерт болған қайсар рухты қазақ жастары туралы мағлұмат беру, оқушылардың білімдерін тереңдету, жаңа білім мазмұнын меңгерту.
Тұманбай Молдағалиев «Он алтыншы желтоқсан»
Тұманбай Молдағалиев «Он алтыншы желтоқсан»
Тұманбай Молдағалиевтың «Он алтыншы желтоқсан» өлеңі мен «Қайраттың жазу дәптерінен» мәтінінің мазмұнымен таныстырып, түсіндіріп, жаңа сабақты меңгерту. Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып, желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау.
Тұманбай Молдағалиев «Он алтыншы желтоқсан» Қайраттың жазу дәптерінен
Тұманбай Молдағалиев «Он алтыншы желтоқсан» Қайраттың жазу дәптерінен
Сатпаев қаласындағы №4 мектеп - лицейінде бастауыш сынып мұғалімі Байжан Халқа Қалжігітқызы
Он алтыншы желтоқсан. Қайраттың жазу дәптерінен
Он алтыншы желтоқсан. Қайраттың жазу дәптерінен
Батырдың биік тұлғасын суреттеу арқылы ұлтын сүйетін, елінің болашағына, өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосатын табанды азамат тәрбиелеу. Оқу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру, байланыстырып сөйлеуін дамыту, өзіндік ой-пікірін айта білуіне баулу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×