Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстанның жер бедері

25 қараша 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қарағанды облысы, Нұра ауданы,
Қ. Шайменов атындағы ЖОББМ
Бастауыш сынып мұғалімі Жағалбайлы Райхан Оспанқызы

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның жер бедері (слайдымен)
Сабақтың мақсаты: Слайд №1 - 2
Білімділігі: Қазақстанның жер бедері жайлы мәлімет беру.
Дамытушылығы: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, өз беттерімен іздене білу дағдыларын дамыту. Картамен жұмыс.
Тәрбиелігі: Туған елінің әсем табиғатын сүйе білуге және алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Слайд. Қазақстанның физикалық карта.
Контурлы карта.
Пәнаралық байланыс: музыка, сурет.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ.

Сабақтың барысы:
І. Психологиялық дайындық.
Табиғат - біздің анамыз, Слайд№3
Табиғатқа баламыз.
Табиғатты қорғайтын,
Біз әдепті баламыз.
Жер байлығы көп екен,
Меңгеруді қалайды.
Осының бәрін меңгертер,
Дүниетану сабағы.

Ұйымдастыру кезеңі:
Балалар, мына суретке қараңдар не көріп тұрсыңдар?
Табиғат суреті.
Дұрыс.
- Табиғат туралы бір - екі ауыз сөз айтайық. (әр оқушы)
Өте жақсы.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Өткен сабаққа шолу жасау.
Балалар, өздерін білетіндей Қазақстан Республикасының жер көлімі ұлан байтақ.
• Ал кім айтады Қазақстан жер көлемі жөнінен дүние жүзі елдерінің ішінде нешінші орында?
Оқушының жауабы:
Ол 2 миллион 724 мың шаршы километр аумақты алып жатқанын білеміз.

• Слайд№4 - 5
• Мына, географиялық картадан қандай мемлекеттермен шекаралас екенімізді кім көрсетеді? Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Қытай, Ресей.
Қазақстанның физикалық картасында қандай түстер бар?
Кім білгіш?
• Жасыл түс – ойпатты жазықтар.
• Сарғыш түс – қыратты жазықтар.
• Қоңыр түс – таулар.
Дұрыс.

Енді біз бүгінгі сабағымызда ұшаққа отырып саяхатқа шығамыз. Мына аялдамаларға тоқтаймыз.
Жазықтар. Жыра. Таулар.

Қазақстанның физикалық картасына қарасақ оның көп жері жазық екендігі бірден көзге түседі. Каспий мен Арал теңіздерінің маңы және еліміздің солтүстік аймақтары тегіс жазық.
Слайд№6 – 7
Жазық деп нені айтады?
Жазық деп құрлық бетінің тегіс немесе сәл белесті алқаптарын айтады.
Слайд№8
Жазықтар қандай жазықтарға бөлінеді?
Жазықтар тегіс және төбелі деп бөлінеді.
Мұғалімнің түсіндірмесі.
Тегіс жазықтың бетінде қырат немесе дөң түріндегі ірі бедерлер кездеспейді. Мұндай жазықпен жол жүріп келе жатқанда көз ұшына дейін теп - тегіс болып көрінеді. Әдетте бұрын теңіз немесе көл басып жатқан жерлер су тартылғаннан кейін осындай тегіс жазыққа айналып отырған. Ондай жерлер физикалық картада бірыңғай жасыл бояумен боялады.

Контурлы картаға осы жазық жерлерді түсірейік.
Музыка ойнау «Сарыарқа»

Слайд№9 – 10
Республикамыздың орта тұсы картада сарғыш және қоңыр түске боялған.
Бетінде төбе көп кездесетін жазықты төбелі жазық деп атайды. Төбе жазықтың үстінде шоқиып оқшау көрінеді. Өйткені ол маңайындағы тегіс жерден ондаған метр биікке көтеріліп тұрады. Картада жасыл бояудың үстіне сарғыш дақтар түсіру арқылы көрсетіледі.
Төбелер бір бірімен жалғаса тұтасып жатса қырат құрайды. Кейде үсті тегіс, бірыңғай қыратты жерлер кездеседі. Олар үстірті жазықтар. Осы жазықтың үстінде төбелер мен қырқалар ретсіз бытырап жатады.

Контурлы картаға осы жазық жерлерді түсірейік.
Музыка ойнау«Сарыарқа»

Шоқы деген не?
Қатты тау жыныстарынан тұратындықтан төбелердің басы сүйір келеді. Ондай төбені шоқы деп атайды.

• Слайд№13 – 15
Ал балалар кім айтады жыра неден пайда болады?

Жазықтарда жыралар жиі кездеседі.
Жыра судың жер бетін жырып, тілімдеуінен пайда болады. Жыраның сайдан қандай айырмашылығы бар?
Оны сайдан ажырата білу керек. Сайдың табаны тегі, екі жақ беткейі түйетайлы келеді. Табаны мен беткейлерінде бұта, шөп өседі. Ал жыраның екі жақ беткейі тік жар, табанында өсімдік өспейді.
Жыра шаруашылыққа өте зиянды. Ол тарамданып ұлғая берсе, егістіктің, бау бақшаның орнын тілімдеп, бүлдіреді. Үй жайды, жолды бұзады. Сондықтан жер бетінің тілімделуіне, жыраның ұлғаюына қарсы күрес жүргізіледі. Оның өсуін тоқтату үшін басталған жеріне ұсақ қиыршық тас, көң, қоқыс төгеді. Түбіне шым тасталып, бұта, ағаш отырғызылады.
Жазықтар құм мен саз жыныстарынан тұрады. Жазықтарда елді мекендер орнайды, егін егіледі, жол салынады.

Сергіту минуты музыка

Слайд№16 – 18
Келесі аялдама таулар:
Тау дегеніміз не?
Жер бетінің ерекше биік тұстарын тау дейді. Таулар төбелер мен қыраттарға қарағанда биік болады. Олардың биіктігі бірнеше жүздеген, мыңдаған метрге жетеді.
Таулар биік таулар және аласа таулар болады. Биік таулардың басынан қысы жазы қар мен мұз кетпейді. Оларды терең шатқалдар тілімдейді. Шатқалдардың түбінде сарқыраған тау өзені ағып жатады. Биік тау беткейінде қалың орман өседі.
Аласа тауларда қар мен мұз жатпайды. Онда көбінесе бұта, шөптесін өсімдіктер өседі. Аласа таулар Сарыарқада көп.
Таулардың пайдасы:
1. Тау – дем алуға қыдырып тынығуға таптырмайтын орын
2. Таудағы жайлауда мал жайылады
3. Шипажайлар: Көкшетауда, Баянауылда, Қарқаралы тауларында
4. Тау етегінде егін егеді, жеміс бағы мен бақша өсірілді
5. Медеу спорт кешені, ондағы спорт кешені әлемге әйгілі

Үгілу деген не? Қатты тау жыныстары қандай күштердің әсерінен бұзылады?
қатты тау жыныстарының бөлшектеніп, ұсақталуын үгілу деп атайды.
Тау жыныстарының бұзылуына өсімдік те өз үлесін қосады. Шөп, бұта, бара бара ағаш ұрықтарының өсуіне жағдай туады. Олардың тамырлары жарықшаққа тереңдей кіріп, жыл сайын жуандай береді. Сөйтіп күннен күнге, жылдар өткен сайын тау жыныстары бірте бірте бұзыла береді.
Үгілген тау жыныстарын бір жерден екінші жерге мұздық. ағын су, жел тасымалдайды. Тау басына жиналған мұз мұздық деп аталады. Жауған қар үнемі үсті үстіне қосыла беретіндіктен мұздықтың көлемі ұлғая түседі.

Контурлы картаға таулы жерді белгілейік.
Сендер белгілеген ше, біз «Сарыарқа» күйін тыңдаймыз.

Адам әрекетінен жер бетінің өзгеруі.
Адамдар өзендерді бөгеп, су қоймаларын жасайды, түрлі пайдалы қазбаларды өндіреді. Жер суару үшін каналдар қазады. Осының бәрі жер бетінің табиғи қалпын бұзады. Қазақстанның кең байтақ жазықтарында биіктігі 15 - 20 м болатын қолдан үйілген төбені кездестіреміз. Оларды Оба деп атайды.
Шахтадан көмір, темір, т. б. кен қабатына жеткенге дейінгі шыққан бос жыныстардың үйінділерін террикондар деп атайды Терра жер, кон конус Қарағанды шахталарының төңірегінде мұндай террикондар көп.

Қорытынды. Рефлексия
Бағалау.
Үй тапсырмасы: 43 бет кестені толтыру, мазмұндау. Сарыарқа

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 956
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жануарлар әлемінің алуан түрлілігі
Жануарлар әлемінің алуан түрлілігі
Оқушылардың ақыл ойын, сөйлеу тілін дамыту, қиялын ұштау. Тапсырмалар арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Қазақстан Республикасында «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктер
Қазақстан Республикасында «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктер
Қазақстан Республикасындағы «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктер түрлерімен таныстырып, түсініктерін қалыптастыру.
Өсімдіктер дүниесі адам қамқорлығына мұқтаж
Өсімдіктер дүниесі адам қамқорлығына мұқтаж
Оқушылардың білімін тереңдету, нығайту, қорытынды жасау. Пәнге деген қызығушылығын арттыру, ой - өрісін, тіл байлығын, шығармашылық тапсырмалар арқылы ақыл - ойын дамыту Табиғатты құрметтеуге, аялай білуге үйрету, еңбекке, адамгершілікке тәрбиелеу
Орманды дала зонасы
Орманды дала зонасы
Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Ғ. Малдыбав атындағы Жаңажол орта мектебінің география пәні мұғалімі Шекенова Гулай Сайлауовна
Таулар
Таулар
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясы Есмурзаева Лазда Адсадыковна
Қазақстанның табиғат зоналары
Қазақстанның табиғат зоналары
М. Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп – интернатының география пәні мұғалімі Нурбаева Мирамгуль Кыдырбаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×