Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстан Республикасында «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктер

24 қаңтар 2019, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Дүниетану 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасында «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктер
Сабақтың мақсаты:
 Білімділік: Қазақстан Республикасындағы «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктер түрлерімен таныстырып, түсініктерін қалыптастыру.
 Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымдарын кеңейту, танымдық қызығушылықтарын арттыру.
 Тәрбиелік: Өсімдіктер әлеміне деген оқушылардың сүйіспеншіліктерін ояту, оларды қорғай білуге баулу, тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктердің суреттері, тақырыпқа байланысты қосымша көрнекіліктер.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлеметсіздер ме, оқушылар!
- Отырыңыздар!
Бүгінгі дүниетану сабағын мен Батырбек Гүлсара өткіземін.
Көңіл күйлерің қалай? Бүгінгі сабаққа барлығымыз дайынбыз ба?
Психологиялық дайындық
Табиғат - біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Табиғатты қорғайтын,
Біз әдепті баламыз.
Жер байлығы көп екен,
Меңгеруді қалайды.
Осының бәрін меңгертер,
Дүниетану сабағы.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
«Кім жылдам» ойыны
Өсімдіктер жайлы не білеміз?
Қандай өсімдіктердің түрлерін білеміз?

Жарық сүйгіш өсімдіктерге қандай өсімдіктер жатады? (жолжелкен, өгейшөп, қоңыраубас);
Ылғал сүйгіш өсімдіктерге қандай өсімдіктер жатады? (беде, бақбақ, қоңырбас);
Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктерге қандай өсімдіктер жатады?( жантақ, сүттіген)
Өсімдіктердің топтасып өсуі жайлы не білеміз?

ІІІ Жаңа сабақ
Балалар біз бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қазақстан Республикасында « Қызыл кітапқа» енген өсімдіктер. Қызыл кітап - бұл қауіп - қатер дабылы. Түрдің бұл кітапқа енгізілуі, оған ерекше көңіл бөлу керек екендігін білдіреді, көбіне арнайы қорғау шаралары қажет, әйтпесе түрдің мүлдем жоғалып кетуі мүмкін. Қызыл кітапқа енгізілген өсімдік ерекше қорғауға алынады. Оларды жинауға тыйым салынған (тек ерекше жағдайда арнайы рұқсатпен ғана).
Қазақстанда өсімдік дүниесінің 307 түрі Қызыл кітапқа енген және оның сақталуына мемлекеттік қорықтар қамқорлық жасайды. Өйткені шөп қоры мал жайылымы есебінде бағалы, ал орман өндіріс үшін керекті материал болып саналады. Сонымен қатар “Қазақстанның Қызыл кітабының” өсімдіктерге арналған бірінші басылымында өсімдіктердің 307 түрі тіркелген. Онда жабықтұқымдылардың 288, ашықтұқымдылардың 2, қырыққұлақ тәрізділердің 3, мүктердің 3, саңырауқұлақтардың 10, қыналардың – 1 түрі берілген.
Ой – қозғау стратегиясы:
- Балалар сендер « Қызыл кітапқа» енген өсімдіктер жайлы білесіңдер ма?
- Өздерің білетін « Қызыл кітапқа» енген өсімдіктер түрлерін атап өтсеңдер.
Келесі кезекте оқушылардың жауаптарын толықтырып Қазақстан « Республикасында « Қызыл кітапқа» енген өсімдіктер жайлы мағлұмат, беру, суреттерімен таныстыру.
1. Тақтамен жұмыс: «Суреттер сөйлейді»

Көктемдік жанаргүл (лат. Adonis vernalis) - көп жылдық, сарғалдақтар тұқымдасы жанаргүл туысына жататын шөп тектес өсімдік. Көктем жанаргүлі — сарғалдақтар тұқымдасына жататын бір немесе көпжылдық шөптесін өсімдік. Биіктігі 20 см - ге дейін. Көктем жанаргүлінің пайдасы дәріханаларда тұнба жасау үшін, ал зауыттарда галенді препараттар мен глюкозидтер алу үшін қолданылады. Көктем жанаргүлі - сирек кездесетін еуроазиялық далалық түр. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
Секпіл шолпанкебіс (лат. Cypripedium guttatum) – сүйсіндер тұқымдасының шолпанкебіс туысына жататын Қазақстанда сирек кездесетін түр. Солтүстік Қазақстан облысы мен Таулы Алтайдың екі жерінде (Марқакөл шұңқыры, Иван жотасындағы Широкий лог шатқалында) кездеседі. Аздаған популяциялары Марқакөл және Батыс - Алтай Қорықтарында қорғалады.

Әдіскер: Сулейменова С. Ы.
Машықкер: Батырбек Г.
Қазақстан Республикасында «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктер жүктеу
20 235
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қызыл кітапқа енген жануарлар
Қызыл кітапқа енген жануарлар
- идеялық жағынан ұқсас мәтіндердегі оқиғалар желісін бағалай отырып, мазмұнның дамуын салыстырып, талдау;
Биоалуантүрлілік
Биоалуантүрлілік
Тақтадан Қызыл кітаптың, сол кітапқа енген жануарлар мен құстардың суреттері көрсетіледі. Оқушылар өздерінің бұрыннан білетін мәліметтерімен бөліседі.
Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер
Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер
Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздер, омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану.
6 сыныпқа арналған факультатив сабақ жоспары
6 сыныпқа арналған факультатив сабақ жоспары
6 сыныпқа арналған факультатив сабақ жоспары. Тақырыбы: Дәрілік өсімдіктердің түрлері мен маңызы.
Қызыл кітап құпиясы
Қызыл кітап құпиясы
№7 Қалалық балабақшаның тәрбиешісі Халматова Райхан Нуртазаевна
Өсімдіктер мен жануарлардың «Қызыл кітабы»
Өсімдіктер мен жануарлардың «Қызыл кітабы»
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы №6 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Дарибаева Ақгүл Абилкасимовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×