Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Білімді мыңды жығар

16 наурыз 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Батыс Қазақстан облысы,
Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылы,
М - С. Бабажанов атындағы ЖОББ мектебі
Қыдырсихова Балбөпе Өтеуғалиқызы

Білімді мыңды жығар
Мақсаты: Сынып оқушыларының пәндер бойынша алған білімдерін байқау, тапқырлыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, топпен жұмыс істей білу.
Түрі: сайыс сабақ
Әдісі: топтық жұмыс, ой қозғау, сұрақ - жауап.
Көрнекілігі: топ аттары, сайыс түрлері, қима қағаздар.

1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Психологиялық дайындық.
Кіріспе сөз. Бүгін біз сендермен «Білікті мыңды жығар» атты интеллектуалды ойынын өткіземіз.
Оқушылар асық арқылы топқа бөлінеді.
1топ Алғырлар
2-топ Білімділер
3-топ Ойшылдар
Әр топ ұрандарын атап, өздерін таныстырады.

I. Қызықты пәндер
1- топ Алғырлар
1. Мәтін нешеге бөлінеді? (3)
2. Адам немен тыныс алады? (ауа)
3. Санды өрнек неден құралады? (саннан)
4. Қойдың төлі? (қозы)
5. 9 - бен 5 - тің көбейтіндісі? (45)
6. Қара алтын деген не? (көмір)
7. Ұлттық аспап не? (Домбыра)
8. Көкжиектің негізгі тұсы нешеу? (4)
9. Пайдалы қазбалар нешеге бөлінеді? (3)
10. Қандай тауықтың етін жеуге болмайды? (піспеген)

2 - топ Білімділер
1. 3 сағат 2 минутта неше минут бар?
2. Дыбыстар нешеге бөлінеді? (2)
3. Өсімдіктің жер асты мүшесі? (тамыр)
4. Ешкінің төлі? (лақ)
5. Дауысты дыбыстардың түрлері? (2)
6. 8 - бен 7 - нің көбейтіндісі? (56)
7. Тас көмір қайда көп? (Қарағанда)
8. Үш биді ата. (Төле, Әйтеке, Қазыбек)
9. Есту мүшесі (құлақ)
10. Ең үлкен үш таңбалы сан? (999)

3- топ Ойшылдар
1. 1 сағатта неше минут бар? (60мин)
2. Аяқталған ойды білдіреді? (сөйлем(
3. Адамға ең қажетті жағдайлар? (ауа, су, жарық)
4. 3 дм неше см (30 см)
5. Сиырдың төлі? (бұзау)
6. Адам денесінің тірегі (қаңқа)
7. 7 - мен 6 - ның көбейтіндісі? (42)
8. Сөйлем мүшелері нешеге бөлінеді? (2)
9. Күй атасы кім? (Құрманғазы)
10. Екі адам 4 сағат жол жүрді. Әрқайсысы неше сағат жүрді.

II. Ой толғаныс. Берілген суреттерден айырмашылықтарды 3 минут ішінде табу. Әр топтың айырмашылығын табуына байланысты қазылар алқасы баға береді.
1-топ.
Піл к3ті, піл к3ті емес, тіл күшті.
100 ден 1еу – шешен, 1000 нан 1еу – көсем.
Өнерлінің қолы 6н.

2-топ.
50 жылда ел жаңа, 100 жылда – қазан.
Ер жігіт 1 сырлы 8 қырлы болсын.
Ел құлағы – 50.

3-топ.
Ер жігіт 1де 1 кісілік, 1де 1000 кісілік.
Ер қаруы – 5 қару.
10 ет өлшеп – 1 рет кес.

ІІІ. Мақалдар сайысы.
Жалғасын тап.
1-топ:
1. Отан оттан да ыстық, (Жалыны бар шоқтан да ыстық)
2. Ел іші – береке, (Көп ісі - мереке)
3. Ер туған жеріне келер,
(Ат тұрған жеріне келер)
4. Еңбек етпей елге өкпелеме, (Теріңді төкпей жерге өкпелеме)
5. Білімдіге дүние жарық, (Білімсіздің күні кәріп )

2-топ:
1. Өнер – ағып жатқан бұлақ, (Білім – жанып жатқан шырақ)
2. Отансыз адам – (Ормансыз бұлбұл)
3. Әр елдің заңы басқа, (Иттері қара қасқа)
4. Болат қайнауда шынығады, (Батыр майданда шынығады)
5. Еңбегіне қарай – құрмет, (Жасына қарай - ізет)

3-топ:
1. Отан үшін күрес, (Елге тиген үлес)
2. Ағайын тату болса ат көп, (Абысын тату болса ас көп)
3. Ер жігіттің екі сөйлегені өлгені, (Еменнің иілгені сынғаны)
4. Еңбегің егіз болса, (Байлығың сегіз болады)
5. Ақылдыға жан қымбат, (Ақылсызға мал қымбат)

Мақалмен жауап.
1-топ:
1. Қар жанады ма? (Қалауын тапса, қар жанады)
2. Етікті қонышынан басып киюге бола ма? (қолыңнан келсе, қонышыңнан бас)
3. Оттан не ыстық? (Отан оттан да ыстық)
4. Отқа түсіп күймеуге бола ма? (Отан үшін отқа түс күймейсің)

2-топ:
1. Ең тәтті не? (Ананың сүті тәтті)
2. Инемен құдық қазуға бола ма? (Білім инемен құдық қазғандай)
3. Шошқа үре ме? (Қорада ит жоқта шошқа үреді)
4. Білгенің қанша, білмегенің қанша? (Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз)

3-топ:
1. Адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі батыр? (Көз қорқақ, қол батыр)
2. Тауық түс көре ме? (Тауықтың түсіне тары кіреді)
3. Ер қаруы нешеу? (Ер қаруы – бес қару)
4. Ер неше рет, қорқақ неше рет өледі? (Батыр бір рет, қорқақ мың рет өледі)

Мақал - тест.
1-топ:
1. Туған жердің.... күйесіз.
А) үйі ә) түтіні б) ары
2. Кәсібі бардың..... бар.
А) нәсібі ә) ақшасы б) бағы
3. Ерінбеген..... су ішеді.
А) електен ә) құдықтан б) шелектен
4. Кітап......, білім тоқығандікі
А) алғандікі ә) оқығандікі б) сатқандікі
5. Кісі аты тершіл, кісі киімі.....
А) ақшыл ә) қалың б) кіршіл

2-топ:
1. Ата - анаң отырған.... төбесіне шықпа.
А) үйдің ә) дөңнің б) төбенің
2. Әкенің қадірін..... болғанда білерсің
А) қарт ә) бастық б) балалы
3. Жығылып жатып..... күлме
А) сүрінгенге ә) жүгіргенге б) тұрғызғанға
4....... уақыт соққан желдей тез өтер
А) тығыз ә) жақсы б) бақытты
5. Шын жолдас.... берік, ерге серік
А) болаттай ә) жауға б) сөзге

3-топ:
1. Сәуір болмай..... болмас
А) тәуір ә) күн б) жаңбыр
2. Жасыңда қылжың болсаң, өскенде.... боларсың
А) ақылды ә) суық б) мылжың
3. Бір аштықтың, бір.... бар
А) тоқтығы ә) тамағы б) берері
4. Анасын сүйгеннің.... сүй
А) өзін ә) баласын б) анасын
5. Отан.... басталады.
А) уйден ә) қаладан б) отбасынан

Көрермендермен жұмыс.
Көрсетілген суреттерге мақал айту (гүл, қыз, ана, кітап, батыр)

Кім тапқыр?
Мақалды қимылмен, ым - ишарамен түсіндіреді. Топтар табуы керек.
1. Қолы қимылдағанның, аузы қимылдар.
2. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
3. Анаға қарап қыз өсер,
Әкеге қарап ұл өсер
4. Таспен атқанды аспен ат
5. Отан оттан да ыстық

Қорыту.
Мұғалім: Міне «Білімді мыңды жығар» атты сайыстан сайыскерлерімізді анықтайтын кезге жеттік.
Алдағы уақытта тек білімнің биігінен көріне беріңдер деген тілекпен сайыс сабағымызды аяқтаймыз.
Сайысқа қатысқан оқушыларымызды мадақтап, марапаттаймыз.
32 724
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Буын түрлері
Буын түрлері
Буын туралы түсінік беру, буынның түрлерімен таныстыру және жасалу жолдарын үйрету.
Бақылау жұмысы
Бақылау жұмысы
Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылы, М-С.Бабажанов атындағы ЖОББ мектебі бастауыш сынып мұғалімі Абдрешова А. Ф.
Білім - жанып тұрған шырақ
Білім - жанып тұрған шырақ
Біз бүгін өздеріңіздің есте сақтау қабілеттеріңді байқау мақсатында. ой – өрістеріңіздің қаншалықты кеңейгендіктерін бақылай отырып, «Білім жанып тұрған шырақ» атты сайысымызды бастаймыз.
Қызықты математика
Қызықты математика
Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Ө. Жолдасбеков атындағы №50 орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Урисбаева Жанат Алдамуратовна
«Ақ бұзау» Жуан дауыстылар: а, о, ы, ұ
«Ақ бұзау» Жуан дауыстылар: а, о, ы, ұ
Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, «Н. Нысанбайұлы атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Олжабай Әсия Құсанқызы
Білімді ұрпақ - ертеңгі болашақ
Білімді ұрпақ - ертеңгі болашақ
Сабақтың тақырыбы: «Білімді ұрпақ – ертеңгі болашақ»
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×