Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Буын түрлері

19 қыркүйек 2018, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Буын түрлері. (Қазақ тілі 5 – сынып)
Сабақтың тақырыбы: Буын түрлері
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларға буын туралы түсінік беру, буынның түрлерімен таныстыру және жасалу жолдарын үйрету.
2. Дамытушылық: оқушылардың есте сақтау қабілеті мен ойлау дәрежелерін дамыту.
3. Тәрбиелік: жауапкершілік пен ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.
Көрнекілігі: Сызба, плакат, үлестірмелі қағаз.
Сабақтың әдісі: Проблемалық әдіс, түсіндіру, оқу, сұрақ - жауап.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.
а) оқушылардың зейінін тұрақтандыру.
ә) сабақтың ұранымен таныстыру.
Зейін қойсаң - ұғарсың,
Іздесең - табарсың,
Талаптансаң - жетерсің.
б) оқушылардың психологиялық тұрғыда сабаққа дайындау мақсатында тренинг өткізу.
(оқушылар қол ұстасып тұрып, бір - біріне сәттілік, жақсы тілектер тілейді.)
Сабақтың оқушыларға тақырыбы мен мақсат - міндеттерін айту. Бүгін сабақта мына кезеңдер бойынша жұмыс жүргіземіз.

1. Қайталау – оқу анасы.
2. Кітап - досың, ақылшың.
3. Білімді мыңды жығар.
4. Кім тапқыр? Ойыны.
5. Біліміңді байқап көр.
1. Қайталау - оқу анасы.
(оқушылардың бұрыннан білетін білімдерін еске түсіру арқылы буын тақырыбынан өткенді қайталау).
а) Бірін – бірі тексеру.(сұрақ - жауап) Буын.
1. Буын дегеніміз не?
2. Балалық - деген сөзде неше буын бар.
3. О - қу - шы - лар са - бақ - қа кел - ді. Деген сөйлемді буынға бөл.
4. Дыбыс нешеге бөлінеді.
5. Дауысты дыбыстардың жігін ата.
6. Жуан сөз айт.
7. Дауыссыз нешеге бөлінеді.
8. Қатаң сөзге мысал келтір.
11. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі.

Буын жеке дауыстыдан және дауысты мен дауыссыз дыбыстардың тіркесінен жасалатын болғандықтан, оның құрамы үнемі бір қалыпты болмайды. Қазақ тілінде буынның үш түрі бар.
Буын
1. Ашық буын. 2. Тұйық буын. 3. Бітеу буын.
Қа - ла, да - ла, ұл, ұн, ант. дос - тық, жаз,
Ата, ша - ға - ла. күз - дік, мал.
А. Сөздерден сөйлем құрастыру.
Сөздік қорды құрайтын түбір сөздердің көбі тұйық және бітеу буынды болып келеді.
2. Кітап – досың, ақылшың.
а) 302 - жаттығу.(ауызша, жазбаша.)
Ашық, тұйық, бітеу буындарға бөліп жазу.
Мына сөздерді: ел, жер, көл, құс, жоқ, ер, бала, дана, ата, мал.
ә) 303 - жаттығу.(ауызша)
Күй құдіреті.
Топтастыру.
ақын ---- Әбунасыр Әл Фараби ------- ойшыл
математик ұлы ғалым философ сазгер
музыка зерттеушісі
б) 305 - жаттығу.(жазбаша)
• Өздерің болашақта қандай маман болуды қалайсыңдар?
• Пікірлеріңді айтыңдар.
3. Білімді мыңды жығар.
а. б +а. б +а. б. (ша - ға - ла, са - на - ма, қа - ла - ға.)
б. б +б. б +б. б. (дос - тар - дың, мек - теп - тер.)
б. б +б. б. (қыз - дар, тас - тар.)
а. б + а. б. (ба - ла, ша - на.)
т. б +б. б. (ұл - дар, ат - тар.)
4. Кім тапқыр?
1. ата. 1. Тұйық буынды сөз.(өрт, ұл, ат.)
2. ат. 2. Ашық буынды сөз.
3. бала. (ата, бала, қала.)
4. тал. 3. Бітеу буынды сөз.
5. қант. (тал, қант.)
6. өрт.
7. ұл.
8. қала.
5. Біліміңді байқап көр.
а) Сөздердің орнын тап.
3 388
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Буын
Буын
Оқушыларға буын және оның түрлері жайында жалпы мағлұмат бере отырып, буын түрлерін меңгерту.
Буын түрлері. Ашық буын
Буын түрлері. Ашық буын
Оқушыларға буын туралы түсінік беру, буынның түрлерімен таныстыру және жасалу жолдарын үйрету.
Буын
Буын
Буын туралы түсінік беру; оқушылардың есте сақтау қабілеті мен ойлау дәрежелерін дамыту; шығармашылыққа баулу, сауатты жазуға, жауапкершілік пен ұқыптылыққа баулу.
Буын түрлері
Буын түрлері
Маңғыстау обылысы, Бейнеу ауданы, Опорный орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қуанова Ләззат Боранбайқызы
Буын түрлері
Буын түрлері
Ақтөбе қаласы, №26 орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Асқарова Гүлмира Амангелдіқызы
Буынның түрлері
Буынның түрлері
Кызылорда облысы, Казалы ауданы Басыкара ауылы, № 182 мектептің әлеуметтік педагогы Кемалова Роза Өмірбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×