Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Екі дос

11 қыркүйек 2017, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Екі дос
Пәні: Әдебиеттік оқу.
Сабақтың мақсаты: а\ Достық туралы түсінік беру. Достықтың маңыздылығын ұғындыру.
ә\Достықты қадірлей, қастерлей білуге, адал дос болуға тәрбиелеу.
б\ Қоршаған ортаны танып білуге деген қабілеттерін дамыту. Қолдың ұсақ моторикасын дамыту.
Пән аралық байланыс: дүниетану, музыка.
Әдісі: сұрақ - жауап, баяндау, түсіндіру.
Түрі: аралас.
Көрнекілігі: мақал - мәтелдер, суреттер.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
Назарларын сабаққа аудару.
ІІ. Өткен сабақты қайталау.
1. Жоспар бойынша әңгімелеу.
2. Сұрақтарға жауап алу.
а) Нанды неге алтыннан да қымбат дейміз?
б) Дәнді дақылдарды ата.

Сергіту сәті. Саусақ гимнастикасы «Достар»

ІІІ. Жаңа сабақ.
Ой қозғау.
1. Алтынға нені айырбастауға болмайды?
2. Достық дегенді қалай түсінесің?.
Оқулықпен жұмыс.
а) Мәтінді түсініп оқу.
ә) Іштей оқыту.
б) Жұппен жұмыс (балалар мәтінді оқып, бір - біріне сұрақ қояды)
- Мұндай батырлардан жаулар неге қорықты?
- Сен достықты қалай түсінесің, құрметтейсің?
-«Төс қағыстырып, дос болыпты»дегенді қалай түсінесің?

3. Суретпен жұмыс. «Достық көмек»
Дидактикалық ойын «Қуыршаққа жиналуға көмектес» /сурет бойынша жұмыс/

IV. Сабақты бекіту.
1.«Мен қандай доспын»тақырыбына эссе жазу.
2. Аңыз мазмұнын қай мақал ашып тұр?
1. Досы көпті жау алмас,
Ақылы көпті дау алмас.
2. Жақсы дос үшін жан пида.

V. Үйге тапсырма.
1. Мәтіннің мазмұнын айту.
2.«Досым саған рақмет!» тақырыбына эссе жаз.
VI. Бағалау.

Әдебиеттік оқу бойынша сабақтың жоспары 3 сынып толық нұсқасын қарау
3 855
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көктем
Көктем
Оқушыларға мәтінді оқыта отырып, түсініп оқу дағдысын жетілдіру. Оқушылардың туған елін, жерін сүюге, табиғаттың әсемдігін суреттей білуге тәрбиелеу.
Шөптегі шық қандай болады
Шөптегі шық қандай болады
Көктем туралы ұғымдарын кеңейту, шығармашылық жұмысқа жетелей отырып, көркем сөйлей білуге үйрету.
Адамның бәрі бірдей неге ақылды емес?
Адамның бәрі бірдей неге ақылды емес?
Әңгімені оқытып, мазмұнын ашу, жақсы мен жаман қылықтар туралы түсінік беру.
Менің атым Қожа
Менің атым Қожа
Б. Соқпақбаев өмір баянынан түсінік беру. Қожа арқылы қазақ халқының тұрмыс - тіршілігін әңгімелеу.
Алтыннан да ардақты
Алтыннан да ардақты
Нанның қадір қасиеті, адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру. Адам еңбегін бағалай білуге, нанды қастерлеуге тәрбиелеу.
Өзін-өзі жеңген бала
Өзін-өзі жеңген бала
Оқушыларға жақсы жаман қасиеттер туралы түсінік беру. Жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×