Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көктем

12 қыркүйек 2017, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Көктем

28 сабақ
Әдебиеттік оқу.
Сабақтың мақсаты: а\Білімділігі: Оқушыларға мәтінді оқыта отырып, түсініп оқу дағдысын жетілдіру.
ә\Тәрбиелілігі: Оқушылардың туған елін, жерін сүюге, табиғаттың әсемдігін суреттей білуге тәрбиелеу.
б\Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын, тілін дамыту.
Пән аралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі.
Әдісі: сұрақ - жауап, сөздік.
Түрі: аралас
Көрнекілігі: Туған жердің табиғаты бейнеленген сурет, көктем туралы өлең.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
Назарларын сабаққа аудару.
ІІ. Өткен сабақты қайталау.
1. Мәтіннің мазмұнын айту.
2. Қазақ даласының кеңдігі туралы сурет бойынша әңгімелеу.
3. Жыл мезгіліне байланысты мақал - мәтелдер айтып мағынасын түсіндіру.
Сергіту сәті. Сөйлеуде тыныс алуды дамытуға арналған жаттығу «Көбелек ұш»
- Сендердің әрқайсысыңда жіпке тоғылған көбелек бар, соларға үрлейік.
Көбелек ұшты, бәріміз үрлейміз. Үрлейміз - үрлейміз.

ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Кіріспе әңгіме.
а) Сурет бойынша табиғатты сипаттау..
ә) Өздерінің туып өскен жерлері туралы айту.
б) Орал қаласы туралы не айтуға болады?
2. Өлеңнің жалғасын тапқызу.
Керекті сөздер: қоймайтын, тоймайтын, түндері, күндері, ауасы.
Сергіту сәттері.«Есте сақтауын дамыту»
Орнымыздан тұрайық
Ал алақанды соғайық
Бір отырып, бір тұрып
Біз тынығып алайық

3. Мәтін мен жұмыс.
а) Қ. Шаңғытбаев туралы айту.
ә) Өлеңді мәнерлеп оқу.
б) Өлеңге байланысты берілген сұрақтармен жұмыс.
- Жазушы көктем табиғатын қалай суреттеген?
- Сұлу табиғат дегенді қалай түсінесің?
- Еліміздің табиғаты көркем қандай жерлерді білесің?
- Өз туған жеріңді қалай суреттер едің?

IV. Сабақты бекіту.
Ой толғау.
- Мәтін не туралы?
- Бүгін біз қандай жаңа ақпарат алдық.
V. Үйге тапсырма. 1. Өлеңнен көркем сөз тіркестерін табу.
2. Өлеңді оқып көкек айын сипатта.
Бағалау.
1 798
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Өзен. Көл
Өзен. Көл
туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, құрметпен қарауға тәрбиелеу. сөздік қорын, тіл байлықтарын дамыта отырып, көркем сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
Көшер кезде
Көшер кезде
Ойын, есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып, көктем мезгіліндегі табиғат ерекшеліктерін сүйе білуге тәрбиелеу. Көктем келбетіне, көктемгі ерекше табиғи көрінісіне деген қызығушылықтарын дамыту.
Бозторғай – дала сәні
Бозторғай – дала сәні
Табиғатты сүюге, аялай білуге тәрбиелеу, құстарды қамқорлыққа алуға тәрбиелеу. Өз сөздерімен әңгімелеп беруге, ойлау қабілеттерін дамытып, сөздік қорын молайту.
Шөптегі шық қандай болады
Шөптегі шық қандай болады
Көктем туралы ұғымдарын кеңейту, шығармашылық жұмысқа жетелей отырып, көркем сөйлей білуге үйрету.
Өтірік өрге баспайды
Өтірік өрге баспайды
Оқушыларға мәтінді оқыта отырып, түсініп оқу дағдысын жетілдіру, дам бойындағы жат қылықтар туралы түсінік беру. Өтірік, өсек, мақтаншақтық сияқты жат қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеу.
Алтыннан да ардақты
Алтыннан да ардақты
Нанның қадір қасиеті, адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру. Адам еңбегін бағалай білуге, нанды қастерлеуге тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×