Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көп таңбалы сандарды қосудың және азайтудың жазбаша тәсілдері

07 желтоқсан 2017, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Математика
Сабақтың атауы: Көп таңбалы сандарды қосудың және азайтудың жазбаша тәсілдері
Сілтеме: Математика оқулығының әдістемесі, мұғалімге арналған нұсқаулық.
Сабақтың жабдығы: АКТ, бейнебаян, қағазға жазылған сөздер, сандар, есептер, сызба, деңгейлік тапсырма, фламастер, т. б.
Жалпы мақсаттар: Оқушыларға жаңа тақырып бойынша түсінік қалыптастыру. көп таңбалы сандарды қосу және азайтудың жазбаша есептеу тәсілдерін орындауға үйрету; есептеу тәсілдерін жетілдіру. Сыни тұрғыдан ойлауын дамыту. Білімдерін тереңдете түсу. Жаңа технологиялардың элементтері арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын және шығармашылық қабілеттерін арттыру. Сын тұрғысынан ойлау, оқушыларды сенімділікпен жұмыс жасауға, бар ынтасын оқуға берілуге, бір - бірінің пікірлерін тыңдауға, құрметтеуге, өз пікірлерін ашық білдіруді талап етеді. Өз беттерінше жұмыс істеуге, еркін сөйлеуге, өз ойларын ел алдында аша білуге ынталандыру.
Сабақтың әдіс-тәсілдер: СТО технологиясы, топпен жұмыс, талдау, жинақтау, сұрақ - жауап, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету ( ой қозғау)
Сабақ типі: Білімді бекіту, бір жүйеге келтіру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Ынтымақтастық атмосферасы
Психологиялық дайындық
Мен ақылдымын.
Қиындықтан қорықпаймын.
Мен жаспын.
Қандай әдемімін.
Менің көңіл күйім өте тамаша!
Мен бүгінгі сабаққа дайынмын.

Топқа бөлу
Шарлар арқылы топтарға бөлу
Үй тапсырмасын тексеру
Үй тапсырмасы жазылған дәптерлерді тексеру.
Тірек білімді белсендіру тиянақтау
«Сұрақтары бар қорап» әдісі
- Сандар класын ата. (Миллиондар класы, мыңдар класы, жүздіктер класы)
- Бірінші класс бірліктерін ата.
- Екінші класс бірліктерін ата.
- Қосылғыштардың қандай қасиеттерін білесің?
- Қосылғыштардың орны ауысқанмен қосындының мәні өзгермейді. Бұл қандай қасиет?
- Қосу амалын қандай амалмен тексереміз?

Мақсат қою
Мағынаны тану Қызығушылықты ояту
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Көп таңбалы сандарды қосудың және азайтудың жазбаша тәсілдері - Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ.
- Сендер нешінші сыныпта оқисыңдар?
- 4 сынып
- Яғни, бастауыш сыныптың соңғы сыныбын оқып жатырсыздар. Келесі жылдан бастап жоғарғы сынып оқушылары атанасыздар. Жоғарғы сыныпта пәндер саны көбейеді. Сол кезде сіздерге әр пәннен әр пән мұғалімдері сабақ береді. Бүгінгі сабағымызға сол жоғарғы сыныпта сабақ беретін мұғалімдер сіздердің білім деңгейлеріңді анықтау мақсатында әр түрлі тапсырмалар жіберіпті. Сондықтан бәріміз бүгінгі сабақта ат салысайық,.
1. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Гүлнар апайларыңның тапсырмасы
 315 693 қандай сан есім?
№1. Өз орнына қой
(Әр топтан бір оқушы ауызша түсіндіреді.)
Баған түрінде дұрыс жазылған мысалдарды анықта.
Дұрыс жазылмаған мысалдарды тақтаға жаз.

2. Жаратылыстану пәнінің мұғалімі Орынгүл апайларыңның тапсырмасы
 Қазақстан жер көлемі жағынан нешінші орында?
№2. Тақтамен жұмыс. Баған түрінде жазып алып, амалдарды орында:
І топ
42709+27592=70301
48 т 507 кг - 2 т 383 кг = 46 т 124 кг
II топ
37907+22093=60000
27 км 276 м + 32 км 534 м = 59 км 810 м
IIІ топ
98257 - 39749=58508
52 м 586 мм +27 м 397 мм =79 м 983 мм
IV топ
58753 - 27954=30799
96 т 528 кг – 45 т 107 кг = 51 т 10 мм
3. Биология пәнінің мұғалімі Гүлназ апайларыңның тапсырмасы
 Адамның қанша жұп қабырғасы бар?
№3. Жұптық жұмыс. Амалдарды орында:
I топ
5891 - 971=4920
37931 - 5721=32210
5м88мм - 3м72мм=2м16мм
III топ
5782 - 6=5776
835009 - 792006=43003
105кг36г - 97кг25г=8кг11г
II топ
9082 - 8048=1034
5782 - 456= 5326
3т256кг - 1т34кг=2т222кг
IV топ
5782 - 56=5726
5782 - 3456=2326
42ц42кг - 8ц37кг=34ц5кг

4. Ағылшын пәнінің мұғалімі Ақханым апайларыңның тапсырмасы
 «Мен төртінші сыныпта оқимын» деген сөзді ағылшын тілінде айт.
№4. Топтық жұмыс. Теңдеулерді шеш және тексер:
I топ
х+205=1708
х=1503
II топ
290+х=1505
х=1215
III топ
х - 96=705
х=801
IV топ
х - 412=1701
х=2113

5. Орыс тілі пәнінің мұғалімі Айша апайларыңның тапсырмасы
 У нас в классе есть двадцать четыре ученика
№5. Топтас, бірік, талқыла
Оқушылар үш күнде 2570 кг алма жинады. Олар бірінші күні 675 кг, екінші күні бірінші күнгіден 2 есе артық, ал қалғанын үшінші күні жинады. Оқушылар үшінші күні неше кг алма жинады?

Атырау облысы, Жылыой ауданы
Құлсары қаласы, «№19 жалпы орта білім беретін мектеп»
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Бастауыш сынып мұғалімі: Имангалиева Гульжамига Тилепиевна

Көп таңбалы сандарды қосудың және азайтудың жазбаша тәсілдері. жүктеу
4 467
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті. Есептер шығару
Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті. Есептер шығару
Есептерді әр түрлі тәсілдермен шығару (тәсілдерін), дағдыларын қалыптастыру, үш таңбалы сандармен жазбаша есептерге қатысты білімдерін бекіту.
Шамалар
Шамалар
Есептерді әр түрлі тәсілдермен шығару (тәсілдерін), дағдыларын қалыптастыру, үш таңбалы сандармен жазбаша есептерге қатысты білімдерін бекіту.
Үш таңбалы сандарды салыстыру
Үш таңбалы сандарды салыстыру
Үш таңбалы сандарды салыстыру. Нөлмен аяқталатын үш таңбалы сандарды қосу және азайтудың ауызша тәсілдерімен таныстыру; разрядтық қосылғыштарға жіктеу;
35 - 7 түріндегі жағдайлар үшін есептеу тәсілдері
35 - 7 түріндегі жағдайлар үшін есептеу тәсілдері
Екі таңбалы сандарға бір таңбалы сандарды қосу мен азайтудың тиімді тәсілдерін меңгерту, ауызша есептеу дағдыларын жетілдіру. Дамытушылық: Оқушылардың пәнге қызығушылығын, белсенділігін, ойлау - танымдық қабілеттерін дамыту.
Қосу мен азайтудың жазбаша тәсілдері»
Қосу мен азайтудың жазбаша тәсілдері»
Атырау қаласының жалпы білім беретін №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Хасанова Галя Санахқызы
Қосу мен азайтудың жазбаша тәсілдері
Қосу мен азайтудың жазбаша тәсілдері
Атырау қаласы, Жаңаталап селосы,Жамбыл орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Измұханова Салтанат
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×