Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дауыссыз Қ мен Ғ

04 қаңтар 2013, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Ақтөбе қаласы,
Бастауыш сынып мұғалімі
Курмалова Асель Агисовна
Қазақ тілі 2- сынып

Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз Қ мен Ғ
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтап, қайталауға арналған жаттығулар орындау, сауатты, қатесіз жазуға төселдіру;
Білімділік: Оқушылардың білім деңгейін тексеру, алған білімдерін тиянақтау.
Дамытушылық: Оқушылардың ақыл-ойын, ой-өрісін, логикалық ойлауын, есте сақтауын дамыту.
Тәрбиелік: Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, алғырлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Түрі: Қайталау, пысықтау сабақ.
Әдіс-тәсілдері: Әңгімелеу, сұрақ-жауап, түсіндіру.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта

Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Құрал – жабдығын ретке келтіру, оқушылардың назарын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
4 – жаттығу.
- Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз ойын сабақ. Біз үй тапсырмасын «Атаға көмектесу» ойынынан бастаймыз.
Мектеп ауласын тазартатын ата бізден көмек сұрай келіпті. Қазір күз мезгілі ғой. Ағаштардың жапырақтары мектеп ауласына түсіп жатыр. Сол жапырақтарды жинауға атамызға көмектесіп жіберейік. Сендер менің мына берілген сөзжұмбақты дұрыс шешсеңдер, маған көмектесесіңдер», - дейді.
Сөзжұмбақ
• Қоқыс жинайтын құрал.
• Ас ішетін құрал.
• Жануарлар мен өсімдіктерді қорғауға алынған жер.
• Ағаштың діңін қаптап тұратын нәрсе.
• Сүттен жасалатын тағам.
Сөз соңына –ы,-і дыбыстарының тиістісін қосып оқы.
Қалақ- қалағы, қасық- қасығы, қорық- қорығы, қабық- қабығы, қаймақ- қаймағы.
ІІІ. Жаңа сабақ.
• Балалар, қазір қай мезгіл?
• Күз
• Күзде ауа райы қандай болады?
• Суық.
• Қыстың күні аяғымызға не киеміз?
• Етік.
• Етігімізді кім жөндейді?
• Етікші.

ІV. Оқулықпен жұмыс.
1 – жаттығу. Көп нүктенің орнына қ, ғ әріптерінің тиістісін қойып жаз.
Топыра..., шыра..., жола..., жоры...,
қуырша...ы, ая..., бала...ы, ла...ы.
Сөздердің мағынасын түсіндір. Осы сөздерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрастырып жаз.

2- жаттығу. Жаңылтпашты жатқа жаз.
Құлағы үсіп кетті,
Үсіп, ісіп кетті.
Қарамен жазылған сөздегі ы әрпін алып тастап оқы. Қандай өзгерісті байқадың?
3- жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрастыр.
Қ дыбысына қандай сөздерді пайдаландың? Сол сөздерге –ы әрпін қосып жаз.

V.Сергіту сәті.
4- жаттығу. Орны ауыстырылған сөздерден сөйлем құрастыр.
• Емшісі, орман, тоқылдақ, болады.
• Аяғынан, қарлығаш, жараланыпты.
• Соң, кемпірқосақ, шығады, жаңбырдан.
• Бетінде, жапырақ, шық, етеді, жылт-жылт.
Қ дыбысына аяқталған сөздерге дыбыстық талдау жаса. Осы сөздерге дауысты дыбыс жалғап оқы.

VІ.Қорытынды. «Ұйқасын тап» ойыны.
VІ. Үйге тапсырма.
5- жаттығу. Жұмбақ - өлеңді оқып, шешуін тап.
Бұл қандай бұйым?
Қайқылау бас жағы сәл,
Аса ыңғайлы сабы бар.
Сұйық тамақ ішкенде,
Ыстық тамақ ішкенде,
Ол қолыңнан табылар.
Жауабы: Қ дыбысынан аяқталатын сөздердің астын сыз.
VІІ.Бағалау.
6 891
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Математика еліне саяхат
Математика еліне саяхат
Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтап, қайталауға арналған есептер шығару. Оқушылардың логикалық ойлау, есептеу қабілеттерін дамыту. Тиянақты жауап беруді талап ету.
Өткенді қайталау математика 1 сынып
Өткенді қайталау математика 1 сынып
Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтап, қайталауға арналған есептер шығару. Оқушылардың алған білімдерін тиянақтау. Ойын арқылы оқушылардың логикалық ойлау, есептеу қабілеттерін, танымдық қызығушылығын арттырып, ой өрісін кеңейту.
Бастауыш сынып күнделікті сабақ жоспары
Бастауыш сынып күнделікті сабақ жоспары
Кайдакова Жанат Бекболатовна Математика Сабақтың тақырыбы: Пысықтау Дүниетану Сабақтың тақырыы: Ұлу Әдебиеттік оқу Сабақтың тақырыбы: Қ. Баянбай «Жақсы мен жаман»
Зат есімнің мағынасы туралы түсінік
Зат есімнің мағынасы туралы түсінік
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі Курмалова Асель Агисовна
2 – ні қосу және азайту тәсілдері
2 – ні қосу және азайту тәсілдері
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі Курмалова Асель Агисовна
Қайталау – білім анасы
Қайталау – білім анасы
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі Курмалова Асель Агисовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×