Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Абай атаның сөзін жақсы тыңдаймын. А Құнанбаев. Ғылым таппай мақтанба.

16 тамыз 2018, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
САБАҚ: Абай атаның сөзін жақсы тыңдаймын.
А Құнанбаев. Ғылым таппай мақтанба.

2 сынып
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)
2. 1. 1. 1 тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру.
2. 2. 1. 1 - мәтінді дауыстап дұрыс әрі түсініп оқу, рөлге бөліп, мәнерлеп оқу;
2. 3. 1. 1 - мұғалім көмегімен оқылған шығарманы бөліктерге бөліп, жоспар құру.
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:
• Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді. А. Құнанбаев туралы толық мағлұмат алу, өлең мазмұнын түсіне отырып, негізгі ойды ашу.
Оқушылардың басым бөлігі:
• Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады.
Кейбір оқушылар:
• Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.
Бағалау критерийі Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.
Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Тілдік құзіреттілік
Ғылым, Абай Құнанбайұлы.
Ресурстар Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс - тәсілдер Сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс Музыка, қазақ тілі, тарих.

Басталуы 5 минут
Топқа бөлу 2 минут
Психологиялық ахуал қалыптастыру:
«Көрші»
Мақсаты: әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуі, бір - біріне жылылық сыйлау.
Нұсқаулық:
Көршіңді оң жақтан құшақта,
Көршіңді сол жақтан құшақта.
Оң жақтағы көршіңе бір жымиып,
Сол жақтағы көршіңе бір жымиып,
Бүгінгі тренинг барысы,
Біз үлкен отбасы.

Ортасы 20 минут Білу және түсіну 10 минут
1. Автор туралы дерек білу.
2. Өлең мазмұнын түсіну
3. Жақсы және жаман қасиеттерді тану.
5. Мағынаны тану:

1. Топтық тапсырма:
А) Абай Құнанбаев туралы мәлімет
сызбада көрсету, қорғау, толықтыру
Ә) Өлеңді мәнерлеп тізбектеп оқу;
Б) Өлең мазмұнына талдау жасау:
- Әр топ жобамен қорғайды.

2. Топтық жұмыс:
1 - топ: ------------- 2 - топ:
Бес асыл іс ------------ Бес дұшпан
Талап ---------------- Өсек
Еңбек ----------------- өтірік
Терең ой --------------- мақтаншақ
Қанағат -------------- еріншек
Рақым ----------------- Бекер мал шашпақ
Қолдану 8 минут Постер жасату.
Абай
Жалпыға арналған тапсырма:
Оқушылар жаңа білімге сай оқулықты қолдана отырып өз түсінгендерін постерге түсіреді.

Сергіту сәті 2 минут
«Қыдырып қайтайық!» би билеу

Аяқталуы 20 минут Синтез
Дәптермен жұмыс.
Қосымша тапсырма:
«Мақал жалғастыр «ойыны:
Жақсыдан үйрен
(Жаманнан жирен)
Талап тұлпар
(Білім сұңқар)
Талант қартаймайды
(Білім ортаймайды)
Әріптен білім
(Әліппеден ғылым)
Ақыл азбайды,
(Білім тозбайды)
Өнерлі (өрге жүзеді)
«Алтын балыққа арналған аквариум» әдісі
Оқушыларға жасырын суреттер таратылады, кімге балық түссе, сол алтын балық болады, оқушы алтын балықтың маскасын киіп, ортаға шығады. Басқа оқушылар оған сұрақтар қояды. Егер жауап бере алмаса топ мүшелері көмектесуіне болады.

Абай атаның сөзін жақсы тыңдаймын. А Құнанбаев. Ғылым таппай мақтанба. жүктеу
3 026
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Түбір мен қосымша
Түбір мен қосымша
Сабақ негізделген оқу мақсаттары 2. 1. 1. 1 - тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру
Классикалық өнердің үздік туындылары. Қазақстандық суретшілердің шығармашылығы
Классикалық өнердің үздік туындылары. Қазақстандық суретшілердің шығармашылығы
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) 5. 3. 2. 1 - Пәндік терминологияны қолдана отырып, өзінің және өзгелердің (суретшілер, қолөнершілер, дизайнерлер) жұмыстарында берілген идеялар мен тақырыптарды сипаттау 5. 3. 3. 1 - Пәндік терминологияны
Менің сүйіп тыңдайтын әндерім. Мәтін: С. Сейфуллин Біржан
Менің сүйіп тыңдайтын әндерім. Мәтін: С. Сейфуллин Біржан
мәтінді дауыстап дұрыс әрі түсініп оқу, рөлге бөліп, мәнерлеп оқу;
Сөз және оның мағынасы. Боксшы
Сөз және оның мағынасы. Боксшы
Ендеше, бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Сөз және оның мағынасы»
Абай атаның сөзін жақсы тыңдаймын. А. Құнанбаев.
Абай атаның сөзін жақсы тыңдаймын. А. Құнанбаев.
Тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×