Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Абай атаның сөзін жақсы тыңдаймын. А. Құнанбаев.

09 қаңтар 2018, Сейсенбі
Сабақтың тақырыбы: Абай атаның сөзін жақсы тыңдаймын. А. Құнанбаев.
Ғылым таппай мақтанба.
2 сынып
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) 2. 1. 1. 1 тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру
2. 2. 1. 1 - мәтінді дауыстап дұрыс әрі түсініп оқу, рөлге бөліп, мәнерлеп оқу;
2. 3. 1. 1 - мұғалім көмегімен оқылған шығарманы бөліктерге бөліп, жоспар құру.

Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:
• Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді. А. Құнанбаев туралы толық мағлұмат алу, өлең мазмұнын түсіне отырып, негізгі ойды ашу.
Оқушылардың басым бөлігі:
• Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады.
Кейбір оқушылар:
• Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.
Бағалау критерийі Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.
Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Тілдік құзіреттілік
Ғылым, Абай Құнанбайұлы.
Ресурстар: Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс - тәсілдер: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі. жаратылыстану

Басталуы
Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық ахуал қалыптастыру:
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
Көзді салып қараңыз,
Былай қанат қағамыз.
Түрлі түсті гүлдер арқылы топқа бөліну

Ортасы Абай атаның сөзін жақсы тыңдаймын.
А Құнанбаев.
«Ғылым таппай мақтанба» өлеңі
«Жақсы деген немене, жаман деген немене» әңгіме жүргізу.
Суретпен жұмыс:
Жақсы деген жауап қай суретке, жаман деген жауап қай суретке қатысты екенін айт.
Автор туралы түсінік беру.
Абай Құнанбаев - осы күнгі Семей облысындағы Шыңғыс деген тауды жайлаған тобықты руының ішінде 1845 жылы дүниеге келген. Абайдың өз әкесі - Құнанбай, оның әкесі - Өскембай, үшінші атасы - Ырғызбай. Бұлардың барлығы ру ішінде үстемдік жүргізген адамдар. Ақынның анасы – Ұлжан. Ол сабырлы мінезді кісі болған. Абайды әжесі Зере тәрбиелеген. Зере әжесі кісі ренжітпейтін жұмсақ мінезді әйел болған деседі. Абай 10 - 12 жас аралығында мұсылманша хат таныған. 12 жасынан бастап өлең жаза бастады. Ол өлеңдеріне 20 - дан астам әндер шығарған сазгер.
Сонымен Абай атамыз аудармашы, мысалшы, әсем ән жазған сазгер, ұлы ойшыл, ақын, ғұлама адам болған екен.
«Топтастыру» әдісі

«Дауыстап ойлау» әдісі
Жұптаса отырып берілген тақырыпты біреуі дауыстап оқиды, екіншісі тыңдай отырып ой түйеді. Бір - біріне түсіндіреді.
Жақсы және жаман қасиеттерді тану.
Өлеңді мәнерлеп тізбектеп оқу;
Сөздікпен жұмыс
Өлең мазмұнына талдау жасау:
Топтық жұмыс:
1 - топ: 2 - топ:
Бес асыл іс Бес дұшпан
Талап Өсек
Еңбек өтірік
Терең ой мақтаншақ
Қанағат еріншек
Рақым Бекер мал шашпақ

Сергіту сәті
«Қыдырып қайтайық!»

Аяқталуы
Сабақты бекіту Жұптық жұмыс.
Адам бойынан табылатын жақсы қасиеттерді белгілеңдер.
• Еңбекқор
• Әдепсіз
• Мейірімді
• Ақылсыз
• Надан
• Дарынды
• Залым
• Өз Отанын сүйетін патриот
• Еріншек
• Сауатты
• Білімді

Дәптермен жұмыс.
Абай ата қандай жақсы қасиет пен жаман әдетті атайды. Дәптеріңе теріп жаз.
Топпен жұмыс.
Әр топқа 5 үлестірме қағаз таратылады.
Әр қағазға бір жақсы қасиет және бір жаман әдетті жаз.
Осы сөздерге сурет салыңдар. Түсіндіріңдер.
Кері байланыс «Қар кесегі»
Әрбір топ оқушылары басқа топтарға бағыттап параққа сұрақ
жазып лақтырады. Сұрақтармен кезек - кезек алмасады.
1. Абай қай жылы туған? (1845жылы 10 тамыз)
2. Туған жері? (Семей облысы, Шыңғыстау тауының бөктері)
3. Абайдың шын аты кім? (Ибраһим)
4. Абайдың ақындық жолына алғаш есік ашқан кімдер? (әжесі - Зере, анасы - Ұлжан)
5. Абай неше жасқа дейін оқыған? (13)

Абай атаның сөзін жақсы тыңдаймын. А. Құнанбаев. жүктеу
7 376
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Түбір мен қосымша
Түбір мен қосымша
Сабақ негізделген оқу мақсаттары 2. 1. 1. 1 - тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру
Классикалық өнердің үздік туындылары. Қазақстандық суретшілердің шығармашылығы
Классикалық өнердің үздік туындылары. Қазақстандық суретшілердің шығармашылығы
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) 5. 3. 2. 1 - Пәндік терминологияны қолдана отырып, өзінің және өзгелердің (суретшілер, қолөнершілер, дизайнерлер) жұмыстарында берілген идеялар мен тақырыптарды сипаттау 5. 3. 3. 1 - Пәндік терминологияны
Менің сүйіп тыңдайтын әндерім. Мәтін: С. Сейфуллин Біржан
Менің сүйіп тыңдайтын әндерім. Мәтін: С. Сейфуллин Біржан
мәтінді дауыстап дұрыс әрі түсініп оқу, рөлге бөліп, мәнерлеп оқу;
Сөз және оның мағынасы. Боксшы
Сөз және оның мағынасы. Боксшы
Ендеше, бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Сөз және оның мағынасы»
Абай атаның сөзін жақсы тыңдаймын. А Құнанбаев. Ғылым таппай мақтанба.
Абай атаның сөзін жақсы тыңдаймын. А Құнанбаев. Ғылым таппай мақтанба.
Абай Құнанбаев туралы толық мағлұмат алу, өлең мазмұнын түсіне отырып, негізгі ойды ашу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×