Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Күз» Абай Құнанбаев

06 қазан 2018, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Әдебиеттік оқу
Тақырыбы: «Күз» Абай Құнанбаев.
Сабақтың мақсаты: Абай Құнанбаевтың «Күз» өлеңінің мазмұнымен танысады.
Міндеттері:
1. «Күз» өлеңінің мазмұны мен идеясын ашады.
2. Ақын Абай Құнанбаев жайлы мағұламаттары кеңейеді.
3. «Күз» өлеңін басқа өлеңмен салыстырады, айырмашылықтарын ажыратады.
4. Өлең жазуға деген құлшынысы артады.
5. Табиғатқа деген сыйластығы, оларға қамқорлықпен қарауға үйренеді.

Көрнекілігі: Абай портреті. Күз суреті.
Әдістері: Оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары, сұрақ - жауап.
Типі: жаңа сабақ.
Түрі: топпен жұмыс.
Қолданылатын стратегиялар: Ой шақыру, топтастыру, INSERT, Венн диаграммасы.

Сабақтың барысы:
І Оқушыларды сабаққа әзірлеу.
ІІ Қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз айларын ата?

- Бүгінгі ауа - райы жайлы не айтасың?
Ой шақыру.
- Күз мезгілі сендерге несімен қызықты?
- Кім қандай ойда отыр?
ІІІ Сендер күз мезгілін осылайша суреттейді екенсіңдер? Ал енді Абай атамыз қалай суреттейді екен.
Топтастыру арқылы Абай туралы білетіндерін еске түсіру.
жазушы аудармашы

Абай Құнанбаев. қоғам қайраткер, ұлы ақын, қазақ халқының ақыны, философ.
- Балаларға арнап жазған өлеңдерін білеміз бе?
Абай Құнанбаев өмірімен таныстыру.
Сонымен қатар Абайды лирик ақын деп те атаймыз.
1. Бүгінгі сабағымызда Абай суреттеген «Күз» өлеңімен танысамыз.
2. Өлеңді мәнерлеп оқу.
3. Оқушыларға іштей оқыту.
INSERT стратегиясы(маған таныс емес) деген сөздердің астын сызу.
4. Сөздік жұмысы.
5: Мәнерлеп оқыту минутын өткізу. Әр топтан бір балаға.
6. Мазмұнын ашу.
Абай бұл өлеңінде........ күздің суық ызғарлы барлық табиғаттағы тіршілік атаулы өзгереді. Табиғаттың бейнесін адамның кейпінде сипаттаған.
7. Топпен жұмыс.
1. топ. Күз мезгіліне сурет салу.
2. топ. Берілген ұйқастардан өлең құрастырады.
3. топ. күз мезгіліне байланысты мақал - мәтел айтады.

Ү Венн диаграммасы.
Күз
Суық
қыс
сұр бұлт суық, ызғарлы,
тұманды қарлы боран.
жаңбырлы

ҮІ. Бағалау
ҮІІ Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау. Абай суреттеген күз бейнесінің суретін салу, бейнелеп тұрған сөздерді тауып дәптерге жазу. Тақырыбы: «Күз» Абай Құнанбаев.

Павлодар облысы, Аксу қаласы,
Дөнентаев атындағы орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі: Жайлина Нуржамал Сатпаевна
«Күз» Абай Құнанбаев. жүктеу
7 038
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
«Күз» Абай Құнанбаевтың өлеңі
«Күз» Абай Құнанбаевтың өлеңі
Абай Құнанбаевтың «Күз» өлеңінің мазмұнымен танысу. Табиғатқа деген сыйластығы, оларға қамқорлықпен қарауға үйренеді.
Абай Құнанбаев «Жазғытұры» өлеңі
Абай Құнанбаев «Жазғытұры» өлеңі
Бастауыш сынып мұғалімі Парменова Маржан
Қыс. Абай Құнанбаев
Қыс. Абай Құнанбаев
Тақырыбы: Қыс. Абай Құнанбаев Мақсаты: Оқушылардың Абай Құнанбаев туралы білімін кеңейту. «Қыс» туралы өлеңінің мазмұны мен идеясын ашу. Оқушылардың таным мүмкіндіктерін анықтау.
Абай Құнанбаев "Жаз" өлеңі
Абай Құнанбаев "Жаз" өлеңі
Атырау қаласы, Қ. Смағулов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ислямгалиева Ардақ
Қыс. А. Құнанбаев
Қыс. А. Құнанбаев
Абай Құнанбаев туралы білімін кеңейту. «Қыс» туралы өлеңінің мазмұны мен идеясын ашу. Оқушылардың таным мүмкіндіктерін анықтау.
Күз Абай Құнанбаев
Күз Абай Құнанбаев
Жезқазған қаласы, № 10 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Үңгітбаева Нұргүл Рамазанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×