Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әлемді тербеткен ана

11 қараша 2018, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ертеңгілік
3 сынып
Тақырыбы: Әлемді тербеткен ана
Мақсаты: Оқушылардың адамгершілік құндылықтарын арттырып, анаға саналы түрде құрмет пен махаббат сезімін қалыптастырып, балалардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Көрнекілік: Даналық сөздер жазылған плакаттар, портреттер. Сынып бөлмесін мерекеге лайық безендіру. Интерактивті тақта. «Әлемді тербеткен ана» презентация.
Ақ шашты ана:
«Жастығым - балам» дейді.
Ақылды бала:
«Ай - күнім - анам» дейді.
Мұғалімнің сөзі:- Қош, келдіңіздер! Нұрлы шуағы мол наурыз айындағы, ардақты аналар мен ару қыздарымыздың төл мейрамы сегізінші наурыз мерекесі құтты болсын!
Ана... Әрбір адам осы керемет күміспен қапталып, алтынмен апталған Ана деген сөзді естіген сәтте - ақ жүрегі дір етеді. Сен осы дүниеге шыр етіп келген сәтте анаң «Бауыр етім балам»,- деп ақ сүтін беріп, аялап, «Менің балам керемет»- деп мақтан тұтады. Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы. Баласы үшін жанын да аямайтын ардақтың да - абзал ана!
Ана - жүрек, сол жүректе құдірет те,
Ана - тірек, сол тіректі құрметте!
Ана - шыңың, ардақ тұтар биікте,
Ана - күнің, сәуле шашар жүректе - деген өлең жолдары барлық аналарға арналады. Олай болса бүгінгі «Әлемді тербеткен ана»- атты ертеңгілігімізді сіздерге арнаймыз.

1 - жүргізуші: Ана - тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Құрметті қонақтар, аяулы әжелер, асыл аналар және біздің сүйкімді қыздарымыз! Бүгін бізде үлкен мереке!
Бүгін - наурыздың сегізі
Сұлулықтың негізі
Әдемі сөз - Адамның
Анаға айтар лебізі

2 - жүргізуші: Сіздер ер азаматтардың қолқанаты, тірегі мен жүрегі болып табыласыздар. Аналарымыздың, қыздарымыздың көңілдері көктемнің шуақты күніндей мейірім – шапағатқа бөлене берсін. Әлемнің жарығын сыйлаған аналардың мерекелері құтты болсын!

1 - жүргізуші:
Анаға арнап ақ тілектер айтар күн,
Әкеге арнап марапатты бастар күн.
Бүгінгі күн мәңгі есте сақтар күн,
Бүгінгі күн есінде мәңгі жастардың.
Хормен барлығы:
Жанымызды жайнатқан
Сіздерсіз ғой аналар
Зор денсаулық, мол бақыт
Тілейміз біз балалар!

2 - жүргізуші: Бізді сүйетұғын, күйетұғын, әрқашан қамымызды ойлап жүретұғын абзал жанды адам, бұл – ана. Алдыңа қойған мақсатыңа жетуің үшін ана жанын қиюға да дайын. Ана баласының үлгілі азамат боп өсуі үшін бар күшін салып, тер төгеді. Ананың махаббатына, құдіретіне тамсанған талай ақын әнін арнап, жырын жазып, талай жазушы қалам тербеген. Олай болса балалардың тақпақтарын тыңдайық.

Жасұлан:
Құтты болсын аналардың мейрамы!
Жарқыраңдар, жаз күніндей жайдары!
Мерекесі бұл көктемнің алғашқы,
Бақыт берсін әр көктемнің айлары!

Әділжан:
Дүниенің ең қымбаты ана екен,
Ананың ең тәттісі бала екен.
Түн ұйқысын төрт бөліп әлдилеген,
Ананың орны бөлек дара екен
Балаға ана еңбегі парыз деймін,
Еңбегін өтеу бізге қарыз деймін.
Меккеге апарса да өтелмеген,
Ұрпаққа бұл өсиет аңыз деймін,
Аналар мерекесі құтты болсын!

Венера:
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап
Ана деген бәйтерегі өмірдің
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ
Ана деген – асыл жандар бұлақтай
О адамдар қадірлей біл ананы
Жат қылыққа ақыл – ойды тонатпай

Жанель:
Ана өмірдің қуанышы, тірегі
Бала оның жұбанышы, жүрегі
Ана алдында ел жауы да бас иген
Олар дәйім тыныштықты тіледі.

Мәншүк:
Бізге қарап елжіреп,...
Сүйсе беттен күнім деп,
Құшақ ашса күнім деп,
Жүгіреміз күлімдеп.
Анамызға еркелеп,
Қуантуды қалаймыз.
Өссек егер ертерек.

Даяна:
Сезімің неткен ыстық балаңа тым,
Төрт бөліп түн ұйқыңды қарағансың.
Қаншама азап шектің сәби үшін
Мен саған қарыздармын жан анашым.
Іздесек сендей жанды табамыз ба,
Қартайсаң сәбидей ғып бағамыз да.
Серік боп өмір бойы анамызға
Күлімдеп жүрші әкешім арамызда.

Ұлмекен:
Ақ қабақты анашым,
Күн сәулелі анашым.
Әлпештеген баласын,
Айналайын анашым.

Алдиар:
Анам менің – аялаған ақ гүлім
Анам менің – бақытым мен шаттығым
«Анашым» - деп балаң жырын арнаған
Неге ғана естімеген тәтті үнін
Анам менің – өмірдегі тірегім
Анам менің – кеудемдегі жүрегім
Егер менің қасымда сен болмасаң
Бұл өмірде қалай ғана жүремін.

Мөлдір:
Бәрі де, Ана,
Бір өзіңнен басталды.
Сен деп жаздым алғаш өлең дастанды.
Қуандым ба,
Өзің бар деп қуандым.
Жыладым ба,
Өзің жоқ деп жас тамды.

Азамат:
Өзіңсің сүйікті ана, құдіретім
Жанымды жадыратып күлдіретін
Сендегі маған деген махаббатты
Нұр толы қос жанарың білдіретін
Бар ана туған елдің гүлі дер ем
Анажан қайғың болса күңіренем
Таусылмас тау суындай ақылың бар
Сен барда менің әр бір күнім өлең.

Қарағанды облысы “Приозерск қаласының
№2 МББК” КММ - нің бастауыш сынып мұғалімі
Ержанова Пернекуль Калдыбаевна
Әлемді тербеткен ана жүктеу
5 531
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Менің анам - асыл адам
Менің анам - асыл адам
Аналар өте мейірімді жандар. Олар бізді өте қатты жақсы көреді. Аналар бізді аман болғанымызды тілейді. Бізді дүниеге әкелгенде, ақ сүтін беріп, аялап өсірді.
Ұстазым
Ұстазым
Ұстаз деген - жарық күні ғаламның, Ұстаз деген - анасы ол адамның. Бүкіл әлем мойындайды еңбегін, Білімі мен тәлімінен нәр алдың. Ұстаз деген - ұлылардың ұлысы, Қасиеттеп бас иелік мәңгілік!
Әлемді тербеткен - Ана!
Әлемді тербеткен - Ана!
Зеренді ауданы, Жылымды ауылы, Бастауыш сынып мұғалімі Есжанова Арайлым Махметжановна
Ардақты менің анашым
Ардақты менің анашым
Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Анар станциясы, Анар орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Хабас Алтынгүл Мақсаты: Адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру мақсатында білімге деген қызығушылығын артыру. Оқушылардың мәнерлеп оқу, сөйлеу мәнері, ән - би
Анам  менің – өмірдегі  тірегім
Анам менің – өмірдегі тірегім
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы №10 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Мадиева Гулжан Қуанышқызы
Aна туралы шығарма
Aна туралы шығарма
Ана - әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашары, қадірлісі, қамқоршысы. Ақ сүтін беріп аялайтын, баласы үшін жанын да аямайтын ардақты да абзал - ана! Кез келген адамның әдептілігі мен сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×