Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Менің анам - асыл адам

03 наурыз 2019, Жексенбі
Категориясы: Оқушыларға
Менің анам - асыл адам
Аналар өте мейірімді жандар. Олар бізді өте қатты жақсы көреді. Аналар бізді аман болғанымызды тілейді. Бізді дүниеге әкелгенде, ақ сүтін беріп, аялап өсірді. Әдемі киім кигізіп «осы балам ақылды, мейірімді, тәртіпті, иманды болсын» деп тілейді, болашағымыздан үлкен үміт күтеді. Сол үшін мен аналар «күннің шуағы сияқты мейірім - шуақ» деп атай аламын. Қазір де аналарымыз «сен бәрін істей аласың, сенің қолыңнан келеді» деп айтуы арқылы бізге сенім артып, қуат береді. Және олар бізге ақыл айтып, дұрыс бағыт беріп отырады. Біз білмеген дүниелерді түсіндіріп көмек береді. Ақ пен қараны ажыратуға көмек береді. Мен білемін, аналарымыз әр қашан қасымызда бола бермейді. Анамыз қасымызда болғанда қолдан келген көмегімізді көрсетіп, жақсы ісімізбен қуантып отыруымыз керек деп ойлаймын. Сол үшін біз аналарымызды сыйлап құрметтеуіміз қажет, ол біздің парызымыз!
Менің анамның есімі Балнұр. Менің анам өте керемет адам. Анашым мен Сізді шексіз жақсы көремін. Аман болыңызшы. Менің анам сәбилерді емдейтін дәрігер. Ол барлық аналарға балаларын емдеп қуаныш сыйлайды. Аналар аман болсын, ауырмасын. Аналар аман болса, сәбилер бақытты.

Иван Трубицын атындағы №17 ЖББМГ
4 сынып оқушысы Жантұрсын Нұрасыл
11 925
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Аналар - асыл жандар
Аналар - асыл жандар
8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту; Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету;
Ұстазым
Ұстазым
Ұстаз деген - жарық күні ғаламның, Ұстаз деген - анасы ол адамның. Бүкіл әлем мойындайды еңбегін, Білімі мен тәлімінен нәр алдың. Ұстаз деген - ұлылардың ұлысы, Қасиеттеп бас иелік мәңгілік!
Ана
Ана
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Қарашоқат орта мектебінің 9 - сынып оқушысы Тлесова Үміт Әбілтайқызы
Аяулы анашым
Аяулы анашым
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, № 14 орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі Ургеншбаева Анар Сисенкалыққызы
Анама хат
Анама хат
Ақтау қаласы, №14 орта мектебінің 4 сынып оқушысы Нұрлан Нұрсұлтан
«Ана» туралы мәтін құрастыру
«Ана» туралы мәтін құрастыру
Семей қаласындағы "№23 Жалпы орта білім беретін мектептің" КММ Бастауыш сынып мұғалімі Есенғұлова Құралай Жәнібекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×