Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тілашар мерекесі

14 қаңтар 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Астана қаласы, №53 мектеп-лицей
бастауыш сынып мұғалімі Темиртаева Калдыкул Мейрамбековна

Тілашар мерекесі
С/мақсаты: оқушылардың тілін дамыту, айналамен таныстыру, мектеп, мұғалім, оқушы, білім, оқулық, үлкенлі сыйлау, еңбекті бағалау, еңбек ете білуге, өз отбасына, туған жеріне құрмет көрсете білуге баулу, тәрбиелеу.
С/к: нақыл сөздер, 1 қыркүйекте түскен фотолар, «Тұңғыш Президент мұражайына саяхаттағы»фотоларға слайд шоу, сыныпты шарлар мен гүлдермен безендіру.
Қатысушылар:
Оқушылар, ата-аналар.

С/б: Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім:
Бақытты балдырғандар, ардақты ата-аналар, құрметті меймандар, тілашар тойы құтты болсын! Мектеп есігін алғаш ашқан шәкірттерім қадамдарың сәтті болсын!
Таудай болсын арқалаған талабың,
сезін өмір құпиясын, ғажабын!

Мұғалім: Тілашар туралы толғау
Шашу, шашу шашайық
Ақ сандықты ашайық
Бұл мереке, бұл тойдың
Бата беріп шашуын
Ақ әжеміз шашасыз.
(Ортаға үлкен апа шығып, сандықты ашып шашу шашады, батасын береді).

Аманғали:
Қуаныш-бүгін мереке
Шуағын шашып тұр әлем
«Тілашар» тойы мектепте
Шәкірт.Ұстаз. Ата-ана
Қуанғын бүгін бәріңде.

Хор: «Мектебім» әні орындалады.
Наурыз
Балалар! Оқуға бар! Жатпа қарап!
Жуынып, киініңдер шапшаңырақ!
Шақырды тауық мана, әлдеқашан,
Қарап тұр терезеден күн жалтырап.
Адам да, ұшқан құс та, жүрген аң да,
Жұмыссыз тек тұрған жоқ ешбір жан да:
Кішкене қоңыз да жүр жүгін сүйреп,
Барады аралар да ұшып балға.

Жаннұр: Сап түзедік бәріміз
Он екі ұл мен он төрт қыз
Бүгінгі бұл үлкен сын
Алдағы өмір жолында.

Аңсар: Мектеп, мектеп төңіректеп
Жүруші едім мен кеше
Сұраушы едім, жылаушы едім
Әпкем кітап бермесе.

Асылхан: Нұр шашып тұр көкте күн
Өмірімнің көктемін
Гүлдендірем деп келдім
Алтын ұя мектебім.

Исенова Аружан: Құтты болсын қадамын
Құтты болсын талабың
Мағжан атам айтқандай
Білім отын жаға біл.

Рамазан: Мектеп деген жақсы екен
Қызығы мол думанды.
Жақсы көрем бәрінен,
Әдемілеп жазғанды.
Жеті жасқа жеткенім,
Еркеліктен кеткенім.
Кітабымды қолтықтап,
Мектебімен жеткенім.

Дилназ: Оқуды көп оқимыз
Қызығына тоймаймыз.
Әріптерді үйреніп,
Өлең айтып би билеп,
Өнерден де қалмаймыз.
«Зеңгір көктен» әні.
Ерасыл:
Мынау менің әліппем,
Көгілдір туым түсіндей.
Ақылшы жақын досымдай,
Қымбат менің анамдай.

Зарина: Бірінші беттен елімнің,
Елтаңбасын таныдым.
Көк байрақты қазақтың
Ұрпағымын сәнімін.
(«Әліппе» оқулығын алып тұрып айтады)

Бақберген: Ән ұраным – жан ұраным
Айтар әнім сөйлер сөзім
Мәңгі - бақи шырқалады
Республикам - Әнұраны.
(Күйтабақтан Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады)

Қатар шапқан қос тұлпар
Ай астында қазақ үй.
Қалықтаған жас сұңқар
Шарықтаған таза күй.
(Елтаңба суретін қолына алып тұрып, көрсетеді)

Икрам Аружан: Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы.
Көк аспанда – қызыл күн
Көк аспанда – жас қыран.

Әзіл-сықақ көрініс « Кітап мұңы» (Даиана - Ана тілі оқулығы, Жаннұр- Әліппе, Аружан- Дүниетану, Ерасыл- Математика, Ансара- Еңбекке баулу)

Жолдасбекова Дариға: Дұрыс сөйле, шала қазақ атанба
Өз тілінде кеткен сөйлеп атаңда.
Қадірлей біл, тілі менен дініңді
Саған берер менің осы батам да.

Руслан: Ойы биік, арманы алыс
Жаны жомарт, ай қабағым.
Көкірегі толған намыс
Қазағымнан айналайын.
Хор «Отан» әні орындалады.

Ансара: Біз әліппеден оқу жазумен бірге өз ана тілімізде таза сөйлеуді және
ұлтымыздың салт-дәстүрлерін де үйренеміз.

Сағым: Ана тілің – арың бұл
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл
Өзтіліңді құрметте.

Ақжол: Өсірді ой мен сананы
Жаңылмай айтып үйрендік
Жаңылтпаш, жұмбақ мақалды.

К Мерей:(Мақал айтады)
1) Ақыл-қайрат білімді
Тең ұстаған зор болмас.
2) Оқу – білім бұлағы
Білім өмір шырағы.
Бақытқызы Дариға:
Бұдан кір қорқады
Судан ол қорқады.
Ол не?

Тамерлан: Біз үлкендердің тілін алып, үлкендерге жол береміз. Орнымыздан тұрып орын береміз.
Үлкендерді сыйлайтын
Кіші қамын ойлайтын
Сүймейміз жат әдетті
Баламыз біз әдепті.

Көрініс. Әжесін кім жақсы көреді? (Әжесі –Мерей,балалар- Бақберген,Рамазан)

Әсем: Сәлемдесе білетін
Біз-әдепті баламыз.
Алтын ұя мектептен
Білімге бастау аламыз.

Гүлдерай: Біз математикадан да көп нәрсе үйрендік.
(Осы жерде математикалық көрініс көрсетіледі)
«Сандар айтысы» Аманғали-0, У.Руслан-1,-2, 3,-4-5,-6,-7,-8,Наурыз-9,Дариға,
Ант беру:
«Біз, №53 мектеп-лицейде оқимыз. Біз озат оқуға, үлгілі, тәртіпті болуға және лицей ережесін қатаң сақтауға ант береміз»!

Сынып жетекшісі: Ата-ана қуанып шаттанасың
Оқып жүр деп балаңды мақтанасың
Алдарына мықты мектептен аттанасың,
- дей келе «Тілашар» тойымыздың 2-бөлімінде балаларымыздың өнерлерін тамашалаңыздар.
Көрініс. Жемістер дауы (Наурызбек-дихан ата, Зарина-жүзім, Рамазан-дарбыз, Руслан-,-шие, Ансара-құлпынай, Жаннұр-қызанақ)

«Тілашар» әні орындалады.
Мерекелік концерт:
Ильясов Темирлан «Крокодил Гена»
Аздар Аманғали Абай Құнанбаев өлеңдерін оқиды.
Серікбай Наурызбай: «Ертегілер» әнін орындайды
Би «Бал биі» Жұмашова Ансара
Аздар Аманғали «Желсіз түнде жарық ай»
Би «Қаражорға»

Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар. Осымен «Тілашар» мерекемізді аяқтай келе тойымыздың ақ батасын тыңдайық. (Ортаға бір ата шығады, бәрі орындарынан тұрып, алақандарын жаяды).
Аумин!
Керегеміз кертілмесін
Өнегені өрт ілмесін
Тереземіз теңселмесін
Теріс қылық еңсермесін
Іріткі сөз иықтамасын
Тұрлайсыздың тұйықталмасын
Тілекті тәңірім қабыл ет
Шаңырағымыз шайқалмасын
Аумин!
11 058
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Алғашқы қоңырау. Тілашар мерекесі
Алғашқы қоңырау. Тілашар мерекесі
Баланың ойын, тілін дамытып, дүниетанымын қалыптастырып, ана тілінде сөйлеу шеберлігін үйрету, қалыптастыру. Ой – қиялын шарықтау. Өлең жолдарын жаттатқызып, би билеуге үйрету, оқушы бойындағы ерекше қабілетін ашу, тәрбиелеу.
Тілашар ертеңгілігі
Тілашар ертеңгілігі
Оқушылардың тілін дамыту, мектеп, мұғалім, оқушы, оқулық, туралы түсініктерін қалыптастыру. Үлкенді құрметтеу, сыйлау, еңбекті бағалау. Отбасына, туған жеріне құрмет көрсете білуге тәрбиелеу.
Әліппе - ғылым анасы
Әліппе - ғылым анасы
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы бастауыш сынып мұғалімі Маденова Эльмира Кайратовна
Әліппе, саған мың алғыс!
Әліппе, саған мың алғыс!
Бастауыш сынып мұғалімі Жанпеисова Фарида
Тілашар мерекесі
Тілашар мерекесі
Атырау қаласы, Геолог поселкесі, Қ.Сәтбаев орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Гулайым Куспанова
Тілашар (1 класс)
Тілашар (1 класс)
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы №6 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Еришова Асемгуль Сарсенғалиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×