Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тілашар (1 класс)

19 сәуір 2013, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тілашар (1 класс)
Мақсаты: оқушылардың тілін дамыту, айналамен таныстыру, мектеп, мұғалім, оқушы, білім, оқулық туралы түсініктерін қалыптастыру. Үлкенді сыйлау, еңбекті бағалау, еңбек ете білуге, өз отбасына, туған жеріне құрмет көрсете білуге баулу, тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайдтар

Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім:
- Бақытты балдырғандар, ардақты ата - аналар, құрметті меймандар, тілашар тойы құтты болсын! Мектеп есігін алғаш ашқан шәкірттерім қадамдарың сәтті болсын!
Хор: Мектеп – қамқор анамыз,
Оқып, білім аламыз.
Өнерпаз боп өсетін,
Біз – оқушы боламыз!
Мектеп. Мектеп - кеме, білім – теңіз.

Дилназ: Кешегі сәби балаңыз,
Жарады міне қараңыз.
Ғылым, білім жолына,
Енді қайық саламыз.

Абылай: Біз бақытты баламыз
Қағаз, қалам аламыз.
Ұстазымыз үйреткен,
Әріптерді саламыз.

Томирис: Алты жасқа жеткенім,
Еркеліктен кеткенім,
Кітабымды қолтықтап,
Мектебіме беттедім.

Досымжан: Алақайлап жүрегім,
Қуанышқа толып тұр.
Асыққан қыркүйегім,
Қоңырауын соғып тұр.

Бексұлтан: Мектеп - білім ордасы,
Мектеп - қамқор анашым.
Оқып білім аламын,
Өнерпаз болып өсетін
Мен оқушы боламын.

Ақерке: Сәлем саған мектебім,
Сәлем білім ордасы.
Жасыл бақты көктемім,
Жастық шақтың жолдасы.
Ән: «Достық»
Мұғалім: Мектепте оқиды, жазады, өнерге, білімге еңбекке үйренеді. Ана тілінде сөйлеп, оқимыз.
- Біздің оқулығымыз қалай аталады, оны қай тілде оқимыз?
Қазақ тілінде.
Қазақ тілі - дүние жүзіндегі ең бай да бейнелі тілдің бірі. Тіл байлығы - әр елдің мақтанышы. 22 - қыркүйек - тілдер мерекесі құтты болсын.

Нұрдәулет: Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл.
Өз тіліңді құрметте!

Ақжүніс: Ана тілің біліп қой,
Бостандығың, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың, елдігің.

Көркем: Айтатын жас - кәріміз,
Аяулы жыр, әніміз,
Аялайтын бәріміз,
Ана тілі – арымыз.

Нұрдана: Анашымдай сыр шерткен,
Ақыл - білім үйреткен.
Әліппені оқимын,
Ерекше зор құрметпен.

Аружан: Бабамыздың тілі деп,
Даламыздың үні деп,
Туған елдің тілі деп,
Туған жердің тілі деп,
Қазақ тілін, қазақ тілін сүйеміз.

«Кім тапқыр». Жұмбақ шешу.
1. Иесі оның сәби,
Әрі төсек,
Әрі үй. (бесік)
2. Қамыс құлақ, тостаған тұяқ,
Мінсең қанат, сүті дәрі
Еті тамақ. (жылқы)
3. Төрт аяғы, арқасы бар,
Еті жоқ, тек қаңқасы бар. (орындық)

4. Жесең ащы,
Көзіңнен шығарар жасты. (пияз)

5. Бала біткен соғады
Жеңіл шарды домалақ.
Ұрсаң, ұшып жоғары
Жерге түсер домалап. (доп)

6. Ұрлап ішіп,
Үйде сүтті қоймайды,
Өз құйрығын өзі қуып ойнайды. (мысық)

7. Аласа ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (қой)
Ән: «Қошақаным» Орындайтын: Назерке
Кім жылдам? Берілген буындарды оқу.
Айда: Ұстаз - ұлы есім. Батырды да, дананы да туған ана десек, сол батырды да, дананы да тәрбиелеген ұстаз дер едім. Ең алдымен қолыңнан жетектеп жол сілтейтін ұстаз емес пе? Ұстаздарға мың алғыс!
Ақниет: Ұстаздар - ау сізге теңдес бар ма жан,
Өнерің мен біліміңе таң қалам.
Осы өмірде бәрі ұстаздан басталып,
Ұстаздардан жаралғандай бар ғалам.

Назерке: Көзге ыстық партасы,
Оқулығы картасы,
Оқу қызық болғаны,
Мұғалімнің арқасы.
Ақтоты: Ел сенімін ақтайды деп,
Деп ұстазым мақтайды.
Ұстазымның әр сөзін,
Көкейіме сақтаймын.

Есет: Біздермен ойнап күледі,
Сырымызды біледі.
Қасымызда қашанда
Қамқор болып жүреді.
Ұстаздар мерекесі құтты болсын!
Ән: «Ұстазым»

«Тез санап шық» ойыны. Геометриялық фигураларды санау.
Бәрі: Ер жетеміз, өсеміз,
Елге қызмет етеміз.
Мұғалімнің айтқанын,
Мықтап миға тоқимыз.
Сөз береміз сіздерге
Кілең беске оқимыз.
«Қара жорға» биі орындалады.
22 763
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Біз оқушы атандық
Біз оқушы атандық
Құрметті жиналған барша қауым. Аяулы ата - аналар, қонақтар. Бүгін елдігіміз ескеріліп, егеменді ел болған шақта бүгінгі күні сіздер үшін тойларыңызға тағы бір той қосылмақ.
Алғашқы қоңырау. Тілашар мерекесі
Алғашқы қоңырау. Тілашар мерекесі
Баланың ойын, тілін дамытып, дүниетанымын қалыптастырып, ана тілінде сөйлеу шеберлігін үйрету, қалыптастыру. Ой – қиялын шарықтау. Өлең жолдарын жаттатқызып, би билеуге үйрету, оқушы бойындағы ерекше қабілетін ашу, тәрбиелеу.
Біз мектепке барамыз
Біз мектепке барамыз
Мектепалды даярлық тобының оқушыларының тілашар мерекесіне жиналып отырсыздар
Тілашар ертеңгілігі
Тілашар ертеңгілігі
Оқушылардың тілін дамыту, мектеп, мұғалім, оқушы, оқулық, туралы түсініктерін қалыптастыру. Үлкенді құрметтеу, сыйлау, еңбекті бағалау. Отбасына, туған жеріне құрмет көрсете білуге тәрбиелеу.
Тілашар мерекесі
Тілашар мерекесі
Атырау қаласы, Геолог поселкесі, Қ.Сәтбаев орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Гулайым Куспанова
Тілашар мерекесі
Тілашар мерекесі
Астана қаласы, №53 мектеп-лицей бастауыш сынып мұғалімі Темиртаева Калдыкул Мейрамбековна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×