Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


10 саны мен цифры

27 сәуір 2019, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы.
Ересектер тобы.
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Қарапайым математика.
Тақырыбы: 10 саны мен цифры.
Мақсаты: 10 санының таңбасымен таныстыру. 10 санының құрамын анықтау. Балалардың жылдамдықтарын, ойшылдық, сауаттылық қасиеттерін дамыту. Шығармашылық еңбек етуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Билингвальды компонент: он, десять, тен.
Сөздік жұмыс: екі таңбалы сандар
Технологиялық картаны қамтамасыз ету: Сан таңбалары, слайд, сурет.
Пән аралық байланыс: Көркем әдебиет, қоршаған ортамен танысу.

Мотивациялық қозғаушылық
- Балалар бүгін бізге қонақтар келіп отыр екен. Қонақтармен амандасып алайық.
- Балалар үстел басында тұрып, қонақтарға қарап
Күннің көзі ашылып, көкке шуақ шашылып,
құтты қонақ келіпті, төрге міне еніпті,
сәлемдесу үлкенге, тәрбиенің басы ғой.
Сәлеметсіздер ме апайлар! Здравствуйте!
Good moning!
(Барлығы орындарына отырады.)
Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! «Білімділер клубына» қош келдіңіздер!
Өз білімдерін ортаға салатын үш топпен танысайық.
Бірінші топ: «Алғырлар»
Екінші топ: «Білімпаз»
Үшінші топ: «Тапқырлар»

Ұйымдастырушылық - ізденістік
Балалар бүгінгі біздің ойынымыз бес кезеңнен тұрады. Әр кезеңде 1 тапсырма болады. Тапсырманы дұрыс орындаған топ ұпайларға ие болады. Ал, енді «Атына заты сай» деген үмітпен ойынды бастаймыз.
І - кезең. Блиц - турнир
1. Бір жылда неше жыл мезгілі болады?
2. Бір аптада неше күн бар?
3. Төртбұрышта неше бұрышы бар?
4. Қандай геометриялық пішіндерде не басы не соны жоқ?
5. Заттарды бір - біріне біріктіргенде қандай амал қолданамыз?
6. 5 саны мен 7 санын арасында қай сан бар?
7. Заттар өзара бірдей болғанда, қандай амал қолданамыз?
8. Тоғыз саны қанша бірліктен тұрады?
9. Бір саннан екінші санды алу үшін қандай амал қолданамыз?
10. Бір таңбалы санның ішіңде ең үлкені қандай сан?
Жақсы балалар, ойларың ұшқыр екен бұл кезеңнен жақсы өттік, 1 - кезең өз мәресіне жетті.

Екінші кезеңді бастамас бұрын «Білімділер»
сайысына келіп отырған сіздерге азғантай үлесімді көрсеткім келіп отыр. Сендер білетін бір таңбалы сандардың ішінде ең үлкен сан қандай?
Ия, дұрыс айтасыңдар 9 саны болатын. Мына суретке назар аударыңдар, неше торғай отыр екен қане бірге санайық,(9) осы 9 торғайға 1 торғай келіп қосылды барлығы неше торғай болды? Ендеше, балалар 9 +1= 10саны болады.
Тоғызға бірді қосайық, жаңа шыққан санды біз 10 саны деп атайық. Қалай ойлайсыңдар,
бүгін біз қандай санмен танысамыз? (10) Дұрыс айтасыңдар біз бүгін 10 саны, цифрды оқуды және жазуды үйренеміз!
Ол үшін бізге екі цифр қажет 1 (бір) және 0 (ноль). 1 және 0 санынан тұратын санды біз 10 саны деп атаймыз. Екі цифрдан тұратын сан екі таңбалы сан деп аталады. 1 цифрдың артына дөңгелек әдемі
ноль цифрын қоятын болсақ, 10 деген сан пайда болады. 10 саны 10 бірліктен тұрады.
Ал, енді он санын ауада жазайық. Бір цифрын төменнен жоғары, жоғарыдан төмен сызамыз, содан соң ноль цифрын солға қарай сопақша қылып қасына жазамыз.
Енді, алдымызда жатқан парақтағы санды саусақпен жазамыз. Содан соң қарындашпен жазайық.
Жарайсыңдар балалар, рахмет!
Енді балар он санын қазақ тілінде, орыс тілінде және ағылшын тілінде санайық.
(слайд арқылы).
Міне балалар сендер білетін сандарға тағы бір сан келіп қосылды. Енді осы сандарды тура және кері санайық. Жарайсыңдар! Он санын жазу үшін неше цифр қолданамыз балалар?
Дұрыс айтасыңдар екі цифр қолданамыз екен.
Екі цифрмен жазылатын сандар екі таңбалы сан деп атайды екенбіз.
- 10 саны қанша бірліктен тұрады?
- 10 бірліктен тұрады екен.
Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Бәрін қосып санасақ
Болады екен 10 саусақ
Жақсы. Жаңа санмен танысу барысында мұқият тыңдап, белсенді қатысып жауап бергендерің үшін 3 топқа бір - бір ұпайдан беруді шештім.

- Ал, енді ойынымызды жалғастырайық.
- ІІ - кезеңін бірінші тапсырмасы «Көршісін тап» деп аталады.
- Шарты: 1 - ден 10 – ға дейінгі сандар тізбегінде
- жоқ сандарды атап беру.
- Алғырлар тобы: 1 - 3, 7 - 9.
- Білімпаз тобы: 4 - 6; 8 - 10.
- Тапқырлар тобы: 6 - 8; 3 - 5.
-
Балалар сәл тынығып алу үшін мен «Сергіту сәтін» жариялаймын.
1, 2, 3 - Қарлығаш боп үш
4, 5, 6 - Қарлығаш боп қалқы.
7. 8, 9, 10 - Қарлығаш боп қон.

- ІІ - кезең аяқталды, келесі ІІІ - кезең.
3 - кезеңің тапсырмасы «Құрамын тап» деп аталады. (слайд арқылы) І топ: 10 --- (2, 5, 3); ІІ топ: 10 ----(3, 6, 1); ІІІ топ: 10 ---(8, 1, 1)
Бәрекелді, барлық топ (------)

Келесі 4 -- кезең «Мысалдарды жаз» және дұрыс жауабын табу тапсырмасы.
Тауық шықты көшеге,
Ерді барлық шөже де.
Алға кетті 2 - еуі,
Артта қалды 3 - еуі.
Санай алмай барлығын
Есі шықты тауықтың.
Сен есепте, балақан,
Қанша еді балапан? (5)
10 саны мен цифры жүктеу
2 023
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Табиғат – біздің досымыз
Табиғат – біздің досымыз
Қоршаған ортаға деген көзқарасын кеңейтіп, табиғатты сүйюге, қамқор бола білуге, табиғат байлығын, сұлулығын сезіне білуге үйрету. Балаларды табиғатты аялауға баулу, экологиялық тәрбие беру.
Шуақты көктем
Шуақты көктем
Күн жарқырап, күннің өзі бізді көктем мезгілімен құттықтап тұрғандай. Бүгінгі оқу қызметімізді әдемі бір өлең шумағымен бастағым келіп тұр:
Бауырсақ ертегісі
Бауырсақ ертегісі
Ертегі сахналау барысында кейіпкерлердің мінез - құлқын жеткізе білуге үйрету. Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету. Сөздерді анық айтуға, есте сақтау қабілетін дамыту.
10 саны мен цифры
10 саны мен цифры
10 санының таңбасымен таныстыру. 10 санының құрамын анықтау. Балалардың жылдамдықтарын, ойшылдық, сауаттылық қасиеттерін дамыту. Шығармашылық еңбек етуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
10 саны мен цифры
10 саны мен цифры
Мақсаты: 10 санының пайда болуы. 10 санының таңбасымен таныстыру. 10 санының құрамын анықтау. Балалардың қабілеттерін, жылдамдықтарын, ойшылдық, сауаттылық қасиеттерін өмірде қолдана білуге үйрету.
Көбелек
Көбелек
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Жылтыр селосы, «Балбөбек» балабақшасы Қожабергенова Игілік Рыскелдіқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×