Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


10 саны мен цифры

31 қазан 2020, Сенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім саласы: Таным.
Ұйымдастырылған оқыту іс - әрекет түрі
Тақырыбы: 10 саны мен цифры.
Мақсаты: 10 санының пайда болуы. 10 санының таңбасымен таныстыру. 10 санының құрамын анықтау. Балалардың қабілеттерін, жылдамдықтарын, ойшылдық, сауаттылық қасиеттерін өмірде қолдана білуге үйрету. Ой өрісін, ойлау қабілетін дамыту. Ойын дұрыс айта білуге, шығармашылық еңбек етуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: 0 - ден10 - ға дейінгі кеспе цифрлар. Мақта қыз бен мысық ертегісінің суреттері.
Әдісі: сұрақ - жауап.
Пән аралық байланысы: тіл дамыту, көркем әдебиет.
Ұ. О. І. Ә - нің барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.
- Балалар бүгін бізге қонақтар келіп отыр екен. Қонақтармен амандасып алайық.
Психологиялық дайындық. Бір - біріміздің қолымыздан ұстап алақан жылуы арқылы жылы лебімізді білдірейік.
- Балалар мына ағаштың басында неше торғай отыр екен?
- 9 торғай
- Осы 9 торғайға 1 торғай келіп қосылды неше торғай болды?
- 10 торғай болды.
- 10 саны екі таңбалы сан. 10 саны екі цифр арқылы жазылады. 1және 0 сандарымен. 9 саны бір таңбалы санның ең үлкені.

Дәптермен жұмыс: 10 цифрын ауада жаздыру
10 санын жазайық. Есептер шығару.
- Балалар қандай ертегілермен таныстық?
- Енді көзімізді жұмып ертегілер еліне саяхатқа шығып келейік.
Көзімізді ашайық, ертегілер еліне келдік. Мақта қыз бен мысық ертегісін еске түсірейік.
Кіріспе әңгіме: Мысық қатықты төгеді, мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады.
- Апа құйрығымды берші?- деп жалынады.
Қыз: Сен менің тапсырмаларымды орындасаң мен сенің құйрығыңды қайтып беремін - дейді.
Мысық келіседі.
- Балалар, мысыққа көмектесеміз бе, тапсырмаларын орындаймыз ба?
- Көмектесеміз, орындаймыз.
1 Сиырдың тапсырмасы: 0 - ден 10 - ға дейін тура, кері санау.
2. Ағаштың тапсырмасы: Ағаштың басында 10 жапырақ ілініп тұр еді, кенетен жел тұрып 5 жапырақ жерге түсіп қалды. Ағашта неше жапырақ қалды? «5»
3. Қыздардың тапсырмасы: Оң қолыңда неше саусақ бар, сол қолыңда ше?
Сонда екі қолыңда неше саусақ болады? «10»
- Балалар шаршап қалған шығарсыңдар сергіту жаттығуын жасап жіберейік.
Сыңғыр, сыңғыр сырғалар
Құлағымда сырғалар
Оң қолымда білезік
Сол қолымда білезік
Саусағымда сақина
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10
Отырайық тып - тыныш
4. Дүкеншінің тапсырмасы: 3 санының көршісі кім екен? «2 4»
5. Тауықтың тапсырмасы: Мына есептерді шығар 5+4, 2+3, 0+3
6. Тышқанның тапсырмасы: Мына сандардың арасындағы жоғалған санды тапшы « 0,... 2,...,... 5,..., 7, 8,..., 10»
Сөйтіп мысық мақта қыздың барлық тапсырмасын орындап шықты.
Мақта қыз риза болып мысықтың құйрығын қайтып берді.
Енді балалар саяхаттан өз тобымызға қайтайық.
Орындарына жайғасады.

Ұ. О. І. Ә - ін қорыту: Балалар бүгін біз қандай санмен таныстық?
Қайда бардық?
Жарайсыңдар, балалар сендерге мақта қыз бен мысық риза болды. Бәрің де жақсы, үлгілі, білімді екенсіңдер. Олай болса қонақтармен қоштасайық.

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы,
№42 бастауыш мектебінің
мектеп алды даярлық тобының тәрбиешісі
Байғазы Гүлшара
27 139
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
10 саны және цифры
10 саны және цифры
10 санымен цифрымен таныстыру, құрамын анықтау.
Торғай мен мысық
Торғай мен мысық
Балаларға өлеңді есте сақтауға, тәрбиешіден кейін қайталауға үйрету. Сөйлеу мәнері мен дауыс ырғағының көркемдігін қалыптастыру.
10 саны мен цифры
10 саны мен цифры
10 санының таңбасымен таныстыру. 10 санының құрамын анықтау. Балалардың жылдамдықтарын, ойшылдық, сауаттылық қасиеттерін дамыту. Шығармашылық еңбек етуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
10 саны мен цифры
10 саны мен цифры
10 санының таңбасымен таныстыру. 10 санының құрамын анықтау. Балалардың жылдамдықтарын, ойшылдық, сауаттылық қасиеттерін дамыту. Шығармашылық еңбек етуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
3 саны мен цифры
3 саны мен цифры
Атырау қаласы, Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің мектеп алды дайындық тобының тәрбиешісі Ғилымғалиева Раушан Муслимовна
6 саны мен цифры
6 саны мен цифры
ШҚО, Аягөз қаласы Қалалық көп салалы қазақ мектеп - гимназиясы Бастауыш класс мұғалімі Садуақасова Гүлназ
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×