Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мәңгі қазақ жері - ұлы дала елі

03 маусым 2019, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Мәңгі қазақ жері - ұлы дала елі
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Балалардың туған жер, туған ел туралы түсініктерін кеңейту, білімдерін арттыру;
2. Дамытушылық: Баланың бойына адамгершілік, кішіпейілділік, адами қасиеттерді дамыту;
3. Тәрбиелік: Оқушыларды әдептілікке, әдемілікке, сыпайылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу;
Көрнекіліктер: тақырыпқа сай суреттері, бейнетаспа.

Сабақтың барысы: Әнұран
Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлеметсіңдер ме, оқушылар. Бүгінгі тәрбие сағатынан мен Жолдасбай Ару Бауыржанқызы беремін. Бүгінгі сабағымыз жоғары деңгейде өтеді деген сеніммен келіп отырмын. Бүгінгі сабаққа белсене қатысуларыңызды сұраймын. Бүгінгі сабаққа дайынсыздар ма? Сынып оқушылары түгел ме? Көңіл күйлеріңіз қалай? (Оқушылардың зейінін жинақтау, түгелдеу, оқу құралдарының дайындығын тексеру)

Психологиялық дайындық:
- Балалар, «Әдептілік белгісі - иіліп сәлем бергені» дегендей, қане, бәріміз бір - бірімізге иіліп амандасайық. (Бәрі осылайша сәлемдеседі, содан соң мына өлең жолдарын қайталайды)
Сыйлап сәлем беремін,
Көршілерді көргенде.
Ізетті де білемін
Үйге қонақ келгенде.
Әдепсіз деп сөкпесін,
Апама айтып өкпесін.
Шаттамын мен де!
Шаттанасын де!
Шаттанамыз бәріміз!
Арайлап атқан күнге!
Бәрімізге сәттілік серік болсын!

Жаңа сабақ:
- Сабаққа кіріспе (сұрақтарға жауап беру). «Ой қозғау».
1. Қазақстан қандай мемлекет?
2. Еліміздің халқы қай тілде сөйлеу керек?
3. Үш тұғырлы тіл саясаты туралы не білеміз?
4. Ел президенті кім? Ол туралы не білеміз?
5. ҚР - сы өз тәуелсіздігін қашан алды?
6. Ұлттық рәміздерімізді атаңдар? Ту - Шәкен Ниязбеков, Елтаңба - Шота Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков Әнұран - Ш. Қалдаяқов, Жұмекен Нәжімеденов, Н. Ә. Назарбаев.
7. Қазақстан қандай табысты елдермен ұзақмерзімді жоспар бойынша жұмыс жасауды? Қытай, Малайзия, Түркия елдерімен.

- Жарайсыңдар. Жауаптарыңа рахмет балалар. Біз сонымен бүгінгі тақырыпта осы туған жеріміз жайлы сөз қозғамақпыз. Олай болса, қанекей, балалар тарихымызға көз жүргіртіп өтейік. Ол үшін «Жылдар сөйлейді» ойынын ойнайық (ортаға 5 бала шығарады, әрқайсысының қолына 1991 ж, 1992ж, 1995ж, 1997ж, 1989 жылдары жазылған парақатарды таратылады, ал отырған балалар сол жылдарда не болғанын тауып айтуы керек)
«Жылдар сөйлейді»
1. 1991 жыл – Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алды.
2. 1992 жыл – Мемлекеттік рәміздерді белгіледік.
3. 1995 жыл – Ата Заңымыз қабылданды.
4. 1997 жыл – Жаңа әнұранның қабылданған жылы.
5. 1989 жыл – Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебеге ие болған жылы.
- Жарайсыңдар, балалар сендер барлығын біледі екенсіңдер. Енді, бейнероликке назар аударайық.

Сергіту сәті:
- Жақсы, енді балалар, шаршаған шығарсыңдар. Тұрып, бір билеп алайық.
Бейнебаян: «Мен қазақпын»
- Жақсы, орындарыңа жайғаса қойыңдар.
Топтық жұмыс:
Қазір біз қатар бойынша үш топқа бөлінеміз. Енді сендерге мынадай тапсырмалар беремін.

Мектеп: ЖББ №8 орта мектеп КММ
Әдіскер: Жахметова Б. К.
Мұғалім: Нұрділда А. А.
Машықкер: Жолдасбай А. Б.
Мәңгі қазақ жері - ұлы дала елі жүктеу
1 640
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сіз деген - әдеп, біз деген - көмек
Сіз деген - әдеп, біз деген - көмек
Балалардың «сыйластық», «қамқорлық», әдептілік, әдемілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Рухани жаңғыру: Қазақстанның үшінші жаңғыруы
Рухани жаңғыру: Қазақстанның үшінші жаңғыруы
Оқушылардың Отан туралы түсініктерін кеңейту. Егеменді ел жетістіктерімен қоса рухани жаңғырту бағдаламасымен таныстыру; Еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілетін дамыту;
Сыпайылық – адамгершілік айнасы
Сыпайылық – адамгершілік айнасы
Кішіпейілділік, тазалық, әдептілік, көмек беру, достық, жақсылық, ар - ұят, қызмет ету, имандылық, инабаттылық, елін, жерін сүю – адамгершіліктің басты ұстанымдары екенін ұғындыра отырып, оқушылардың бойына адамгершілікті сіңіру.
Әдептілік – адамдықтың белгісі
Әдептілік – адамдықтың белгісі
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №12 бастауыш мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Нуржанова Гулжан Аманжолқызы
Сыйластық деген не?
Сыйластық деген не?
Бастауыш сынып мұғалімі: Достыбаева Айсамал Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектеп
Әдептілік - тәрбие бастауы
Әдептілік - тәрбие бастауы
Атырау облысы Исатай ауданы, Жанбай селосы Х.Наубетов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Инкабаева Аян Тобаниязқызы Әдептілік - тәрбие бастауы «Әдептілік, ар - ұят - адамдықтың белгісі» Халық мақалы Мақсаты: 1.Адамгершілікке,
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×