Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Рухани жаңғыру: Қазақстанның үшінші жаңғыруы

07 наурыз 2018, Сәрсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Мектеп: ЖББ №8 орта мектеп КММ
3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Рухани жаңғыру: Қазақстанның үшінші жаңғыруы
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушылардың Отан туралы түсініктерін кеңейту. Егеменді ел жетістіктерімен қоса рухани жаңғырту бағдаламасымен таныстыру;
2. Дамытушылық: еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілетін дамыту;
3. Тәрбиелік: Оқушыларды оқушының еліне деген сүйіспеншілік, мақтаныш, патриоттық сезіміге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: тақырыпқа сай суреттер, бейнетаспа.

Сабақтың барысы:
Әнұран
1. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлеметсіңдер ме, оқушылар. Бүгінгі сабағымыз жоғары деңгейде өтеді деген сеніммен келіп отырмын. Бүгінгі сабаққа белсене қатысуларыңызды сұраймын. Бүгінгі сабаққа дайынсыздар ма? Сынып оқушылары түгел ме? Көңіл күйлеріңіз қалай? (Оқушылардың зейінін жинақтау, түгелдеу, оқу құралдарының дайындығын тексеру)

Психологиялық дайындық
- Балалар, қанекей бәріміз орнымыздан тұрып, мен оқыған өлең шумақтарын қайталайық, жарай ма?
Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін.
Амансыз ба, ағай,
Амансыз ба апайлар.
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге

Жаңа сабақ
- Балалар, біз қандай елміз? (тәуелсіз)
- Біздің Презиндентіміз кім? (Н. Ә. Назарбаев)
- Ол қашан Президент болып сайланды? (1991ж)
- Биыл тәуелсіздігімізге неше жыл? (26 жыл)
- Жақсы, дұрыс айтасыңдар балалар. Енді айта қойыңдаршы «Жаңғыру, жаңғырту» деген сөздерді естулерің бар ма? Естісеңдер, қай жерлерде естідік.
- Жақсы, енді балалар мен сендерге осы туралы айтып беремін. Мұқият тыңдап отырыңдар.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы ел халқы­на арнаған дәстүрлі жолдауы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталды. Форматы басқаша, яғни, баспасөз арқылы жасалған бұл бағдарламалық құжаттың мазмұны да жылдағыдан қысқа әрі нұсқа болып отыр. Елбасының жолдауында Қазақстан үшін басымдыққа ие мақсаттар мен міндеттер алғаш рет қысқа мер­зімге белгіленіп отыр. Бұл ретте әрине, Мемлекет басшысы елі­міздің 2050 жылға қарай әлем­дегі ең алдыңғы қатарлы 30 мемлекеттің қатарына қосылуға тиістігін тағы бір еске салды.
Осы мақсатқа қарай табандылықпен ілгерілеу қажеттігін, жалпы ел болашағын айқындап, сын - қатерлерді күтіп отырмастан, оған табанды түрде қарсы тұра алатын халық қана жеңіске жететіне кезекті рет үндеді.
- Жақсы, балалар енді бейнебаянға назар аударайық.

Бейнебаян: «Рухани жаңғырту: Қазақстанның үшінші жаңғыруы
- Балалар, бейнебаяннан не көрдік?
- Не түсіндіңдер?
- Осы жаңғыртудың елімізге пайдасы тиеді деп ойлайсыңдар ма? Қалай?

Қанекей, балалар «Жылдар сөйлейді» ойынын ойнайық (ортаға 5 бала шығарады, әрқайсысының қолына 1991 ж, 1992ж, 1995ж, 1997ж, 1989 жылдары жазылған парақатарды таратылады, ал отырған балалар сол жылдарда не болғанын тауып айтуы керек).
1. 1991 жыл – Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алды.
2. 1992 жыл – Мемлекеттік рәміздерді белгіледік.
3. 1995 жыл – Ата Заңымыз қабылданды.
4. 1997 жыл – Жаңа әнұранның қабылданған жылы.
5. 1989 жыл – Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебеге ие болған жылы.
- Жарайсыңдар, балалар сенден барлығын біледі екенсіңдер.

Тілдік құзіреттілік
- Қазіргі таңда үштілділікті енгізді, иә? Ол да осы рухани жаңғыртуға жатады екен. Ал, олай болса балалар, мынау мақалдарды қанекей үш тілде қайталап өтейік, содан соң дәптерімізге жазып алайық, жарай ма?
1. Отан - оттан да ыстық
Родина жарче огня
The birthplace of the hotter the fire
2. Отанды сүю – отбасынан басталады.
Родина начинается с семьи
The Motherland starts from the family
3. Отансыз - адам,
Ормансыз бұлбұл
Человек без родины
Как соловей без леса
A man without a country
Like a Nightingale without a forest

Сергіту сәті:
- Жақсы, енді балалар, шаршаған шығарсыңдар. Тұрып, бір билеп алайық.
Бейнебаян: «Мен қазақпын»
Шығармашылық жұмыс
1 - тапсырма:
- Қазақстан елінің өркендеуі мен дамуы ұшін қандай үлес қосар едің? Осы - сұраққа өз ойларыңды айтыңдар, не жасар едіңдер суретін салсаңдар болады. Ал, мен сендерге 5 минут уақыт беремін (мадақтау).
2 - тапсырма: тақтаға назар аударыңдар, содан соң көп нүкте тұрған жерлерге өздерің сөздеріңді қойып, толықтырыңдар.
Менің туған жерім.... Қазақстан - көп ұлтты республика. Қазақстанның астанасы – жаңа қала.... Қазақстаннвң тұңғыш Президенті –... Қазақстанның тәуелсіздігі... қабылданды. Биыл оған... жыл толды.

Қорытындылау
Қазақстанның үшінші жаңғыруы – уақыт талабы. Бұл ретте әрине, Мемлекет басшысы елі­міздің 2050 жылға қарай әлем­дегі ең алдыңғы қатарлы 30 мемлекеттің қатарына қосылуға тиістігін тағы бір еске салды. Болашаққа жарқын жол. Ал, болашақ мына сіздер мен біздердің қолымызда. Сондықтан, елімізге пайдамыз тиетіндей азамат пен азаматша болып өлейік. Сабағымыз осымен аяқталды. Сау болыңыздар!

Бағалау: әр балаға смайликтер тарату.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 628
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мәңгі қазақ жері - ұлы дала елі
Мәңгі қазақ жері - ұлы дала елі
Баланың бойына адамгершілік, кішіпейілділік, адами қасиеттерді дамыту;
Сіз деген - әдеп, біз деген - көмек
Сіз деген - әдеп, біз деген - көмек
Балалардың «сыйластық», «қамқорлық», әдептілік, әдемілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру
Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру
Көшбасшымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты халықтан қызу қолдау тапқан кешегі тұғырнамасын ширек ғасырды артқа тастаған Тәуелсіз Қазақстанның жаһандану дәуіріндегі рухани кеңістігіміздің жаңа бастауы деп бағалауымыз керек.
2017 - 2018 оқу жылғы Рухани жаңғыру бағдарламасына арналған іс - шаралар жоспары
2017 - 2018 оқу жылғы Рухани жаңғыру бағдарламасына арналған іс - шаралар жоспары
2017 - 2018 оқу жылғы «Рухани жаңғыру» бағдарламасына арналған іс - шаралар жоспары План мероприятии по реализации программы «Рухани жаңғыру» на 2017 - 2018 учебный год
Рухани жаңғыру стенд
Рухани жаңғыру стенд
Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру стенд
Рухани жаңғырудың жарқын жолы
Рухани жаңғырудың жарқын жолы
Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту; Оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×