Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көктем аруы

22 маусым 2019, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сайыс тақырыбы: Көктем аруы
Құрметті оқушылар мен ұстаздар және ата - аналар!
Бүгінгі біздің тобымызда «Көктем аруы» атты ерке қыздарымыз өз өнерлері мен сұлулықтарын көрсетеді. Сол үшін осы кешімізді «Ашық» деп жариялауға рұқсат етіңіздер!
Құрметті аяулы аналар мен сымбатты қыздар! Біз осы кешті пайдалана отырып, алда келе жатқан көктемнің бірінші мерекесі 8 наурыз әйел - қыздар мерекесімен құттықтаймыз. Сіздерге өмірдің шаттығын, күннің шапағатын тілейміз. Әрқашан осы балаларыңызбен бақытты өмір кешіңіздер!
Біздің сайысқа қош келіпсіздер!
Сайыс мақсаты:
«Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, сүйіспеншілікті арттыруға, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету. Бала бойына ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты қазақ қызына, келініне тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру»
Көрнекіліктері: Шарлар, ұлағатты сөздер жазылған плакаттар, гүлдер, құттықтау қағаздары, мадақтамалар.

Сайыс 6 кезеңнен тұрады.
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
"Қыз өссе елдің көркі" деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам - дей отырып, сайысымызды бастаймыз.
Сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.
1. «Ботақан» тобының тәрбиешісі: -----
2. Бастауыш сыныптар бойынша директор орынбасары: --------
Дорбадан санды текшелерді алып қыздарымыз өз нөмірлерін таңдайды.
Қыздар белгіленген орындарына отырады. Сайыс шартын түсіндіреді.
Қатысушылар:
1. Ашимбекова Марина
2. -
3. -
4. -
5. -
6. -
7. -
8. -
9. -
10. -
І кезең: «Өзін - өзі таныстыру»
ІІ кезең: «Шебер қолдар сайысы» (дайын қиылған ою үлгілерден ақ парақ бетіне сырмақ, кілем жапсыру) Шапшаңдылық пен әдемілік, ұқыптылық.
ІІІ кезең: «Сәнді киім, шаш үлгісі» Сән үлгі - 2014.
IV кезең: «Өнер» сайысы. Анасы қызымен бірге, болмаса жеке дара. (көркем сөз оқу, би, ән т. б.) Өз шеберліктерін көрсету.
V кезең: «Тапқыр, білгір, білімділер» (жұмбақ шешуін табу, ситуациялық сұрақтарға жауап беру)
VI кезең: «Қонақ күту» ( анасымен, тәтесімен)

1кезең: Кел, достар, бастайық,,
Бастайық той кешін.
Қызықтан еш адам,
Қалмасын құр қалып.
Бірінші сайыс - өзін - өзі таныстыру.
Көңілге түй сен мұны,
Әр бүлдіршін – ел гүлі.
Бақытты елде туғаның
Есіміңнен белгілі.

2 кезең: Әдет - ғұрып, салт – дәстүрі қазақтың,
Жарасымды үйлесімді ғажап шын.
Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,
Насихаттап, жаңартудан қашпайық..

3 - кезең: Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасын

4 - кезең: Өнерліге өріс кең.
Өнерсізден қашып жүр,
Өнермен үлгі шашып жүр.
Өнерді көп білетін дана болар,
Өнерсіздің ісі шала болар.

5 кезең – сұрақтар (дорбадан алып жауап береді анасымен бірге)

6 - кезең: Ата - бабамыздың ежелден келе жатқан салт - дәстүрлерінің бірі - қонақжайлылық. Қандай жағдайда да „құдайы қонақпын" деп келген адамды кеудесінен итермей, жылы шыраймен қарсы алып, қолдағы барымен дегендей, шамасы келгенше сый - құрмет көрсетіп аттандыру әркімнің парызы сияқты болатын.
Ендеше, соңғы сайысымыз - ас мәзірін дайындау.
Сонымен сөзді әділ - қазылар алқасына беріледі.
Өнеріміз сайыста,
Жетелейді алысқа.
Бүгінгі күннің жеңісі,
Достық болып қалуда
1 628
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ардақтысың сен – ана! мерекесі
Ардақтысың сен – ана! мерекесі
Музыкалық тақырыптық шығармаларды сауатты орындау арқылы балалардың рухани мәдениетін қалыптастыру. Анаға, әжеге деген сүйіспеншілікті ән құдіретімен жеткізу. аналарымызды сыйлауға тәрбиелеу.
Ана - өмірдің шуағы
Ана - өмірдің шуағы
Қарағанды қаласы, ЖОББ №53 мектеп – лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Джолимова Жанат Зиядиновна
Аяулы ана
Аяулы ана
8 - наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту. Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету.
Ана - бақыт, қыз - гүл
Ана - бақыт, қыз - гүл
Әйтеке би ауданы, Қарабұтақ орта мектебінің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі: Тныбекова Гульшара Апураевна
Қыз өссе – елдің көркі
Қыз өссе – елдің көркі
Павлодар облысы, Май ауданы, Көктөбе жалпы орта білім беретін мектептің мұғалімі Тлеумова Айсулу Жолдыбаевна
Көктем аруы қыздар арасында байқау
Көктем аруы қыздар арасында байқау
Мың бұралған арулар билей басып, Келеді міне ортаға толқып тасып. Аруларын сыйлаған халқым менің, Көңілді қошеметпен қарсы алайық.!
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×