Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Аяулы ана

06 маусым 2014, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
Аяулы әже, ардақты ана, ару қыздар.
Сабақтың мақсаты: 8 - наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту.
- Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету.
- оқушы бойында ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерін қалыптастыруға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Газет, нақыл сөздер, гүлдер, шарлар, магнитофон.

Сабақтың барысы:
1 - жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар, аналар!
2 - жүргізуші: Бүгінгі мереке 8 - наурыз - Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аяулы әже, ардақты ана, ару қыздар» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.
1 - оқушы: Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті аналар.
2 - оқушы:
Құрметтейік, о, адамдар аналарды.
Бізді өмірге әкелген даналарды.
Себебі ана деген асыл жан ғой
Ойлауменен істелік әр қадамды.
3 - оқушы:
Көктем күні көрікті,
Күн шұғыла төгіпті.
Сол көктемде мереке,
Дүниеге келіпті.
4 - оқушы:
Көктем күні көрікті
Шашты әлемге шуақты,
Наурыз өзі өмірді,
Нұрландырған сияқты.
5 - оқушы:
Наурыз келді,
Анажан серпіліңіз.
Шуақтанып,
Шаттанып желпініңіз
Кеудеңізде керемет оттар жатыр,
Сізден жылу әлемін күткеніміз.
6 - оқушы: Адамды дүниеге әкелетін, өмір сыйлайтын құдіретті ана емес пе? Сол құдірет иесінің алдында бәріміз де бас июге тиіспіз.

Би: «Кукарелла»
7 - оқушы:
Ақ сүтінен жаралған,
Ақ сүтінен нәр алған,
Анаға бас иеміз!
Туған елдің тілі деп,
Туған жердің үні деп,
Анаға бас иеміз.
8 - оқушы:
Біз мәңгілік сіздерге, аналар борыштармыз дегім келеді. Сіздерге балалық жүректен мың да бір алғыс! Мерекелеріңіз құтты болсын!
- Ән: «Анашым, қартаймашы»
9 - оқушы:
Мамам, мамам, ақ мамам
Мен де өзіңдей ақ балаң.
Айтқан тілді аламын,
Жұмсағанда барамын.
Ақ төсекке жатқызсаң,
Көзім жұма қаламын.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 783
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ардақтысың сен – ана! мерекесі
Ардақтысың сен – ана! мерекесі
Музыкалық тақырыптық шығармаларды сауатты орындау арқылы балалардың рухани мәдениетін қалыптастыру. Анаға, әжеге деген сүйіспеншілікті ән құдіретімен жеткізу. аналарымызды сыйлауға тәрбиелеу.
Аналар - асыл жандар
Аналар - асыл жандар
8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту; Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету;
Гүл мереке, күн мереке – 8 - наурыз!
Гүл мереке, күн мереке – 8 - наурыз!
8 - наурыз аналар мен қыздар мерекесін атап өту. Отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың өмірі, өмір гүлі аналарды, нәзік жанды қыздарды сыйлауға үйрету; Қыздарды әсемдікке, іскерлікке баулу
Ана мерейі тәрбие сағаты
Ана мерейі тәрбие сағаты
8 - наурыз халықаралық әйелдер күніне байланысты
Ана - өмірдің шуағы
Ана - өмірдің шуағы
Қарағанды қаласы, ЖОББ №53 мектеп – лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Джолимова Жанат Зиядиновна
Ару ана - асыл ана
Ару ана - асыл ана
№3 орта жалпы білім беретін қазақ мектебінің мұғалімі Г.И.Есенова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×