Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Түбір мен қосымшаның жазылуы

27 шілде 2019, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Түбір мен қосымшаның жазылуы
Сабақтың мақсаты: а) Түбір мен қосымшаның жазылуы туралы алған білімдерін одан әрі жалғастыру, жинақтап, пысықтау.
ә) Сөздің түбірі мен қосымшасын дұрыс ажырата білуге, сөздің мағынасын түсінуге төселдіру, сауатты жазу мен ауызекі сөйлеу тілдерін жетілдіру.
б) Әдептілік пен адамгершілікке, сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, ойын, қима қағаздар.
Сабақтың әдісі: Ауызша, жазбаша, сұрақ - жауап, ізденіс, топтық, жеке жұмыстар.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. «Кім білгіш?» ойыны
Мұғалім: - Мен сөздерді оқимын, сендер сөзге қандай қосымша жалғанып тұрғанын айтасыңдар.
Домбырашы, кітаптар, әдепті, гүлдер, тәртіпті, талапты, бесікке, тазалықшы, балалар, татулық, ақиқатқа, тыныштық. Бүгін сабақты ойын сайыс түрінде өткіземіз. Және топ болып білімімізді ортаға салып, өз жетістіктерімізді көрсетеміз.
1 - топ: «Түбір» 2 - топ: «Жалғау» 3 - топ: «Жұрнақ»

ІIІ. Жаңа сабақ.: Түбір мен қосымшаның жазылуы
Біз бүгінгі сабақта «Түбір мен қосымшаның жазылуы», яғни түбір және қосымша туралы алған білімімізді одан ары жалғастырып, шыңдай түсеміз.
Дәптерімізді ашайық, Оны көлбеу қояйық. Қолға қалам алайық, Әдемі етіп жазайық.
Көркем жазу сәті

59 - жаттығу. Күй, жыр сөздеріне төмендегі қосымшалардың тиістісін қосып жаз.
Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалған сөзді туынды сөз дейміз.
Түбір сөздің соңғы буыны жуан болса, оған жалғанатын қосымша да жуан болады.
Түбір сөздің соңғы буыны жіңішке болса, оған жалғанатын қосымша да жіңішке болады.
60 - жаттығу. Қарамен жазылған сөздерге қосымша жалғап жаз.
61 - жаттығу. Көп нүктенің орнына - лар, - лер, - тар, - тер, - дар, - дер жалғауын жалға.
қуыршақ - тар өсімдік - тер құлындар шағалалар өрмекшілер қыздар кітаптар жидек - тер жүзім - дер
IV. Сергіту. Ойын: Көбелек қуу. Қар жинау.
V. Қорытынды бөлім «Ойымды жалғастыр» бөлімі (теориялық білімді меңгеруі)
Түбір - мағынаны білдіреді. Түбір - сөз бола алады.
Түбір - одан әрі бөлінбейді. Түбір - қосымшалар жалғанады.
Қосымша - бір өзі тұрып мағынаны білдірмейді. Қосымша - түбірге жалғанады.
Қосымша - сөз бола алмайды. Қосымша - сөз мағынасын өзгертеді.
Қосымша - сөз бен сөзді байланыстырады.
Ойын шарты. Мына берілген суреттерге қарап, сол заттар бойынша қосымшаларын жалғаймыз
1 - топ 2 - топ 3 - топ Суреттер беріледі, сол суреттерді атына қосымша жалғап жазу.

VI. Бағалау
VII. Үйге тапсырма: 62 - жаттығу.
Ережені жаттау.
Түбір мен қосымшаның жазылуы. жүктеу
3 507
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сөз және оның құрамы. 1 – 5 жаттығулар.
Сөз және оның құрамы. 1 – 5 жаттығулар.
Сөз құрамымен таныстыру. Түбір мен қосымшаның бір - бірінен айырмашылығын аңғарту. Қосымшаның түрлері жалғау және жұрнақ. Олардың өзіндік белгілері.
Сөз құрамымен таныстыру. 325 – 329 жаттығулар.
Сөз құрамымен таныстыру. 325 – 329 жаттығулар.
Сөз құрамымен таныстыру. Түбір мен қосымшаның бір - бірінен айырмашылығын аңғарту. Қосымшаның түрлері жалғау және жұрнақ. Олардың өзіндік белгілері. Түбірлес сөздер.
Түбір мен қосымша. 305 – 309 жаттығулар.
Түбір мен қосымша. 305 – 309 жаттығулар.
Сөз құрамымен таныстыру. Түбір мен қосымшаның бір - бірінен айырмашылығын аңғарту. Қосымшаның түрлері жалғау және жұрнақ. Олардың өзіндік белгілері.
Жұрнақ пен жалғау
Жұрнақ пен жалғау
Сөз құрамымен таныстыру. Түбір мен қосымшаның бір - бірінен айырмашылығын аңғарту. Қосымшаның түрлері жалғау және жұрнақ. Олардың өзіндік белгілері.
Түбір мен қосымша
Түбір мен қосымша
Сабақтың тақырыбы: Түбір мен қосымша
Түбір мен қосымшаның жазылуы
Түбір мен қосымшаның жазылуы
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы,№26 мектеп - гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Макенова Гүлмира Уахитқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×