Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дұрыс тамақтана біл!

04 тамыз 2019, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Дұрыс тамақтана біл!
Дүниетану 2 сынып

Сабақтың мақсаты: Түрлі дереккөздер негізінде пайдалы және зиянды тағамдардың арасындағы айырмашылықтарды анықтау.

Психологиялық дайындық
Күн күлімдеп нұр төкті, бізге жолдап..
Сәлем!
Жақсы сөздер нұр септі, бізге жолдап...
Сәлем!
Еске сақтап кеңесті, достарға сыйла...
Сәлем!
Кел, қосылып айтайық бір - бірімізге...
Сәлем!

Үй тапсырмасын сұрау
Сұрақ - жауап: Гүлге көбелек қондыру.
1. Мектепте кімдер жұмыс жасайды?
2. Оқушыларға үзіліс не үшін беріледі?
3. Үзіліс кезінде өзіңді қалай ұстауың керек?
4. Кей уақытта мектептен тез арада шығу қажет болады, бұл қандай жағдайлар?
5. Ондай жағдайда саған қандай ережелерді білу керек?

Мағынаны ашу
Ой тастау

Оны күткен адамдар,
Ұзақ өмір сүреді.
Қадірін білген жарандар,
Байлық осы деседі.
(Денсаулық)

Адамның ең үлкен байлығы – денсаулық. Ал денсаулықты, ағзаның күшін нығайтудың басты кепілі – дұрыс тамақтану.
Адам ағзасы үшін сыртқы ортаның кері әсерлеріне үнемі қорек тұруға тырысады. Тамақтану – адам ағзасы үшін аса маңызды қажеттілік.
Біздің денсаулығымыз көбінесе қалай
тамақтануымызға байланысты. Дұрыс тамақтану – денсаулық негізі. Ой еңбегіне, іс - әрекетке де күніне көп күш – қуат жұмсалады. Ол қуатты, ағзаға қажетті қоректік заттарды біз ішер
астан аламыз. Ендеше біз бүгін сабағымызда осы тамақтану туралы сөз қозғамақпыз.

Жаңа сабақ
Дұрыс тамақтана біл!

Тағамның құрамында ақуыз жеткілікті болса, сен тез өсесің.
Май біздің ағзамызға мол күш – қуат береді.
Ағзада көмірсу қоры көп болған сайын адам шыдамды келеді.
Біздің ағзамызға минералды тұз бен дәрумен қажет.

Жеміс – жидек пен көкөністер дәруменге өте бай.

Сенің ағзаңа қажетті өнімдердің құрамында қандай дәрумендер бар, олардың қандай пайдасы бар?
А - дәрумені көздің көруін жақсартады.
В - дәрумені ағзаны нығайтып, күш - қуат береді.
С - дәрумені иммунитетті көтеріп, ауруға қарсы тұрады.
Д - дәрумені сүйектерді қатайтады.
Е - дәрумені жетіспеген кезде шаш сиреп, шаршағандық пайда болады. Терінің қартаю процесі жылдамдайды.

ДЕСКРИПТОР
Дұрыс тамақтануды біледі;
Дәрумендерді ажырата алады;
Дәрумендердің пайдасын біледі;

Дәптермен жұмыс:
Жеке жұмыстар
Жұмыс біткенде өз өзіңді бағала!
Дұрыс тамақтана біл! жүктеу
3 577
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дұрыс тамақтана біл
Дұрыс тамақтана біл
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын мақсаттары: 2. 1. 4. 1 Түрлі дереккөздер негізінде пайдалы және зиянды тағамдардың арасындағы айырмашылықтарды анықтау
Дұрыс тамақтана біл!
Дұрыс тамақтана біл!
Пайдалы және зиянды тағамдардың арасындағы айырмашылықтарды анықтау
Жаны саудың − тәні сау
Жаны саудың − тәні сау
Оқушылардың денсаулық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру. Денсаулығын сақтай білу іскерлігін дамыту.
Мен құрылысшы боламын, Біз үй саламыз
Мен құрылысшы боламын, Біз үй саламыз
Әр түрлі мамандық туралы білімдерін кеңейту, түрлі мамандыққа, жұмыс түрлеріне қатысты сөздерді (құрылысшы, мұғалім) айта білу. Құрылысшы мамандығымен және олардың еңбегімен таныстыру
Үйлесімді тамақтану – денсаулықтың кепілі
Үйлесімді тамақтану – денсаулықтың кепілі
Қарағанды қаласы, №68 МИББ кешенінің физика пәні мұғалімі Біләл Дина Төлеуханқызы
Дұрыс тамақтану — денсаулық кепілі
Дұрыс тамақтану — денсаулық кепілі
Астана қаласы, № 8 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бектұрғанова Бақытгүл Қабделқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×