Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дұрыс тамақтану — денсаулық кепілі

19 қараша 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Дүниетану сабағы 2 - сынып
Тақырыбы: Дұрыс тамақтану — денсаулық кепілі

Мақсаты: • Денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсінеді, салауатты өмір салтын ұстануға тырысады.

Күтілетін нәтиже:
• Денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығын біледі.
• Денсаулықты күтуге, дұрыс тамақтануға үйренеді.
• Дұрыс тамақтанғанда ғана дені сау болатынын түсінеді.
Міндеттері:
Оқушыларға сауатты тамақтану негіздерін түсіндіру, дұрыс тамақтану туралы білімдерін толықтыру, жүйелеу. Ойларын еркін жеткізуге мүмкіндік беру. Салауатты өмір салтын ұстануға жетелеу.

Тренинг
Топтарға бөліну
Топты бағалау парақшаларын беру
Ортаға шығып, музыка арқылы билеп, серігу.
Тағамдар таңдау арқылы 5 топқа бөліну.
Өткенді қайталау
Сұрақтарға жауап беру:
● Сенің отбасында қандай - қандай дәстүрлер бар?
● «Қонақжайлылық» дегенді қалай түсінесің?
● «Жылу жинау» дәстүрі туралы айт.
● «Адамгершілік» дегенді қалай түсінесің?

Слайд қарап сабақтың тақырыбын табу.
Оны күткен адамдар,
Ұзақ өмір сүреді.
Қадірін білген жарандар,
Байлық осы деседі. (денсаулық)

Дұрыс тамақтанудың денсаулыққа қандай әсері бар?
Мәтінді оқып, әр топ өз ойларын ортаға салады?
Біз қалай тамақтанамыз?
Оқушының алдын - ала жүргізген сауалнамасының нәтижесімен танысу.
Сонымен, тамағымыздың құрамына енетін заттарды, олардың денсаулыққа маңыздылығын, келесі слайдтан көреміз.
Балалар мен жасөспірімді дұрыс тамақтандыру олардың денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік береді, еңбек ету мен сабақ үлгеру қабілетін арттырады. Егер тамақтану дұрыс ұйымдастырылмаса, тиімсіз, яғни жеткіліксіз болса, ағзада зат алмасу бұзылып, оның айналадағы ортаның зиянды әсеріне және әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұрарлық қабілеті төмендейді.

• Тамақтану сауаттылығының бес негізі
1) Тамақ құрамында негізгі қоректік заттардың болуы (нәруыз, май, көмірсу);
2) Тамақ рационында қосымша заттардың болуы (витаминдер, микроэлемент);
3) Тамақ нәрлігі адам жасына, денсаулық күйіне, табиғат климатына байланысты;
4) Тәулік бойынша тамақтану тәртібінің мөлшерін сақтау;
5) Тамақтанудың санитарлық – гигиеналық нормаға сай болуы.
Әр топқа тапсырма: денсаулыққа ең пайдалы және зиянды тағамдар тізбегін құрастыру. Қима суреттер мен жазуларды пайдалану арқылы. (ірімшік, балық, сүт, нан, алма, шай, бал, чипсы, кока - кола, сникерс, кириешки, майонез, жұмыртқа, балмұздақ, ботқа, сосиски, торт, газдалған су, гамбургер айран, тұздалған балық, қант)
Сонымен, дұрыс тамақтану туралы не білдіңдер?
Оның денсаулыққа қандай байланысы бар?
Өздерің сабақтан қандай қорытынды жасайсыңдар?

Үйге мәтінді оқу 77 - 78 бет, сұрақтарға жауап дайындап келу.
Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңді көрсету үшін ортаға шығып, смайликтердің тұсына тұруға шақырамын.
Келген қонақтарға да смайликтер таратылып, өз ой - пікірлерін жазуды сұраймын.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
13 858
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Денсаулық құпиялары
Денсаулық құпиялары
Оқушылардың өз денсаулығына жаңаша көзқараспен қарап, оны сақтауға үйрету, балалардың өз денсаулықтарын сақтауға, тазалыққа, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Жаны саудың − тәні сау
Жаны саудың − тәні сау
Оқушылардың денсаулық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру. Денсаулығын сақтай білу іскерлігін дамыту.
Дәмді және пайдалы
Дәмді және пайдалы
Қазақстандағы әртүрлі ұлт өкілдерін біріктіретін қонақжайлылық ұғымының мәнін түсінеді. Алған білімін алдағы күнде қолданады.
Салауаттылық – денсаулық кепілі
Салауаттылық – денсаулық кепілі
Оқушылардың «денсаулық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, оны күту іскерліктерін дамыту
Үйлесімді тамақтану – денсаулықтың кепілі
Үйлесімді тамақтану – денсаулықтың кепілі
Қарағанды қаласы, №68 МИББ кешенінің физика пәні мұғалімі Біләл Дина Төлеуханқызы
Дұрыс тамақтану — денсаулық кепілі
Дұрыс тамақтану — денсаулық кепілі
Ақтөбе қаласы, № 53 орта мектебінің бастауыш калсс мұғалімі Сембі Кенжегүл Бақытқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×