Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Математика. Өткенді бекіту

21 қаңтар 2020, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ұйымдастыру кезеңі 2 минут
Оқушылармен амандасу.
Топтарға бөлу.
Қысқы спорттық ойын түрлері бейнеленген карточкалар ұсыну арқылы өтеді. Оқушылар құрастырмақ арқылы топтарға бөлінеді. Құрастырмақтарда спорт ойындары: сноуборд, шаңғымен сырғанау, керлинг және мәнерлеп сырғанау бейнеленген.
Психологиялық ахуал қалыптастыру: 3 минут
«Топ атауына қарап өз топ атын ассоцияциялап айту»
Сноуборд - сабырлы, шаңғы - шаршамайды, керлинг - көпшіл, мәнерлеп сырғанау - математик.
68+ =7026+ =30
35+ =4052+ =60
Тапсырмаларды орындап, шығару жолын түсіндіру.
Білу және түсіну
Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады. Тапсырмаларды орындайды.
«Елшілер» әдісі
Мақсаты:
Белсенді тыңдау, шешендік өнер және сөйлеу мәнері, бөлу және өзара байланыс құру.
Сыныпты жоспарлау
Бөлмеде 4 - 5 адамнан тұратын топтар.
Жұмыс алгоритмі
Топтар тапсырмаларды орындап болғаннан кейін топтың бір адамы «елші» болып сайланады да, зерделенген материалды түсіндіру және жинақтау, бұл туралы жаңа топтың ойын, бір шешімге келгенін немесе жетістікке жеткенін білу үшін басқа топқа барады. Бұдан кейін елші өз тобына қайтып оралып, білгендерін айтып береді. Бұл – шаршататын және бір сарынды «баяндама жасалатын», мезі қылатын сабақтардан құтылуға мүмкіндік беретін тамаша әдіс. Сондай - ақ бұл әдіс елшінің тілді қолдану шеберлігін көрсетеді, әрі белсенді тыңдаушылар тобын қалыптастырады.
Шарты:
1 - гүлзар - 17 г Шешуі: 17+19=36 г
2 - гүлзар - 19 г 45 гүл 45─36=9 г
3 - гүлзар -? г
Жауабы: 9 гүл
Қолдану
Визуалды дәлелдер тапсырмасын орындау.
Шарты: оқушылар суреттерге қарап өз болжамдарын жасайды. Мысалы: ат арба қашан пайда болды; автомобиль кай жылы пайда болды; жылқыны адам қолға қашан үйретті.
Дәптермен жұмыс.
Дәптермен, тақтамен жұмыс.
Оқулықта берілген есептерді түріне қарай топта, жұпта, жеке орындату. Тапсырмалар орындау соңында кері байланыс орнату. Оқушылардың тапсырманы орындау деңгейіне сай бағалап отыру.
Сергіту сәті «Молекула»
Шарты: екі жұп оқушы мұғалім айтқан санның қосындысын, айырмасын бірігіп орындап, саусақтарымен көрсетеді.
Синтез
Қызықты қосымша тапсырмаларды орындау.
Сабақ бойы алған жаңалығын, эмоциясын жазып беру, немесе суретін салу.
Сабақ барысында жинаған ұпайларын санап, бағалау, мадақтау.
1 517
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Екі таңбалы сандардың разрядтық құрамы
Екі таңбалы сандардың разрядтық құрамы
Екі таңбалы сандардың разрядтық құрамын анықтау, разрядтық қосылғыштарға жіктеу.
Түбір мен қосымша Шынықсаң шымыр боласың
Түбір мен қосымша Шынықсаң шымыр боласың
Түбір мен қосымша. Шынықсаң шымыр боласың (қысқа мерзімді жоспар)
Ілік септік
Ілік септік
Оқушыларға сұрақ беру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу, жаңа сабақты меңгерту. Кімнің? Ненің? деген сұрақтарымен таныстыру. Жалғауларды сөздерге дұрыс жалғай білуге үйрету, жаттығулар орындау.
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздікті шешу
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздікті шешу
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздікті шешу ережелерін пайдаланып, есептер шығару дағдыларын дамыту. Оқушылардың білім, білік, дағдыларын қалыптастыру және бағалау, есептеу техникаларын жетілдіру.
Шаңғы тебудің әдіс - тәсілдері
Шаңғы тебудің әдіс - тәсілдері
Шаңғы спортының мазмұнын, ережелерін, ерекшеліктерін шаңғы тебудің әдіс - тәсілдерін, шаңғыны күтіп ұстауды теория жүзінде үйрету.
Разрядтық қосылғыштар
Разрядтық қосылғыштар
Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Т. Рысқұлов атындағы орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі: Серикова Б. Д.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×