Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Балықшы мен балық

21 қаңтар 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
№ 197 қазақ орта мектебі, бастауыш сынып мұғалімі
Сахиева Роза Файзуллақызы

Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: «Балықшы мен балық» (ертегі)

Сабақтың мақсаттары: 1) Білімділігі: Ертегі мазмұнымен таныстыру, оқушыларға ертегі туралы түсінік беру, алған білімдерін өмірде пайдалана білуге, оқу, жазу, сурет салу арқылы сын тұрғысынан ойлауын жетілдіру. 2) Дамытушылығы: Ертегіні оқыта отырып, сөздік қорларын молайту, тіл байлығын арттыру, тез жүгіртіп оқуларын және з ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту. 3) Тәрбиелігі: Оқушыларды азға қанағат етуге, ашкөз болмауға, адал еңбек етуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Көрнекілік, түсіндіру, топтық жұмыс, сын тұрғысынан ойлау элементтері, топтастыру, сөздік әдіс, венн диаграммасы, сынау әдісі
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, қазақ тілі, бейнелеу өнері.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Бүгінгі күннің ауа райы болжамымен таныстыру, «әрбір арайлап атқан күніңізге сәттілік тілеймін»,- деп сабақты бастаймыз.
Ұйымдастыру кезеңінде оқушыларды үш топқа бөлемін.
І топ: Актерлер
ІІ топ: Жазушылар
ІІІ топ: Суретшілер
Әр оқушының алдына өзін - өзі бағалау парағы таратылады
Оқушының аты жөні. Үй жұмысы. Өткенді пысықтау. Жаңа сабақ. Топтық жұмыс. Жаңа сабақты бекіту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
- Балалар, үйге қандай тапсырма берілді?
-«Оқуға шақыру»өлеңін жаттап келу.
- А, Байтұрсынов туралы зерттеп келу.

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.
Сынау әдісі арқылы «Бәрін білгім келеді»ойынын ойнату.
10 – Қай тарауды өтіп отырмыз?(асыл сөз)
20 – Жаңылтпаш дегеніміз не? (шапшаң айтылатын бір шумақ өлең)
30 – Білім деген байлық бар,
еш байлық оған жетпейді,- деген үзінді кімнің өлеңінен»?(Ө. Тұрманжанов)
40 – Балалар, оқуға бар, жатпа қарап,
Жуынып, киініңдер шапшаңырақ,- деген үзінді кімнің өлеңінен? (А. Байтұрсынов)
50 –«Оқуға шақыру»өлеңі не туралы? (еңбек ету)
60 –«Оқу мен еңбек егіз» халық ауыз әдебиетінің қай түріне жатады? (мақал)

ІІІ. Жаңа сабаққа кіріспе.
Ойын «Тұлғаны таны»
Бірнеше авторлардың портреттерін көрсету. Сол арқылы кім, қандай шығармалары бар екенін білу.
Топтастыру. Автор туралы мәлімет беру.

1872 - 1937 ж
ақын ағартушы
Қостанай обл,
Жангелдин ауд
А. Байтұрсынов ғалым
Аудармашы
оқулық авторы
әдебиет зерттеуші

ІV. Жаңа сабақ.
Қызығушылықты ояту. Ребус шешу. Ребустың жауабы арқылы жаңа сабағымыздың тақырыбын шығарып алу
- Ендеше, біз бүгін А. Байтұрсынов ағамыздың тағы да «Балықшы мен балық»ертегісін өтеміз.
Венн диаграммасы
Балық Балықшы

- Балалар, ертегі дегеніміз не?
- Ертегі халықтың қиялдауынан, армандауынан туатын шығарма.
Оқулықпен жұмыс.
Ертегіні мұғалімнің оқуы.
Дәптермен жұмыс.
Сөздік жұмыс.
Пұл - ақша, сом, теңге
Сергіту сәті
Оқушылардың тізбектей оқуы.

Сұрақтармен жұмыс. Ойын «Балық аулау»
1. Бүгінгі сабақтың тақырыбы? (Балықшы мен балық)
2. Шығарманың қай түрі? (ертегі)
3. Ертегі деген не? (Халықтың қиялынан пайда болған шығарма)
4. Ертегі не туралы? (Қанағатшылдық туралы)
5. Балықшы балықтың айтқанымен келісті ме? (жоқ)
6. Балықшы балыққа не деді? (көп пайдадан дәметіп, аздан айырылу дұрыс емес)
7. «Азға қанағат етпесең, көптен құр қаларсың»дегенді қалай түсінесің? (қанағатшыл бол)
8. Қайсысы ақылды?(Балықшы)
9. Ертегінің авторы кім? (Ахмет Байтұрсынов)
10. Өмірде тойымсыз адамдар бар ма? (бар)

Тапсырмамен жұмыс.
І топ. Актерлер. Ертегіні рөлге бөліп оқу.
ІІ топ. Жазушылар. «Азға қанағат етпесең, көптен құр қаларсың» дегенге эссе жазу.
ІІІ топ. Суретшілер. Мәтін мазмұны бойынша сурет салу.

Қорытынды:
Ертегіні білдік
Балық түрлерімен таныстық
Балық пен балықшыны салыстырдық

Нәтиже А. Байтұрсыновты таныдық
Балықтың желбезегімен тыныс алатынын білдік.
Портрет арқылы тұлғаны таныдық
Сурет салдық
Эссе жаздық
Сахналадық
9 330
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күншіл үйрек ертегісі
Күншіл үйрек ертегісі
Ертегінің мазмұнын, негізгі ойды меңгерту, түсініп оқу, түсінігін әңгімелеу дағдысына үйрету. Шығармашылық қиялын, жүйелі ойлау қабілетін, сөздік қорын молайтып, тіл байлығын жетілдіру.
Ертегіні оқып отырып, кейіпкерлерінің суретін салу
Ертегіні оқып отырып, кейіпкерлерінің суретін салу
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы Сағыз селосы, № 9 орта мектеп мұғалімі Махметова Ұлжан
Балықшы мен балық (ертегі)
Балықшы мен балық (ертегі)
Ақмола облысы, Аршалы ауданы, №3 Аршалы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жақсылық Күлшара Әзілханқызы
Балықшы мен балық
Балықшы мен балық
Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Мичурин орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Кукеева Орынкуль Исмагуловна
Мақта қыз бен мысық (ертегі)
Мақта қыз бен мысық (ертегі)
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы, Б. Аманшин атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Махамбетова Сандуғаш Сағынғалиқызы
А.Байтұрсынов. Балықшы мен балық (ертегі)
А.Байтұрсынов. Балықшы мен балық (ертегі)
Ахмет Байтұрсыновтың «Балықшы мен балық» ертегісінің мазмұнымен таныстыру. Оқушылардың оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауын, есте сақтау, салыстыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×