Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мақта қыз бен мысық (ертегі)

15 ақпан 2013, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Тіл дамыту 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Мақта қыз бен мысық (ертегі)
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділігі: Тақырыпты дұрыс оқыту, мазмұнын меңгерту, мән - мағынасын ашу;
2. Дамытушылығы: Балаларға бағыт – бағдар бере отырып, өздіктерінен қорытынды шығаруға машықтандыру;
3. Тәрбиелігі: Балаларды мейірімді, адал болуға, адамгершілікке тәрбиелеу, арам пиғылдан, мейірімсіз іштарлықтан бойларын алыс ұстауға үйрету;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, шығармашылық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: Бейнелеу өнері, интерактивті тақта
Сабаққа қажет құралдар: түрлі түсті бояулар, ақ қағаздар
Пән аралық байланыс: бейнелеу

Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу. Оқу - құралдарын реттеу. Сабақта жоқ оқушыларды түгелдеу.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
- Өткен сабақта үйге не берілді?
- Ы. Алтынсариннің «Асыл шөп» атты мәтінді үйден оқып келу.
- Кім айтады? (2 - 3 оқушыдан сұрау)

Топтастыру
Бәтима - сабырлы ақылды, қажырлы, еңбекқор
Зылиқа - шыдамсыз қиындыққа төзімсіз,

Қызығушылықты ояту
шелек
сиыр
торғай
етік
гүл
інде

3. Жаңа сабақ
Қазақтың көрнекті ақыны, жазушысы Ы. Алтынсарин Қостанай облысының Қостанай ауданында туған. Балалық шағын атасы Балғожа бидің қасында өткізген. Ол қазақ балаларына арнап мектеп ашқан. Оның көптеген шығармалары бар. Соның бірі,, Мақта қыз бен мысық,, атты ертегі деп аталады.
Мұғалім тақырыпты түсіндіреді ( Ертегінің суреттері слайдпен беріледі).

4. Оқулықпен жұмыс. Мәтінді оқушыларға оқыту
5. Сөздік жұмысы.
Бас салды – шап беріп ұстай алды
Бір уыс – шағын, кішкентай
Қатық - сүт
Дәптерге көшіру
7. Шығармашылық жұмыс.

1) Қима суреттерден ертегі құрастырып, бояу
2) Ертегіні рольге бөліп оқу

Ой толғаныс
Ертегінің аты: Мақта қыз бен мысық
Ертегінің авторы: Ы. Алтынсарин
Басты кейіпкерлер: Мақта қыз, мысық
Жолда кездесетіндер: Сиыр, ағаш, қыздар, дүкенші, тауық, тышқан
Құтқарушы: Мақта қыз
Нені үйрендіңдер? Достыққа адал болуды

Үйге тапсырма: Ертегіні оқып, түсінік айту
Бағалау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 991
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мақта қыз бен мысық
Мақта қыз бен мысық
Білімділігі: оқушыларға мақта қыз бен мысық туралы түсінік бере отырып, ертегіні рольге келтіріп, әңгімелеп түсіндіру.
Әліппе саған мың алғыс!
Әліппе саған мың алғыс!
Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылы, Шоқан Уалиханов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Капышева Айгүл Қалымбекқызы
Тәкаппар. Ш. Смаханұлы
Тәкаппар. Ш. Смаханұлы
Ойыл ауданы, Жақсыбайкөл негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Исеғали Жайдар Серікқызы
Ананың біз гүліміз
Ананың біз гүліміз
Павлодар облысы, Ақсу қаласы, № 2 мектептегі шағын орталық тәрбиешісі Ахметова Сулушаш Заркешқызы
Мақта қыз бен мысық
Мақта қыз бен мысық
Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Заградовка орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Айнагүл Қадыркенқызы Тыштықаева
Мақта қыз бен мысық
Мақта қыз бен мысық
Мұғалім: Садықова Динара Пердаузиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×