Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Математика әлеміне саяхат

06 ақпан 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Математика әлеміне саяхат
Сабақтың мақсаты:
Қарапайым математикалық ұғымдар арқылы баланың ой-өрісін дамыту.
Міндеттері:
1. Білімділік: Оқу танымдық құзіреттілікті дамыту.Өрнек құрастыра білуге үйрету,өрнектерді дұрыс оқуға, айырма мен қосынды компоненттерін атай білуге үйрету дағдыларын қалыптастыру.
2.Дамытушылық: Оқушының ойын арқылы ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3.Тәрбиелік: Ақыл-ой белсенділігіне, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Цифрлар,дидактикалық материалдар,суреттер,пішіндер.
Сабақтың типі: Қорыту сабағы.
Әдіс-тәсілдер: ой қозғау,сұрақ-жауап, көрсету,санау, есептеу.
Сабақтың түрі: Саяхат-ойын сабақ.

Сабақтың барысы:
1.Психологиялық дайындық:
- Сәлем бердік –Алтын күн,
Сәлем бердік-ашық аспан!
Сәлем бердік баршаға
Қайырлы таң достар!
Қайырлы таң қонақтар!

2.Ой-сананы арттыру
Бүгінгі күн талабы
Біле білсең бұл дәуір
Математика заманы.
Осындай көңіл күйімізбен сабағымызды бастаймыз.
Бізге саяхатқа шығуға кім келді?
Балалар: Дара келді.
Сендер Дара кім екенін білесіңдер ме?
Дара мультфильмін еске түсіреміз.
Дара: Сәлем балалар. Менімен саяхатқа шығасыңдар ма? Мен сендерге сыйлықтар әкелдім.
Иә, Дараның сыйлықтарына жету үшін бірнеше өткелдерден өту керек.Ол үшін тапсырмаларды орындауымыз керек.
1.Өзеннен өту керек. Ол үшін қандай пішіндерден өтеміз?
- Үшбұрыштардан.
Түсі сары, кіші,орташа үлкен.
1.тапсырма. Сандар қатарын анықта. Тура,кері санау.
2 тапсырма «Көршісін ата» ойыны.

II. Көпірден өту керек.Көпірге жету үшін қандай пішіндерден өтеміз.
- Төртбұрыш...
а/ Әрбір санды суретпен сәйкестендіру.
б/ Гүлдегі мысалдарды есептеу,компоненттерін атау

1.Демалыс сәті:
«Сұр қоян»
2 тапсырма.Қоянға көмектесу. Қоянның кәрзеңкесі бос.
-Қоян қандай көкөністі жақсы көреді.
-Сәбізді.
-Енднше сәбіз жинаймыз.
-Сәбіз артындағы тапсырмаларды орындап кәрзеңкеге саламыз.
1+1,
2+1
3-1
3+1
4+1
5+1
6+1
7+1
8+1
4.Орманнан өту.
1-тапсырма Сандарды салыстыру.
2*4
5*2
6*8
7*9
3*5
5*9
8*1
2-тапсырма. Дәптермен жұмыс
Санның қатарын әдемі жазу есеп шығару

5.Қорыту.
Саяхат ұнады ма?
Не білдік? Не көрдік?
Дара балаларға сыйлықтарын таратты.
9 635
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Шуақты қала
Шуақты қала
Балаларға мерекелік көңіл күй сыйлай отырып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Сурет салуғa деген ынталарын артыру.
Геометриялық пішіндер
Геометриялық пішіндер
Ойындар арқылы заттардың түстері мен геометриялық пішіндер туралы білімдерін пысықтап, пішіндерді бір - бірінен ажыратып атай білуге үйрету, қиял болжамдарын дамытып, қабілеттерін шыңдау.
Қасым Аманжолов. Қазақстан
Қасым Аманжолов. Қазақстан
Ақын өмірінен мағлұмат беру. Өлеңді мәнерлеп оқуға, мазмұнын меңгеріп тақырыбы мен идеясын аша білуге, өлеңді теориялық жағынан талдай білуге үйрету.
Балалар арасындағы асфальтта сурет салу байқауы
Балалар арасындағы асфальтта сурет салу байқауы
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №5 "Балғын" балабақша тәрбиешісі Әлменова Ботакөз Ақылбекқызы
Геометриялық пішіндер
Геометриялық пішіндер
Ақтөбе қаласы №30 «Ұрпақ» МДҰ тәрбиешісі Оразова Бибигүл Темешовна
Математика – ақыл - ой гимнастикасы
Математика – ақыл - ой гимнастикасы
Математика – ақыл - ой гимнастикасы атты сабақтың тақырыбымен таныстыру; ойын ережелерімен таныстыру, математикалық ұғымдарды қайталау, қосу, алу, көбейту, бөлу тәсілдеріне берілген жаттығуларды орындау арқылы меңгерту;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×