Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ертегі кейіпкерлерін бейнелеу

11 ақпан 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Ертегі кейіпкерлерін бейнелеу
Сабақтың мақсаты:
1. Ертегілерді еске түсіру, елестету арқылы ертегі кейіпкерлерінің бейнелерін қағаз бетіне түсіре білуге машықтандыу.
2. Тапқырлыққа, қайырымдылыққа, ұқыптылыққа, әдемілікті түсіне білуге, талғампаздыққа баулу.
3. Оқушылардың дүниетанымдарын, ақыл - ойын, шығармашылығын арттыру. Ойлау, есте сақтау, қайта жаңғырту қасиеттерін, танымдық қызығушылықтарын дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сын тұрғысынан ойлау, практикалық.
Сабақтың көрнекілігі: «Ертегілер елінде» ертегі кітаптар бұрышы, ертегі кейіпкерлерінің суреттері.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі:
А) Алғашқы ұйымдастыру
(оқушылардың оқу құралдарын реттеп, зейіндерін сабаққа аудару)
- Сәлеметсіңдер ме! 2 «Ә» классына қош келдіңіздер! Қазір бізде бейнелеу сабағы.
Балалар, бүгінгі сабағымыз күнделікті сабағымыздан сәл ерекше. Өйткені, сабаққа көп қонақтар келіп отыр. Сондықтан сабақ барысында оқып - білген, үйренгендерімізді, жақсы жағынан көрсете білейік. Алдымен өздеріңді
«Мен қандаймын?» сұрағына жауап бере отырып, таныстырып өтіңдер.
«Мен қандаймын?» сұрағына әр оқушы өз есімдерін қоса жақсы қасиеттерін айту.(өздік мен концепциясы, өзін - өзі тану) Мысалы, Альбина – әдемі, Мирболат – тәртіпті, Арман – суретші т. с. с.

2. Үй тапсырмасын тексеру.
Екі жақты күнделіктің сұрақтары:
1. Табиғат көрінісін бейнелеген көркем шығарма «портрет» деп аталады.(жоқ)
2. Адамның бет пішіні бейнеленген көркем шығарма «пейзаж» деп аталады.(жоқ)
3. Саз балшықпен, ермексазбен, ағашпен, таспен жұмыс істеп, бейне тұрғызатын суретшілерді «мүсінші» дейді.(иә)
4. Ә. Қастеев 1904 жылы Алматы облысының Шежін ауылында дүниеге келді.(иә)
5. 2004 жылы Ә. Қастеев атамыздың 100 жылдық мерей тойы тойланды.(иә)
6. Акварель бояуы суда ерімейді.(жоқ)

3. Жаңа материалды меңгерту.
а) Ой қозғау
- Ерте, ерте, ертеде
Ешкі жүні бөрте де
Қырғауылы қызыл екен
Құйрық жүні ұзын екен – жолдары ненің бастамасы?
- Ертегі
ә) Топтау
- «Ертегі» сөзін естігенде қандай ой келеді, не естеріңе түседі, көз алдарыңа не елестейді?
Ертегі: - Ұшқыш кілем, жезтырнақ, хан, ханшайым, жағыз көзді дәу, сөйлейтін жануарлар, Айдаһар

- Олай болса, бүгінгі сабағымыз ертегі туралы болмақ. Сабақтың тақырыбы: «Ертегі кейіпкерлерін бейнелейік» деп аталады. Бұл сабақта ертегілерді еске түсіріп, ертегі кейіпкерлерінің бейнелерін қағаз бетіне түсіре білуге, яғни бейнелей білуге үйренеміз.
«Ертегілер елінде» бұрышына шолу.
Бұл қазақ ертегілерінің жинақтары. Бұл кітаптарда хайуанаттар жайлы, тұрмыс - салт ертегілері, шыншыл ертегілері, қиял - ғажайып ертегілердің түрлері бар. Өздерің айтып кеткен айдаһар да, жезтырнақ та, ұшқыш кілем де, хан мен ханшайымдарды да осы ертегілерден таба аласыздар.

Оқулықпен жұмыс
- Ертегіні оқу
- Бұлар қандай ертегілерден алынған үзінді?
- «Қаңбақ шал» мен «Алтын сақа» ертегілерін еске түсіру
- Қаңбақ шал мен Мыстан кемпірге мінездеме беру.(ауызша)
Қаңбақ шал ------Мыстан кемпір
Ақылды -----------Ұсқынсыз
Айлакер -----------Кәрі
Жеңіл --------------Тістері үлкен, өткір т. с. с
Практикалық жұмыс
РАФТ стратегиясымен жұмыс
Рөл – ертегі кейіпкерлері
Аудитория – оқушылар, тыңдармандар
Форма – сурет, арыз - шағым, тілек.
Тақырып – «Ертегі кейіпкерлері»
- Ертегілердегі ұнатқан кейіпкерлеріңді, ұнаған үзіндіні бейнелей отырып, сол кейіпкерлердің рөліне еніп арыз - шағым айту немесе тілек айтуларыңыз керек. Олай болса, Іске сәт! Жұмыстарыңызға кірісіңіздер.
Практикалық әрекет
Сергіту сәті
Қылқаламды қояйық
Орнымыздан тұрайық
Қолымызды созайық
Оңға қарай иіліп
Солға қарай иіліп
Белімізді жазайық
Айналаға қарайық
Отырайық, тұрайық
Біз тынығып алайық
Тынығып біз алған соң
Әсем сурет салайық
(Суреттерін жалғастырып салу)
- Суреттерін аяқтаған оқушылар бейнелеген кейіпкерлерінің рөліне еніп, арыз - шағымдарын, тілектерін айтады.(оқушыларды тыңдау)

Қорытынды
- Ертегінің қай бөлімін салдың?
- Қай кейіпкер ұнады? Неліктен?
Бағалау
Ауызша бағаланады.
Үйге тапсырма беру.
Өздерің білетін ертегілердегі кейіпкерлерді бейнелеу.
39 215
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Маша мен аю
Маша мен аю
Балаларды таныс ертегі кейіпкерлерін ажырата білуге, таныс ертегілер бойынша қойылымдарды сахналауға үйрету. Театр жанрларын меңгерту. Дамытушылық: Балалардың есте сақтау, ойлау, сөйлеу қабілеттерін арттыру.
Ертегіні тауып айт
Ертегіні тауып айт
Балаларға өздері білетін ертегі кейіпкерлері жайлы, олардың мінездеріне сипаттама беруге үйрету, байланыстыра сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін дамыту, адамгершілікке тәрбиелеу.
Ертегілер еліне саяхат
Ертегілер еліне саяхат
Халық ауыз әдебиетіне деген қызығушылығын ертегілер арқылы арттыру. Өздері білетін ертегілерінің кейіпкерлерін атау арқылы, тілдерін жетілдіре отырып, ертегі кейіпкерлерін білуге үйрету.
Ертегілер әлемінде
Ертегілер әлемінде
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ахметова Мәншүк
Ертегіні оқып отырып, кейіпкерлерінің суретін салу
Ертегіні оқып отырып, кейіпкерлерінің суретін салу
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы Сағыз селосы, № 9 орта мектеп мұғалімі Махметова Ұлжан
Ертегілер еліне саяхат
Ертегілер еліне саяхат
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ү. К. Томанов атындағы № 183 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жұмағалиева Азимаш
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×