Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Санның квадраты және кубы

17 ақпан 2013, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Математика 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Санның квадраты және кубы.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға санның квадраты және кубын табуды үйрету, кестелік көбейту мен бөлу жайлы білімдерін тиянақтау.
Дамытушылық: ауызша, жазбаша есептеулер арқылы логикасын дамыту, қиялын ұштап, қабілеттерін шыңдау.
Тәрбиелік: Табиғатты сүюге, аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: пысықтау, сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс: дүниетану, ана тілі

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Бір-біріне сәттілік тілеу.
ІІ. Өткен сабақты пысықтау. Ұяшықтардың астындағы сұрақтарға жауап бер

1. 3 саны жазылған ұяшықтардың астындағы тапсырмалар:
а/8 х 9
7 х 8
4 х 6
ә/36: 4
24 : 3
54 : 9
б/ Қабырғасы 6см шаршының ауданын тап

2. 4 саны жазылған ұяшықтардың астындағы тапсырмалар:
а/ Қандай санның көбейтіндісі 18-ге тең?
ә/ Бір тәулікте 24 сағат бар? Тәуліктің жартысы неше сағат болады? Ширегі ше?
б/ Ұзындығы 4см, ені 3см тік төртбұрыштың периметрі тап

3. 5 саны жазылған ұяшықтардың астындағы тапсырмалар:
а/ Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті дегеніміз не?
ә/ Терімділік қасиеті дегеніміз не?
б/ Көбейтудің үлестірімділік қасиетін айт.

ІІІ. Балалар, қазір қандай жыл мезгілі? Қыс. Бәріміз қыстың тамаша бір күнін көз алдымызға елестетіп көрейікші. Дала тып-тынық, жапалақтап қар жауып тұр. Осындай кезде далаға шығып аққала соқсақ қандай тамаша болар еді. Ендеше сол аққаланы құруға біз дайынбыз ба?
Ол үшін біз келесі тапсырмаларды орындауымыз керек.

1-тапсырма: Жұппен жұмыс
9; 8; 6; 7; 5 сандарының квадратын табу
2; 3; 10; 1 сандарының кубын табу./бір партадағы екі оқушы бірінің жұмысын бірі тексереді/

2-тапсырма Оқулықпен жұмыс
№1, 2
Сергіту сәті
Қолға қарды алайық,
Аққаланы соғайық.
Дөңгеленіп тұрайық,
Үстімізді қағайық.
3-тапсырма. Есептер құрастыру
суреттері
/бір доптың / ----------------------/екі сағаттың/ --------------- /үш қарындаш/
Бағасы: ------------------------------Бағасы:------------------------- Бағасы:
100 т ----------------------------------50 теңге----------------------- 20 теңге
Шешуі:50х2=100 ------------------20х3=60 ---------------------- 100+100+60= 260т
Аққаланың тапсырмасы: Логикалық тапсырма: «Май шам»
Үстелдің үстінде 5 май шам жанып тұр еді. Еркін оның 4-еуін өшіріп тастады. Үстел үстінде неше май шам қалды? /4 май шам /
ІҮ. Қорытынды:
8 -----49----- 27---- 81--- 36---- 64 ----1
ең –бек---- тү -----бі ----бе ----ре--- ке
7квад; ----8квад; -----3кубы; -----2кубы; ---9квадр; ----6квадр; -------1кубы;
бек, --------ре, ------------тү, ---------ең, ---------бі, ------------бе, ------------ке.
Оқушылардың білімдерін бағалау. Үйге тапсырма:№3, 6 109 бет
23 693
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Санның квадраты. Санның кубы
Санның квадраты. Санның кубы
Математика оқулығының әдістемесі, мұғалімге арналған нұсқаулық
Санның квадраты. Санның кубы.
Санның квадраты. Санның кубы.
Санның квадраты және санның кубы ұғымымен таныстыру, көбейту және бөлудің мағынасын бекіту, ауызша, жазбаша есептеулер арқылы логикасын дамыту, қиялын ұштап, қабілеттерін шыңдау, қызықты тапсырмалар орындата отырып, математикаға деген қызығушылығын
Текше. Санның кубы
Текше. Санның кубы
Оқушыларға санның квадраты және кубын табуды үйрету, кестелік көбейту мен бөлу жайлы білімдерін тиянақтау. Ауызша, жазбаша есептеулер арқылы логикасын дамыту, қиялын ұштап, қабілеттерін шыңдау.
Көбейту мен бөлуге берілген есептер шығару
Көбейту мен бөлуге берілген есептер шығару
Көбейту мен бөлуге берілген есептерді шығару, фигуралардың ауданын табу, санның квадраты және кубын көбейтіндімен алмастыру, теңдеулерді шешу туралы білімдерін жетілдіру.
Санның квадраты, кубы
Санның квадраты, кубы
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, №31 Ақтасты бастауыш мектебінің мұғалімі Саулембаева Салтанат Жандарқызы
Санның квадраты. Санның кубы
Санның квадраты. Санның кубы
Дәреженің көрсеткіштері ретіндегі санның квадраты және кубы ұғымдарымен оқушыларды таныстыру. Оқушыларды бірдей екі санның көбейтіндісін санның квадратымен, ал үш бірдей санның көбейтіндісін санның кубымен алмастыруға үйрету.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×