Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ата – ананы құрметтеу туралы

24 ақпан 2013, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ана тілі 2 «А» класс
Сабақтың тақырыбы: Ата – ананы құрметтеу туралы
Сабақтың мақсаты:
а) білімдік: Қабуснамадан келтірілген үзіндіні дұрыс, түсініп оқуға үйрету.
ә) дамытушылық: сауатты, жүргізіп оқуын, тілдік қорын дамыту.
б) тәрбиелік: ата - ананы құрметтеуге, сыйлауға, көңілін таба білуге, ренжітпеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі: саяхат, сайыс
Сабақтың әдісі: иллюстративті – түсіндірмелі, репродуктивті
Сабақтың құралдары: интерактивті тақта, видео, диктофон, минус музыка.
Сабақтың көрнекілігі: Қабуснама, оқулық, дәптер, бағалау карталары, әлем картасы,
кестелер, ата - ана суреттері, топ аттары жазылған қағаздар, ағаш
суреттері

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру
А) Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу
ә) Оқу құралдарын алдыру
б) Сынып тазалығын қадағалау
в) Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Ұшқан ұя
Бауыржан Момышұлы
(Мәтінді сахналау арқылы көрсетеді)

ІІІ. Психологиялық дайындық
Бақытты балалық шақ (видеоролик көрсету)

ІҮ. Жаңа тақырып
1. Қабуснама – ертеде жазылған үгіт - насихатқа толы кітап. Оны жазған адамның есімі – Қайқаус. Ол бұл кітапты өзінің ұлына арнап жазған.
2. «Қабуснамадан» келтірілген үзіндіні тыңдайық.
(Мәтінді диктофоннан толығымен тыңдату)
Қайқаус
Ата – ананы құрметтеу туралы
Ей, перзентім, ата - ананы құрметтеуің қажет екенін ақыл - ой, парасат тұрғысынан байқап білгейсің. Өйткені әрбір перзенттің тегі ата - ана ғой. Не үшін ата - анамды құрмет жасаймын деп ойыңа да алма. Олар сен үшін өзін өлімге де қиятыны белгілі.
Ей, перзентім, ата - анаңды ешқашан ренжітуші болма... Олардың көңіл - күйіне қаяу салып, қапаландырмағын.
Сені жан - тәнімен жақсы көріп, тәрбиелеп жүрген ата - ананың көңілін қалдыратын құрттай іс жасасаң, сен ешқандай да жақсылыққа лайықты жан емессің. Өйткені кімде - кім ата - ананың жақсылығын білмесе, басқа біреудің жақсылығын да бағаламайды. Егер сен өз перзентім құрметтесін десең, сен де ата - анаңды құрметте. Сен ата - анаңа не істесең, саған перзентің де соны жасайды. Перзент жеміске, ата - ана жеміс ағашына ұқсайды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
19 540
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әдептілік әліппесі. 44 – 45 жаттығулар (күнделікті сабақ жоспар)
Әдептілік әліппесі. 44 – 45 жаттығулар (күнделікті сабақ жоспар)
Сөйлемнен жуан және жіңішке айтылатын сөздерді таба білу дағдыларын пысықтау. Адамгершілікке, білімділікке тәрбиелеу. Еңбекке баулу. Үлкенді сыйлауға, ананы құрметтеуге тәрбиелеу.
Баубек Бұлқышев «Ана»
Баубек Бұлқышев «Ана»
Ананы жақсы көріп сыйлауға, құрметтеп аялауға тәрбиелеу. Ата - ананы, үлкенді сыйлауға, жақсы көруге баулу.
Тымақ. Буын
Тымақ. Буын
Сөздердегі дауысты дыбыстарға қарай бөлінетін буынмен таныстыру. Сөздерді буынға дұрыс бөлуге, дұрыс оқуға үйрету.
Ата-ананы құрметтеу туралы. Қайқаус
Ата-ананы құрметтеу туралы. Қайқаус
Ата-ананы құрметтеу туралы. Қайқаус
Баубек Бұлқышев «Ана»
Баубек Бұлқышев «Ана»
ШҚО, Семей қаласы «№ 16 ЖОББМ» КММ Бастауыш сынып мұғалімі Оразаева Раушан Турсыновна
Фариза Оңғарсынова "Жылу"
Фариза Оңғарсынова "Жылу"
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы, № 3 жалпы орта білім беретін мектеп КММ бастауыш сынып мұғалімі Жұмаханова Қасиет Бейсекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×