Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


4-ке көбейту және бөлу

06 сәуір 2013, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: 4 - ке көбейту және бөлу
Мақсаты: 4 - ке көбейту, бөлу тәсілімен таныстыру. Есте сақтау жолдарын іздестіру. Білім, білік дағдысын кеңейту, тереңдету. Есептеу машығын жетілдіру.
Тәрбиелік мәні: Оқытудың өмірмен байланысын нығайту, топта бірлесе жұмыс істеуге тәрбиелеу, өз бетінше жұмыс жасауға төселдіру, алған білімін пайдала білуге, татулыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушылардың ақыл - ойын, пәнге қызығушылығын, таным қаблеттерін, зейіндерін, белсенділіктерін, логикалық ойлау, салыстыру қаблеттерін дамыта отырып, ауызша және жазбаша есептеу арғылы білім деңгейін дамыту.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру.
Әдісі: Проблемалық іздену, топпен жұмыс.
Түрі: Аралас сабақ.
Көрнекілігі: Жазбақағаздар, «Қазақ елі» монументінің макеті, логикалық тапсырмалар жазылған таратпа материалдар, тақта, оқулық.
Сабақтың барысы:
ІҰйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық.
Мақсатымыз білім алу.
Міндетіміз еңбектену,
Еңбек етіп топтаса,
«5 - ке» қолды жеткізу.
Жақсы көңіл - күймен сабағымызды бастайық. Сабағымызды «Тәуелсіз ел тірегі білімді ұрпақ» ұранымен бастай отырып, тәуелсіздігіміздің тұғыры Астана төрінен орын алған «Қазақ елі» монументімен танысамыз. Ендеше біз бүгін өз білімімізді көрсетейік.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (ауызша): Екінің, үштің көбейту және бөлу кестесі.

1 топ
7*2=
6*3=
3*2=
9*3=
5*2=
4*2=

2 топ
2*2=
3*4=
9*2=
5*3=
6*2=
4*3=

3 топ
10: 2=
18: 9=
15: 3=
12: 2=
14: 2=
15: 3=
Логикалық тапсырмалар беру. Үш топқа парақшаға жазылған тапсырмалар таратылады. Бұл тапсырма топпен шешіледі.
1 топ: Торда үш қоян бар еді. Үш оқушы бір - бірден қоян алды. Сонда торда әлі де бір қоян қалды. Олай қалай қалды?
Жауабы(біреуі торымен алды).
2 топ: Тауық екі аяғымен тұрғанда 3 кг тартады. Бір аяғымен тұрғанда неше кг тартады?
Жауабы (3 кг).
3 топ: Бес бұтақта қайыңда,
Бұтақ сайын бес алма.
Біреуін бер Сайынға,
Сонда қалды неше алма?
Жауабы (Қайыңда алма өспейді).
Мұғалім: Жақсы біледі екенсіңдер!

ІІІ. Жаңа сабақ: Проблемалық іздену. Үш топқа тапсырмалары бар карточкаларды таратып беру.
Бірінші тапсырма: төрт бірдей санының қосындысын табу және одан шыққан қосындыны көбейтумен алмастыру.
1 топ: 4+4+4+4=16; 4*4=16
2 топ: 3+3+3+3=12; 3*4=12
3 топ: 2+2+2+2=8; 2*4=8
Екінші тапсырма:
1 топ: 16 дәптерді 4 бала нешеден бөліп алады? (16: 4=4)
2 топ: 12 қарындашты 3 бала нешеден бөліп алады? (12: 3=4)
3 топ: 8 кәмпитті 2 бала нешеден бөліп алады? (8: 2=4).
Мұғалім: Барлығында төрт шықты, бәрекелді! Енді бүгінгі сабағымыздың тақырыбын дәптерлеріңе жазып қойыңдар. Сабағымыздың тақырыбы «4 - ке көбейту және бөлу».
Дәптерге жазу. Проблемалық сұрақ:
- Көбейту кестесін не үшін қолданамыз?
- Көп таңбалы сандарды тез есептеу үшін, есептерді жеңілдету үшін.
- Дұрыс айтасыңдар. Енді сендер тіл сабақтарынан, тәрбие жұмыстарынан, салт - дәстүрге байланысты 4 - ке қатысты қандай ұғымдарды білесіңдер?
- Дүниеміз 4 бұрышты: оңтүстік, солтүстік, шығыс, батыс.
- 4 мезгіл, 4 түлік.
- Ендеше 4 – ке көбейту, бөлу кестесін құрайық.
Бірінші тапсырма: Плакатқа жазылған кестенің көбейтіндісін ауызша есептеу.
4*4=4+4+4+4=16 1 - ші тәсіл,
5*4=5*3+5=20 2 - ші тәсіл.
- Көбейту кестесін құрдық, енді оны тез есте сақтау жолдарын ойластырайық.
- Әрбір көбейтінді алғашқы көбейтіндіден 4 – ке артып отырады. Мысалы: 16, 20, 24, 28, 32, 36, 40.
Екінші тапсырма: Көбейтіндіге кері амал бөлу. Көбейтінді арқылы бөлу кестесін құру. 16: 4=4, 20: 4=5, 24: 4=6 т. с. с.

ІV. Жаңа білімді меңгеруін тексеру:
- Балалар барлығың көбейту мен бөлуді меңгерсеңдер екі немесе үш мысалмен өздеріңді тексеріп көріңдер.
Бірінші тапсырма: Сандар жазылған парақты тақтаға ілу. Осы жазылған сандардың ішінен 4 – тің көбейту кестесінде кездесетін сандарды теріп жазып оны мысалдармен дәлелдеңдер.
1 топ: 15, 16, 74, 36, 86, 18; мысал: 4*4=16, 9*4=36.
2 топ: 21, 17, 24, 41, 32, 27; мысал: 6*4=24, 8*4=32.
3 топ: 14, 20, 37, 41, 28, 92; мысал: 5*4=20, 7*4=28.
Екінші тапсырма: Үш топқа ортақ. 4 - тің көбейту кестесінде 3, 6, 4, 0, 9, 2, 1, 8 сандарына аяқталатын сан бар ма? Мысалдармен дәлелдеңдер.
4*4=1
9*4=3
5*4=2
8*4=3
6*4=2
7*4=2
Мұғалім: Дұрыс балалар, жарайсыздар! Біз монументтің тұғырын тұрғыздық. Тұғырда дүниенің төрт бұрышына қаратылған 4 барельеф орналасқан.
№ 2 есеп. Салыстыру. Ұқсастығы неде? Айырмашылығы неде?
а) Есептің шартын оқыту.
- Шартында не туралы айтылған?
- Олимпияда, оқушылар.
- Не белгілі? 8 сыныптың әрқайсысынан 4 - 4 - тен оқушылардың қатысқаны, 1 - турдан кейін 15 оқушының шығып қалғаны.
- Есеп бізден нені сұрайды?
- Қанша оқушы жалғастырғанын.
- Есепті бірден шешуге болады ма?
- Жоқ!
- Неге?
- Алдымен олимпиадаға 8 сыныптан қанша оқушы қатысқанын тауып алуымыз керек. Сосын одан шығып қалған оқушыларды алып тастаймыз.
1) 8*4=32
2) 32 - 15=17
Жауабы: 17 оқушы жалғастырды.
ә) Екінші баған. Оқушыға оқыту. Талдау.
- Не белгілі?
- Келген оқушылар белгілі және олардың тең бөлінгені белгілі.
- Нені табу керек?
- Неше бөлмеге орналасқанын.
16: 4=4
Жауабы: 4 бөлмеге орналастырды.
Салыстыру:
Ұқсастығы: Олимпияда, оқушылар туралы, екеуінде де 4 - ке көбейту, бөлу.
Айырмашылығы: Сан мәндері әртүрлі, 1 – ші есеп екі амалмен, ал 2 - ші есеп амалман шығарылады. Сұрағы, шешілуі, жауабы әртүрлі.

V. Сергіту сәті:
1 2 3 біз есепке садық күш,
«Артық» десе қосамыз.
«Кем» десе аламыз,
«Есе артық» десе көбейтеміз.
«Есе кем» десе бөлеміз,
Соны еске сақтап қой.
Логикалық тапсырмалар: «Фигуралар» ойыны. Әр топқа жеке тапсырмалар беру.
№3. Ауызша есептеулер. 3 топқа бөліп беру.
1 топ: 24: 4=? ------- 24: 6=? -------- 6*3=?
2 топ: 4*6=? -------- 20: 5=? -------- 20: 4=?
3 топ: 4*5=? ------- 5*4=?
Ортақ сұрақ. 4 - ке көбейту кестесіндегі қай теңдікті пайдаландық? 6*4, 5*4.
№4. Өзіндік жұмыс.
4+4=8
4 - 4=0
4*4=16
4: 4=1
8>0
16>1.
Қосынды айырмадан, көбейтінді бөліндіден үлкен болады.
№5. Есеп қиын деп тұрмай,
Ойлап бір сәт көріңдер.
Біліміңді тексеріп,
Өрнек құрып беріңдер.
1 - баған үлгі ретінде ауызша шығару, келесі 2 - баған 1 - топқа,
3 - баған 2 - топқа,
4 - баған 3 - топқа.
Ал бесінші бағанды бір оқушы тақтада орындайды.
Қорытындылау: 9*4 өрнегін пайдаланып 4 өрнек жаздық.
Мұнараны орнату.
№6. Өзіндік жұмыс. Қай топ бірінші есептеді?
6 - 2=4 (см) 6: 2=3 (см) есе ұзын.

Қорытындылау
Бүгінгі сабақта не үйрендік? Не туралы білдік? Топтық жұмыстарға қандай баға бересіңдер?
Сендер тәуелсіз еліміздің тірегі білімді ұрпақ екендеріңді көрсеттіңдер. Енді тәуелсіздік тұғырының соңғы бөлігі құсты орнату. Міне балалар біз бүгінгі сабақта «Қазақ елі» монументімен таныстық.
Монументтің тұғыры төрт бөліктен тұрады:
1. Тұңғыш Президент
2. Қаһармандық
3. Жасампаздық
4. Болашақ.
Мұнараның биіктігі 91 метр. Бұл 1991 тәуелсіздік жылына байланысты. Басында көк аспанға қанат қаққан Самұрық құс Қазақстанның алаңсыз алға қарай дамуы мен гүлденуін бейнелейді. Самұрық құстың биіктігі 3. 3 метр, төменгі жағында ою – өрнекпен салынған 4 қалқан қорғанышымыздың қуатын айқындайды.
4 151
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қайталау. Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдері
Қайталау. Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдері
Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдерін пысықтау, білімдерін бекіту. Ауызша көбейту және бөлу дағдысын қалыптастыру, өз бетінше есептей білуге машықтандыру; Ұқыптылыққа, шапшаң есептей білуге тәрбиелеу;
Көбейту және бөлу
Көбейту және бөлу
16*5, 80: 5 түріндегі көбейту, бөлуді меңгереді.
2 – ге көбейту
2 – ге көбейту
Ақмола облысы, Степногорск қаласы, Изобильный ауылының ОМ бастауыш сынып мұғалімі Даирова Ғалия Жетпісқызы
Бірлесіп орындалатын жұмыстарға есептер шығарту
Бірлесіп орындалатын жұмыстарға есептер шығарту
Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызығушылығын ояту. Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, топта жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Екі таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу
Екі таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Тасшағыл ауылы бастауыш сынып мұғалімі Тоғай Алмагүл Молжігітқызы
4-ке көбейту және бөлу
4-ке көбейту және бөлу
Жанаөзен қаласы, №12 мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Нуржанова Гулжан
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×