Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Етістік

03 мам 2013, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Қазақ тілі.
Тақырыбы: Етістік.
Мақсаты: 1. Етістік сөз табы туралы толық теориялық білім беру.
Міндеттері: 1. Етістіктің негізгі лексикалық мағынасы мен қызметі туралы ұғымдарын кеңейту.
2. Сөйлемді жүйелі құруға, өздігінен қорытынды шығара білуге дағдыландыру, ойлау жүйесін дамыту.
3. Әдемі жазуға, мәнерлі сөйлеуге, тәрбиелеу. Ұлттық тәрбие берудің жолы - тыйым сөздерді білуді нығайту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдіс - тәсілдері: сын тұрғысынан ойлау, әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ - жауап, ауызша, жазбаша жазу жұмысы, Венн диаграммасы.
Көрнекілік: суреттер, сызбалар, текшелер, қима қағаздар.

Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық. Оқушыларды қазақ тілі сабағына даярлау. Өзін - өзі бағалау беттерін даярлау.
Үй тапсырмасын тексеру: а) 378 жаттығу,
ә ) Өтілген материалды пысықтау.
Топтастыру стратегиясы
Зат есім

Зат есімнің ережесін айту, мысал келтіру. Мыс: домбыра, гүл, т. б
Жаңа сабақ: Зат есімді еске түсіре отырып етістік сөз табына көшу.
Жұмбақ шешу: Сөйлемнің соңында тұрамын. Не істеді? Неғылды? сұрағым, Сөйлемде тұрлаулы мүше боп, Қимылды білдіріп шығамын.
Етістік.)
Ал, енді зат есімдерді қатыстырып сөйлем құрайық. Құраған сөйлемдеріміз заттың ісін - қимылын білдіретін болсын. Мысалдар келтіру. Мен домбыра тарттым.
Оқушылардың өздеріне ереже шығарту. Заттың ісін - қимылын білдіретін сөздерді етістік дейміз. Сұрақтары не істеді? неғылды? қайтты?
Сызбамен жұмыс.
Мағынаны тану кезеңі
Топтастыру стратегиясы

Көркем жазу: Жж – дауыссыз ұяң.
Жұма – қасиетті күн. Бұл күні үлкендер құраннан дұғалар оқиды.
Аузымен сурет салады,
Демімен ағаш жарады.
1. оқ - етістіктің астын сызады.
2. оқ - дараны күрделіге айналдырады.

Оқулықпен жұмыс: Сурет ілу,«Қысқы тамашы»
Болжау стратегиясын пайдалану. Проблемалық сұрақ.
- Келесі тапсырма не туралы екенін анықтау. Мәтінді 3бөлікке бөлу. Әр бөлік бойынша болжау сұрағын қою. 1 бөлімді оқу. Әрі қарай не болады деп ойлайсың? 2бөлімді оқу. Әрі қарай не болды? 3бөлімді оқу. Өздерің оқиғаны қалай аяқтар едіңдер.?

Сергіту сәті:
Поэзия минуты. Қыс мезгілі, ойындар туралы өлеңдер оқу. Қиялдарын дамыту.
Сөйлем мүшесіне талдау. Ауылдың шетінде сырғанақ жасалған. Балалар сырғанақ теуіп жүр.
Үлестірме қима қағазбен жұмыс:
№1. Жыр, би, ой, шеге, тұз, жыр - ла.
№2. Ақ, қара, жаңа, ірі, ұсақ, ақ - та
Негізгі – туынды
Шығармашылық тапсырма. Ауызша сөйлем құрау.
Тыйым сөздермен жұмыс:
Көргенді жас, пәк бала,
Дастарқаннан аттама!
Жоқ әдетті шығарма
Түнде көлден су алма!
Үнтаспадан тыйым сөздерді тыңдау, тәрбиелік мәнін ашу.
386 жаттығу оқулықтан.
Болымды, болымсыз етістіктерді табу.- ма,- ме,- ба,- бе,- па,- пе жұрнақтары арқылы сабақты қорыту, ережені қайталау.
Венн диаграммасымен салыстыру.

Бағалау: өзін - өзі бағалау қорытынды тыңдау.
Қорытынды: « Ой - қиял» дәптеріне әріп жасыру.
Үй тапсырмасы: 388 жаттығу. Етістікті табу.
7 055
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сабақты етістік пен салт етістік
Сабақты етістік пен салт етістік
Етістіктің сабақты және салт етістік түрлерін табыс септігімен байланыстыра отырып меңгерту Тақырып бойынша алған білімдерін ауызша, жазбаша тілде пайдалану дағдысын қалыптастыру.
Дара және күрделі етістік
Дара және күрделі етістік
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №3 мектеп - интернатының бастауыш сынып мұғалімі Искакова Гүлзада
381 - 384 жаттығу жұмыстары
381 - 384 жаттығу жұмыстары
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Жанкелдин орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Еңсегенова Бақтыгүл
Етістік
Етістік
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Панфилов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Намазбаева Айнаш Джексембековна
Етістік
Етістік
Қоңырбаева Нұрсұлу
Етістік
Етістік
Атырау қаласы, Ғ. Мүсірепов атындағы №5 орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі Макиева Марта Мизамқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×