Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Етістік

26 қаңтар 2013, Сенбі
Қазақ тілі.
Сабақтың тақырыбы: Етістік
Сабақтың мақсаты:
1, Білімділік мәні: Етістік сөз табы туралы толық теориялық білім беру, етістіктің негізгі лексикалық мағынасы мен қызметі туралы ұғымдарын кеңейту. Халықтық педагогикаға сүйеніп, ойын арқылы оқушылардың жаңа сабақтан алған білімдерін тиянақтай білу
2. Дамытушылығы: Сөйлемді жүйелі құруға, өздігінен қорытынды шығара білу арқылы логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік мәні: Ұлттық тәрбие берудің жолы - тиым сөздерді білуді нығайту. Әдемі жазуға, мәнерлі сөйлей білуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әдіс - тәсілдері: сын тұрғысынан ойлау, әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ - жауап, сахналау, талдау.
Көрнекі құралдар: Тақырыпқа байланысты кестелер, сызбалар, топтамалар,

Сабақтың барысы:
1. Психологиялық дайындық.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Сызықшаның қойылу себебі неде? Себебі бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен жасалса арасына сызықша қойылады.
2. Ғарышкер сөзін жіктеу.
3. Сахналық көрініс.
Балалар қазір мен мына қолымдағы үй жануарлардың атрибутын кез келген баланың басына кигіземін, сол балалар тақтаның алдына шығып көрініс көрсете қойсын.
- Балалар сиыр не істеді? Жылқы неғылды? Қой не істеді?
- Ешкі қайтті?
- Сонда көріп отырсыңдар? Не істеді? Неғылды? Қайтті? деген сұрақтарға жауап беретін сөздер заттың несін білдіреді.
- Заттың қимылын білдіреді екен.
- Заттың қимылын білдіретін сөздерді не дейміз? Етістік

4. Тақырып. Сонда бүгінгі өтетін тақырыптың аты – Етістік деп аталады. Күннің жадысымен тақырыпты жаза қойыңыздар. Етістікпен балалар сендер бұрыннан да таныссыңдар, 2-ші сыныптан бері. Олай болса есімізге түсірейікші. Етістіктің қандай түрлерімен танысып едік.
Топтастыру. Етістік.
Дара, күрделі, негізгі, туынды, болымды, болымсыз.
Дара етістік дегеніміз не?
Дара, күрделі, негізгі, туынды, болымды, болымсыз етістіктерді жазып алыңдар.

5. Дәптермен жұмыс.
380 - жаттығу. Ауызша жұмыс.
1. Мәтіннің тапсырмасын оқыту.
2. Етістіктерді тауып, сұрақ қою.
3. Ол сөйлемде қандай мүше болады?
4. Ал осы мәтінде қиын сөздер бар ма?
Местотамия – Кіші Азия және Қиыр Шығыс мемлекеттерінің елі. Шыбық себет – қолөнермен жасалған қаруша. Қыш кітап – балшық, жар құрамын суға езіп арнайы, қалыпқа салып, оларға деректер жазып, кептіріп, отқа қақтайды.

6. Жұмбақты жатқа жазу.
Төмендегі суреттің сол жағындағы дауыссыз дыбыс әріптерінің ортасына, не алдына, не соңына, оң жақ жағына дауысты дыбыс әріптерінің бірін қойып тапсырманы орындаңдар. Сонда бір жұмбақ шығады. Ол не деген жұмбақ? Шешуі не? Кім тауып береді?
ұ з м н с р т с л д
д м м н ғ ш ж р д
а ы е у е а а ы
е і е а а а а ы
Өзін - өзі тексеру.
Кітапты жауып қойып тапқан жұмбағымызды дәптерге жатқа жазамыз. Жазып болғаннан кейін жасыл пастамызбен тексереміз.
1. Етістіктің дара, күрделі екенін айту.
2. Дара етістікті күрделі етістікке айналдыру.
384 - жаттығу.

7. Тақтамен жұмыс.
1. Мәтіннің тапсырмасын оқу.
2. 1 - жолдағы сөздер қай сөз табына жатады? 2-дегі ше?
3. Тақтаға негізгі етістікті, туынды етістікті жаз.
Марат партаны шегеле.
Жанар сен үйді ақта.

8. Шығармашылық жұмыс.
Кітапта мақал жасырылған. Соны табу. Көбейту кестесін қолдана отырып, шеше аласыңдар.
Есепте жасырылған сөйлемді табу үшін алдымен жеке әріптерді тауып алып құрастыру керек. 10 санымен жасырылған әріпті табу үшін, оң қол жақ көбейткенде 12-ге тең болатын. Енді санды іздеу керек. Сол екі санның көлденеңімен түйіскен торкөздегі әріп іздеген әрпің болады.
Атаңның баласы болма,
Адамның баласы бол.
Мағынасын түсіндір.
«Қарлы кесек» ойыны
Сабағымызды әрі қарай жалғастыру үшін. Қарлы кесек ойынымен жалғастырамыз.
Қызыл, жасыл, сары, көк
1. 1 - топ Синтаксистік талдау сөйлем мүшесіне
Атаңның баласы болма,
Адамның баласы бол.
2. 2 - топ. Морфологиялық талдау. Сөз құрамына.
Атаңның баласы болма,
Адамның баласы бол.
3. 3 - топ Фонетикалық талдау.
Б - д/сыз, ұяң
А – д/ты, жуан
Л – д/сыз, үнді
А – д/ты, жуан
С - д/сыз, қатаң
Ы – д/ты, жуан

4. Бес жол өлең
1. Кім?
2. Қандай?
3. Не істеді?
4. Сөйлем.
5. Мағыналас сөздер.

3. Бөлім.
1. Етістік дегеніміз не?
2. Дара, күрделі етістік дегеніміз не?
3. Негізгі, туынды етістік
4. Болымды, болымсыз етістік дегеніміз не?
Қорыту.
Бағалау.
9 159
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Баяндауыш. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Баяндауыш. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен болғанда бастауыштан кейін сызықша қойылатынын салыстыру тәсілімен түсіндіру. Тапсырмаларды орындау барысында ойлау, талдау, салыстыру арқылы алған білімдерін пайдалана білуді дамыту.
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның жасалу жолдарын түсіндіремін; Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық, жылдамдық, есте сақтау қабілеттерін арттыру, сөйлеу тілін жетілдіріп, шешендік өнерге баулу
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Сабақтың тақырыбы: Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Етістіктің сөйлемдегі қызметі
Етістіктің сөйлемдегі қызметі
Қазақ тілі мұғалімі: Сымбат Таңсықханқызы
Етістік
Етістік
Ақтөбе қаласы,"Сымбат" жеке мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Насумова Замзагуль Сагинбаевна
Бастауыштан кейін қойылатын сызықша
Бастауыштан кейін қойылатын сызықша
Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Кайдакова Жанат Бекболатовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×