Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Адам болам десеңіз

05 маусым 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ана тілі 1сынып
Тақырыбы: Адам болам десеңіз.
Мақсаты: Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өмірінен дерек, шығармашылығына шолу жасау, өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу.
Дамытушылығы: оқушылардың ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту, шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік: адамгершілікке, тапқырлыққа, намысшыл болуға шақыру.
Типі: дәстүрлі
Әдісі: топтастыру, түсіндіру, сұрақ – жауаптар, талдау.
Пәнаралық байланыс: дүниетану. қазақ тілі, ана тілі т. б.
Сабақтың көрнекілі: Абайдың портреті, кітаптары.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі:
І. Үй тапсырмасын сұрау. Бала Шоқан мәтінінен түсінік айту.
Жаңа сабақ: Адам болам десеңіз.....(сурет тақтада ілініп тұрады)
Топтастыру әдісі арқылы Абай жайлы білетіндерін еске түсіріп, тақтаға жазу.
1) І топқа:
Абай

сазгер
ақын
аудармашы
дана

2) ІІ топқа:
Адам білімді қайдан алады?

кітаптан
мектептен
журналдан
көгілдір экраннан
кітапханадан
өмірден

3) ІІІ топқа:
Абай шығармашылығы

«Айттым сәлем, қалам қас»
«Қыс»
«Көзімнің қарасы»
«Күз»
«Сегіз аяқ»
«Бойы бұлғаң»

Жаңа сабақты түсіндіру:
2) Хронологиялық кесте арқылы Абайдың өмірі мен шығармашылық жолына тоқталу:

Өмірбаяны
Абай Құнанбайұлы 1845 жылы 10 тамызда Шығыс Қазақстандағы (бұрынғы Семей облысы) Шыңғыстауда дүниеге келген
Өскен ортасы
Абайдың әкесі тілге шешен, ақылға бай ел басқарған адам болыпты. Меккеге барып келіп, Қарқаралыға мешіт салдырған. Оған «Арғы атасы қажы еді» өлеңі дәлел. Абай өлеңді бала кезінен сүйді. Оның өлеңге, өнерге, болашаққа құштарлығын оятқан әкесі. Барлас ақынның бата беруі: Шырағым ер жетерсің,
Ер жетсең, сірә не етерсің!?
Алысқа самғап кетерсің.

Өсу жолдары
Әкесі Абайды Семейдегі «Ахмет Риза» медресесіне оқуға береді. Оқу дегенде Абай небары үш жыл мұсылманша, үш ай орысша оқыды. Араб, парсы тілдерін жақсы меңгеріп, шығыс классиктері: Сағди, Науаи,
Низами, Жәми шығармаларымен танысты. Ел басқару ісіне араласып, ақ пен қараны білді. халықтың сөзіне араласты.

Шығармашылығы
Зеректігінің арқасында орыс тілін меңгеріп, ол А. С. Пушкин, М. Ю. Лермонтов, И. А. Крылов шығармаларын қазақ тіліне аударды. Еуропа ғалымдары Луистің Днепердің еңбектерін, соның ішінде «Позитивная философия», «История умственного развития Европы», деген кітаптарын оқып, зерделеген, 45 қара сөз 3 поэмасы бар. Әр түрлі тақырыптарға өлең шығарған. Қазақ поэзиясың түр жағынан да мазмұн жағынан да байытқан.
3 ) Адам болам десеңіз
А ) өлеңді 3 - 5 оқушыға мәнерлеп оқыту.
Ә) Өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу.
Б) Сөздікпен жұмыс.
Қанағат - қанағатшылдық, өлшеммен білу, жеткіліктілік
Рахым - қайырымдылық, мейірімділік, шапағат
Тілеуің - үмітің

Топпен жұмыс: І топ. Адам болуға кері әсер ететін қандай қылықтар екен?
Ол қылықтарды ақын неліктен дұшпан деп есептейді?
ІІ топ. Адам болу үшін қандай қасиеттерді бойға сіңіру керек екен? Оларды ақын қалай бағалайды?
ІІІ топ. Ақын тағы қандай болуды өсиет етеді?
«Дүние де өзі, мал да өзі» деген не?

Х. Қорытындылау: Абай атаның осы өлеңде айтайын деген негізгі ойы не?
Венн диаграмма:
Талап ------------- Өсек
Еңбек ------------- Өтірік
Терең ой --------- Мақтаншақ
Қанағат ----------- Еріншек
Рақым ------------- Мал шашпақ
17 737
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Абай "Адам болам десеңіз"
Абай "Адам болам десеңіз"
Абайдың шығармашылығымен, өмірбаянымен таныстыру; оқушыны көркем шығарманың мазмұнын түсінуге жетелеу, Түсініп оқу, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру;
Адам болам десеңіз
Адам болам десеңіз
Абай кім? Абайдың өмір жолынан қысқаша мағлұмат беру. «Адам болам десеңіз» өлеңінің мазмұны мен идеясын ашу.
«Күз» Абай Құнанбаевтың өлеңі
«Күз» Абай Құнанбаевтың өлеңі
Абай Құнанбаевтың «Күз» өлеңінің мазмұнымен танысу. Табиғатқа деген сыйластығы, оларға қамқорлықпен қарауға үйренеді.
Оқышы дана Абайды. С. Тойлыбаев
Оқышы дана Абайды. С. Тойлыбаев
азақтың ұлы ақыны, композитор, философ, ағартушы, қазақтың реалистік жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы – Абай Құнанбаев, оның өмірі, шығармашылығы, атап айтқанда өлеңдеріне, поэмаларына, қара сөздеріне, оның көркем жазбаларына талдау жасай
Адам болам десеңіз
Адам болам десеңіз
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Cаулебаева Ләззат
Абай Құнанбаев "Адам болам десеңіз"
Абай Құнанбаев "Адам болам десеңіз"
Жаман қасиеттер өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, мал шашпақ екенін ұғындыру. Бірлесіп жұмыс жасай отырып, оқушының өз пікірін білдіруге, өзгенің ойын тыңдауға ойын дәлелдеуге баулу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×