Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Адам болам десеңіз

25 ақпан 2019, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Адам болам десеңіз
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Абай кім? Абайдың өмір жолынан қысқаша мағлұмат беру. «Адам болам десеңіз» өлеңінің мазмұны мен идеясын ашу.
Дамытушылық: Оқушының ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту. Шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету. Сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік: Адамгершілік пен азаматтыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: білімді кеңейту.
Сабақтың әдістері: баяндау, тіл дамыту, сұрақ - жауап, көрініс, қайталау.
Сабақтың көрнекілігі: Абай суреті, еңбектері, сөзтізбек, тірек сызба, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, қазақ тілі, өзін - өзі тану, музыка.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
Шаттық шеңбері
Балалар шеңбер құрып, қол ұстасып тұрайық. Бүгінгі сабағымызды жақсы көңіл күймен өткізу үшін бір - бірімізге жылы сөздер айтайықшы?
- Сәлеметсіздер ме, балалар? Көңіл күйлерің жақсы ма? Мен сендерді көргеніме
қуаныштымын. Бүгін бәрің әдемі болып кетіпсіңдер. Мынау менің қолымдағы сақа жай ғана сақа емес, естеріңде болса, бұл сақаны өзін - өзі тану пәнінде Данышпан ата сендердің білімдеріңе риза болғандықтан сыйға тартқан «сиқырлы сақа». Әрбірің осы «сиқырлы сақаны» ұстап, өз достарыңа, құрбыларыңа, сыныптастарыңа адал ниеттеріңмен жақсы тілек айтсаңдар? Сол тілектерің орындалады. Мысалы:
- Мен саған өмірдегі барлық жақсылықтарды тілеймін.
- Мен сенің оқуда озат болуыңды тілеймін.
- Мен сенің достарың көп болуын тілеймін.
- Сенің достарыңның саған адал болуын тілеймін және т. б.

ІІ. Негізгі бөлім.
Абайдың «Қыс» туралы бір шумақ өлеңін оқып оқушыларға сұрақ қоямын.
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.
Үсті - басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.

Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып мазаңды алды.
Борандай бұрқ - сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.

Әуес көріп жүгірген жас балалар,
Беті - қолы домбығып үсік шалды.
Шидем мен тон қабаттап киген малшы,
Бет қарауға шыдамай, теріс айналды.
- Авторы кім?
- Абай Құнанбаев.
- Балалар, олай болса Абай туралы не білеміз? Өз білген – жиған білімдерімізді
ортаға салайықшы? (Оқушының ойы).
Назгүл: (Құнанбаев) Абай (Ибрагим) атамыз 1845 жылы 10 тамызда Семей облысы, Шыңғыстау ауданында туған. Абайдың ынта - талабын сезген әкесі Құнанбай оны 9 жасынан бастап Семей медресесіне оқуға береді. Медреседе Абай өз бетінше орыс тілін оқып үйрене бастайды. Бірақ ел билеу кезінде өзіне қолқанат – серік ету мақсатын көздеген Құнанбай оның ұзақ оқуына мүмкіндік бермей, 13 жасында оқудан шығарып әкетеді. Өзінің көптеген тұстастарының айтуына қарағанда, Абай 13 жасынан өлең шығарған.
Жансая: (Сазгер) Абай қазақтың таза ұлт тілінде өлең жазумен ғана қанаттанып қойған жоқ. Ағартушы - ақын, жаңашыл композитор - бір басына осындай сирек дарын қонған.
Еркін: (Данышпан) «Оқу инемен құдық қазғандай» - дейді халық. Данышпан ақын ғылымды үйреніп, білімді болу үшін, жалықпай жалын лаулатып, ерінбей еңбек ету қажет дейді.
Гүлзада: (Ибрагим) Абайдың азан шақырып қойған есімі Ибрагим. Абай оның әжесінің еркелетіп қойған аты.
Тілеген: (Ұлы ақын) Қазақтың ұлы ақыны.
Жансая: (Зере, Ұлжан) Абайдың анасы Ұлжан, әжесі Зере. Абай Әжесі Зеренің әңгіме, ертегілерін көптеп тыңдап өскен.
Гүлзада: (Аудармашы) Абай өз шығармаларында орыс ақыны Крыловтың көптеген мысал өлеңдерін қазақ тіліне аударып, адамдарды жат нәрселерден бойды аулақ ұстауға шақырады.
Талғат: (Ойшыл) «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы», - деп ақын ұғымтал ұрпағын ақықты өлеңді жаттап өсуге үндейді. Өлең мен өрнекті, өсиетті сөздерді есте сақтап, ойда қалдыру үшін, біріншіден – сөзді ықылас қойып тыңдау керек, екіншіден – естіген сөзді бірнеше рет қайталап, есте қалдыру керек, үшіншіден – ой кеселдерінен сақ болу керек, - дейді ақын атамыз.
Абай

Құнанбаев
Зере
Сазгер
Ұлжан
Данышпан
Аудармашы
Ибрагим
Ұлы ақын
Ойшыл

Мұғалім:
Қазақтың ұлы ақыны, данышпан ойшылы Абай Құнанбаев 1845 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында дүниеге келген. Халқымыз «Ата көрген оқ жонар, Ана көрген тон пішер» дегендей, Абайдың әкесі Құнанбай, анасы Ұлжан – ақыл мен парасаттың иесі болған адамдар. Абай жас кезінде – ақ зерек бала атанған. Абайдың жазған өлеңдері жастарды ғылым - білімді сүюге шақырды. «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе» демекші, Абайды біз өзімізге алғаш әріп үйреткен әліппе оқулығынан танып, білеміз.
- Абайдың бізге айтқан қандай бес асыл ісі бар?
- Ал қандай бес дұшпанды айтып кетті?

№ 9 жалпы білім беретін орта мектеп
Өткізген: бастауыш сынып мұғалімі:
Атағараева Жеміс Ізтұрғанқызы
Адам болам десеңіз жүктеу
1 924
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Абай "Адам болам десеңіз"
Абай "Адам болам десеңіз"
Абайдың шығармашылығымен, өмірбаянымен таныстыру; оқушыны көркем шығарманың мазмұнын түсінуге жетелеу, Түсініп оқу, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру;
Адам болам десеңіз
Адам болам десеңіз
Адам бойындағы жақсы-жаман қасиеттерді бір-бірінен ажырату, жақсыдан үйрену, жаманнан жиренуге баулу
Адам болам десеңіз
Адам болам десеңіз
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, № 12 мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Сарбаева Хиуа Мақсымқызы
Адам болам десеңіз
Адам болам десеңіз
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Абай ауылы Абай атындағы № 90орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жақсылық Айгул Шындалықызы
Адам болам десеңіз
Адам болам десеңіз
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Cаулебаева Ләззат
Абай Құнанбаев "Адам болам десеңіз"
Абай Құнанбаев "Адам болам десеңіз"
Жаман қасиеттер өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, мал шашпақ екенін ұғындыру. Бірлесіп жұмыс жасай отырып, оқушының өз пікірін білдіруге, өзгенің ойын тыңдауға ойын дәлелдеуге баулу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×