Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өсімдік мүшелері және оның қызметі. Тамыр

08 тамыз 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Дүниетану. 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Өсімдік мүшелері және оның қызметі. Тамыр.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: өсімдік мүшелері және оның атқаратын қызметі, тамыр туралы түсінік қалыптастыру; өсімдіктің қоршаған ортаға пайдасы, адам өміріне маңызы және экологиялық тәрбие негіздерін қалыптастыру.
Дамытушылығы: оқушылардың ақыл – ойын, есте сақтау, ойлау, тіл байлықтарын, танымдық белсенділіктерін дамыту.
Тәрбиелігі: оқушыларды ұйымшылдыққа, тазалыққа, еңбекқорлыққа, табиғатты сүюге, аялауға тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақты меңгерту.
Әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, талдау, топтастыру, топтық жұмыс, 5 жол өлең әдісі, семантикалық карта.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, бейнелеу.
Көрнекілігі: суреттер, сызбалар.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
а). сабаққа дайындық.
ә). Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2. Психологиялық дайындық.

3. Өткен тақырыпты еске түсіру. (сұрақ – жауап арқылы).
- Табиғат дегеніміз не?
- Табиғат нешеге бөлінеді?
- Тірі табиғатқа жататындарды ата.
- Өлі табиғатқа жататындарды ата.
4. Үй тапсырмасын тізбектей сұрау.

(үй тапсырмасын сұрақ – жауап арқылы қорытындылау).
5. Жаңа сабақты меңгерту.
Өсімдік мүшелері және оның атқаратын қызметі жайлы түсінік беру. Тамыр – оның түрлері жайлы сурет арқылы түсіндіру. Сонымен бірге өсімдіктің тірі – ағза екенін айта отырып, еліміздің, қаламыздың көркеюіне, ауаның таза болуына Елбасымыз ерекше көңіл бөліп отырғанын айту. Қазіргі табиғаттың, экологияның нашарлап, орман алқаптарында өсімдіктердің азаюына байланысты мемлекеттік “Жасыл ел ” бағдарламасының орны ерекше. Елбасымыздың бағдарламасы бойынша қаланы көркейту, жыл сайын ағаштар отырғызу жұмыстары алға қойған мақсаттардың бірі болып отыр.

6. Топтастыру. (өсімдік мүшелерін суреттер арқылы топтау).
Өсімдік мүшелері

Сабақ
Жапырақ
Гүл
Жеміс
Тұқым
Тамыр

Тамыр - өсімдіктің негізгі және жер астындағы мүшесі. Ол өсімдікті топырақта бекітіп ұстайды және топырақтағы ылғалды бойына сіңіреді. Тамыр арқылы өсімдік қорек алады.

7. Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді тізбектей оқушыларға оқыту.

8. Дәптермен жұмыс.
Тамыр түрлері

Тік тамыр
Ұзын тамыр
Шашақ тамыр

9. Сергіту сәті:
Жел тұрды,
Жапырақтар тербелді.
Жаңбыр сіркіреді,
Жаңбыр құйып кетті.
Жаңбыр басылды,
Күн ашылды.

10. Топтық жұмыс.
1 – қатар - Өсімдіктің табиғатқа, адам өміріне пайдасы.
2 – қатар - Өсімдік туралы әңгіме жазу.
3 – қатар - Өсімдіктің суретін салу.

11. Семантикалық карта.
Атаулар ------------ Өлі табиғат ---- Тірі табиғат
Аспан
Адам
Жер
Арыстан
Гүл
Жануар
Ай
Өсімдік
Дәрігер
Көл

12. “ Бес жол өлең ” құрастыру.
1. Не? Гүл.
2. Қандай? Әдемі, хош иісті.
3. Не істейді? Өседі, гүлдейді, қурайды.
4. Сөйлем. Гүл адамға қуаныш сыйлайды.
5. Мәндес сөз. Өсімдік.

13. Сабақты қорытындылау.
Өсімдіктердің мүшелері және оның атқаратын қызметі жайлы, тамырдың түрлерімен таныстық.
Табиғатсыз адамдардың күні жоқ,
Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ, - деп ақын ағаларымыз жырлағандай,
табиғатты, өсімдіктер мен жан – жануарларды қорғап, аялайық.

14. Бағалау.
15. Үйге тапсырма: мәтінді оқу, табиғаттың суретін салу.
49 367
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Өсімдік мүшелері және оның қызметі. Тамыр
Өсімдік мүшелері және оның қызметі. Тамыр
Өсімдіктің жер астындағы мүшесі – тамырдың қызметімен, оның түрлерімен таныстыру, өсімдіктің топырақтағы бөлігі, оның қызметі туралы түсініктерін қалыптастыру; Табиғаттағы барлық жануарлар мен өсімдіктерге орынсыз зиян келтірмеуге тәрбиелеу.
Өсімдіктің өсімді (вегетативті) мүшелері. Тамыр және тамыр жүйесі
Өсімдіктің өсімді (вегетативті) мүшелері. Тамыр және тамыр жүйесі
өсімдіктің өсімді мүшелеріне жалпылама сипатама беріп, соның бірі – тамырдың түрлерін, өзара ерекшеліктерін атап көрсету
Табиғат құбылыстары
Табиғат құбылыстары
Табиғат, қоршаған дүние, табиғат құбылыстары, адам қолымен жасалатын заттар туралы түсінік беру Әсемдікке баули отырып, экологиялық тәрбие беру
Күзде жапырақтар неге сарғаяды және түседі?
Күзде жапырақтар неге сарғаяды және түседі?
Өсімдік мүшелерінің атқаратын қызметі жайлы түсінігін қалыптастыра отырып, пәнге қызығушылығын арттыру.
Тамыр түрлері және тамыр жүйелері
Тамыр түрлері және тамыр жүйелері
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №266 мектеп-лицей биология пәні мұғалімі Ғалымжан Арықбаев
Тамыр түрлері және тамыр жүйелері.
Тамыр түрлері және тамыр жүйелері.
Тамырдың өсімдік тіршілігіндегі, табиғаттағы маңызын тамыр күтімін зерттеп талдау арқылы оқушыларды іздемпаздыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×